1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек


 Экстрапирамидалық өткізгіш жолдар. Рубро-спиналді жолы және текто-спиналді



Pdf көрінісі
бет82/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   119
Байланысты:
1. Ж рек, дамуы, топографиясы, шекаралары, ж рек а па тарыны а

 99. Экстрапирамидалық өткізгіш жолдар. Рубро-спиналді жолы және текто-спиналді 
жолы
Экстрапирамидалық жүйе - филогенездік жағынан көнелеу, қыртысастылық ядролардан 
тұрады. Ол адамда бағыныңқы қызмет атқарды, жоғары шартсыз рефлекстерді іске 
асырып, бұлшықет тонусын қамтамасыз етеді, әрі оның жұмысын автоматты түрде реттеп 
отырады (қаңқа бұлшықеттерін еріксіз автоматты нервтендіру). Бұлшықеттердің 
жұмысын бұлайша автоматты реттеу экстрапирамидалық жүйенің барлық құрам 
бөліктерінің өзара және қызыл ядродан шығып, жұлын сұр затының алдығңы мүйіздеріне 
баратын төмен түсетін қозғалыс жолы шығатып tructus rubrospinalis арқылы іске 
асырылады. Бұл жол қызыл ядро жасушаларында басталып, ортаңғы жазықтық арқылы 
өтіп, вентралды айқаспа - decussatio ventralis legmenti түзіп, ми сабауы арқылы жұлынның 
бүйір жіпшелеріне түсіп, содан кейін сұр заттың алдыңғы мүйіздерінің жүйе оның ең 
басты бөлігін құрайтын қызыл ядро аркылы жұлынға әсер етеді.
Экстрапирамидалық жүйенің жұмысына төмен түсетін мишық жолдарының, сондай -ақ 
торлы - жұлын жолының қатысы бар, қазіргі кезде соңғы жолға жұлынның қозғалыстық 
белсенділігін реттеуде үлкен маңыз беріледі. 
Қызыл ядролы-спиналды жол, tractus rubrospinalis, қызыл ядрода, nucleus ruber, басталады 
да, жүлынға бағыт алады. Қызыл ядро жасушаларынан шығатын төмендеген талшықтар 
ортаңғы мида осындай аттағы карама-қарсы жақ талшықтарымен қиылысады, сосын 
төмен бағыттала отырып, ми аяқшасынан, көпірден, сопақша мидан өтеді.
Жұлында, tractus rubrospinalis, жүлынның ақ заттегі бүйірлік жіпшелерінен өтеді, ал tractus 
corticospinalis lateralis вентралді өтеді, сосын барып жұлынның сүр заттегі бағандарының 
алдыңғы вентралді жасушаларымен байланысқа түседі. Қызыл ядролы-спиналды жол 
экстрапирамидалық жүйе мен мишықтың жүлынмен болатын байланыстарын жүзеге 
асырады.
Жамылғылық-спиналды жол, tractus tectospinalis, төрт төбешік ядролары жасушаларының 
төмен бағытталған талшықтарынан құралады. Бұл талшықтар ортаңғы мида қарама-карсы 
жақ талшықтарымен қиылысқан жерлер түзеді де төмен бағыттала отырып, оның ак 
заттегі алдыңғы жіпшелерінің құрамында жұлынмен өтеді, сөйтіп жүлынның сұр заттегі 
алдыңғы бағаны жасушаларымен байланысқа түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет