Тері бірқатар қызметтер атқарады: қорғаныш, жылу реттелуі мен зат алмасуына қатысады,
бөлу ағзасы, тыныс алу ағзасы болып табылады, ауқымды беткейлік рецепцияларды
атқарады.
Тері үш қабаттан тұрады:
1) Теріүсті қабатынан, эпидермистен, epidermis,
2) Дермадан, corium, (s. derma);
3) Теріасты шелінен, теріасты қабаты, stratum subcutaneum (s. tela subcutanea).
Эпидермис, epidermis, сыртқы өскіндік жапырақ туындысы, ол терінің ең сыртқы
қабатын түзеді. Оның қалыңдығы 0,07-ден 0,4 мм дейінгі аралықта ауытқиды, ең қалың
тұсы табан маңында.
Эпидермис көп қабатты эпителийден тұрады, ол сыртқы қабаттарында үнемі түлеу
байқалып отыруымен сипатталынады. Эпидермистің ең терең қабаты 5-15 қатар
жасушалардан құралады да, өсу немесе өскіндік кабат аталады, stratum gerniinativum. Осы
қабаттың дермаға бірден жанасатын бірқатар жасушалары призма тәріздес пішінде болып,
базалді кабат түрінде ерекшеленеді, stratum basale; бұнда жасушалардың бөлінуі есебінен
эпидермистің жаңа қабаттары пайда болып жатады да, бірте-бірте ең сыртқы мүйізденетін
эпидермис кабатын алмастырып отырады.
Өскіндену қабатында пигмент болады, оның мөлшері терінің алуан түстенуін тудырады.
Өскіндік қабат үстінде бүршікті қабат, stratum spinosum, орналасады, одан соң дәндесін
қабат келеді, stratum granulosum, ол бірнеше жасушалар қатарынан кұралады, бұлардың
протоплазмаларында кератогиалин болады.
Дәндесін қабаттан жоғары ерекше жылтыр заттегі элендинге толы 3-4 қатар
жасушалардан кұралған шыны тәріздес қабат, stratum lucidum, орнығады.
Эпидермистің ең беткі қабаты - мүйізді қабат, stratum corneum, жалпақ мүйізденген
жасушалардан тұрады. Мүйізденген жасушалар қабыршақтарға айналады, қабыршақтар
эпидермис беткейінде түлейді де, эпидермистің терең орныққан қабаттарынан шығып
тұратын жаңа жасушалармен алмасады.
Эпидермис пен дерма арасында негізгі мембрана, membrana basalis, орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: