1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек



Pdf көрінісі
бет50/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   119
Байланысты:
1. Ж рек, дамуы, топографиясы, шекаралары, ж рек а па тарыны а

Сыртқы кұлақaurus externa .Оған кұлақ қалканы auricula, сырткы есту өтісі meatus 
acusticus externus, дабылдық жарғақ membrana tympani жатады. 
Құлак қалқаны, auricula. Құлақ калқанының шеміршегін cartilago auriculae деп 
атаймыз. Алайда құлақ қалқанының төменгі ұшында шеміршек болмайды, ол жерде 
жақсы дамыған майлы клетчатка кабаты болады. Осы құлақ қалқанының сыртқы 
пішіні құлақ шеміршегіне байланысты болады. Құлақ қалқанының бос қайырылған 
жиегі құлақ шиыршығы helix деп аталады.Оған параллель тағы да шиыршық 
орналасады,ол anthelix деп аталады. Сонымен қатар құлақ бүртігі tragus және соның 
артында құлаққа қарсы тағы да бүртік жатады,ол antitragus деп аталады.Құлақ 
қалқанының төменгі бөлігі құлақ сырғалығымен аяқталады. 
Мeatus acusticus externus бұл сыртқы есту өтісі.Сыртқы есту өтісінің 
қабырғаларының жартысы шеміршектен, ал қалғаны сүйектен тұрады. Шеміршекті 
бөлігін pars cartilaginea meatus acusticus externi шеміршек пен дәнекер тіннен құрайды. 
Ал сүйекті бөлігін самай сүйегінің сүйек кабырғалары pars ossea meatus acusticus 
externi құрайды. 
Membrane tympani бұл бізде дабыл жарғағы болып табылады.Оның орналасуы 
сыртқы және ортаңғы құлақ шекарасында.Ересек адамда пішіні негізінен сопақтау 


келген. Сырттан келген дыбыс осы дабыл жарғағын тітіркендіреді. Ал мембранасы 
дыбыс өткеннен дірілдейді. Ол алға әрі төмен еңкеген түрде және дәнекертіннен 
түзілген. Сыртқы есту өтісі жерінен терімен, ал ортаңғы құлақ жағынан шырышты 
кабатпен жабылған.Шеттерінде дабыл жарғағы калыңдай келе дабыл жарғағының 
ұштарын түзеді limbus membrana tympani деп аталады. Ол дабылдық жүлгеде яғни 
sulcus tympanicus бекітіледі.Дабыл жарғағының тартылыңқы жерін pars tensa деп 
атаймыз. Ал оның жоғарғы жағында кішкене ғана дабылдык тілік incisura tympanica 
жанында тартылмаған әлсіз бөлік pars flaccida орналасқан.Дабыл жарғағының кіндігі 
umbo membranae tympani деп дабыл жарғағының сырткы бетінің ортаңғы бөлігінднгі 
балғашық тұтқасының отрасын айтамыз. Сонымен қоса осы сыртқы бетінде балғашық 
жолағы бар оны stria malleoalaris деп атаймыз. 
72.Ортаңғы құлақтың анатомиясы, дабыл қуысының қабырғалары,қатынасы 
Ортаңғы құлақ дабыл жарғағынан кейін басталады. Ол лат.aurus media деп атаймыз және 
ол дабыл куысынан eavum tympani және есту түтігінен tuba auditiva, есту 
сүйекшелерінен ossieula auditus тұрады. Осының ішіндегі есту сүйекшелері өзінің 
балғашық, төс сүйекшесі, үзенгі атты үш кішкентай сүйектерден тұрады.
Дабыл куысы cavum tympani саңылау тәріздес куыс және шырышты кабатпен 
көмкерілген.Дабыл жарғағының ішкі бетінен дабыл куысының жарғақты кабырғасы paries 
membranaceus түзіледі. Ішкі қабырға кіреберісінің сыртқы кабырғасы болыпдабыл 
қуысының лабиринтті қабырғасыparies labyrinthicus саналады. Ең жоғаргы бөлімде бұл 
қабырға жартылай дөңгелек өзектің латералді төмпешігі орнығады латынша prominentia 
canalis semicircularis lateralis. Ал одан төменірек бет нервітеріprominentia canalis 
facialisалдынан,артына және төмен өтетін өзегінің төмпешігі орналасқан. Кіреберіс 
терезесінің алдында, ішкі қабырғада ұлу тәріздес өсінді, processus cochleariformis бар. 
Одан төменрек домалақ пішінді мүйіс promontorium төмпешікте орналасқан.Жамылғылық 
кабырға paries tegmentalis самай сүйегінің тиісті бөлігінің сүйекті заттегімен жамылады. 
Сонымен қоса дабыл куысы төбесі tegmen.tympani депте аталады. Осы қуыстың түбі тегіс 
болмайды және онда ауаға толы дабылұяшыктары cellulae tympanicaeболады. Осы 
қабырғаның сүйекті заттегі мойындырық шұңкыры, fossa jugularis, түзілуіне катысады да, 
дабыл куысынын мойындырык кабыргасы аталады, paries jugularis. Есту түтігінен tuba 
auditiva деп атаймыз. Есту түтігі, tuba auditiva бұл жұтқыншақ қуысын ортаңғы құлақ 
қуысымен жалғайды. Жұтқыншақ тесіктерімен ostiur.i pharyngeum tubae auditivae, 
басталады және дабыл куысының алдыңғы кабырғасы жанынан ашылады. Біз түтіктің екі 
бөлігін айырамыз. Олар үлкен және кіші бөлік. Үлкен бөлікті есту түтігінің шеміршекті 
бөлігі pars cartjlagineci tubae auditivaeдеп атаймыз. Осы шеміршек есту түтігі қабырғасын 
құрайтын екі табақшаны айтамыз. Олар медиалді және латералді шеміршек 
табақшаларыlamina cartilaginis medialiset lateralis.Ал кіші бөлігін есту түтігінің сүйекті 
бөлігі pars ossea tubae auditivae. Оның үшқырлыпішіндегі куысты болады.Самай сүйегі 
пирамидасының сүйекті заттегінен түзіледі, ол есту түтігінің жартылайөзегін, semicanalis 
tubae auditivae, шектеп қоршай орналасады және сүйекті заттегінде ауаға толы ұяшықтар, 
cellulaepneumaticae, болады. Ішкі беті шырышты қабатты tunica mucosa. Есту сүйекшелері 
ossicula auditus , ол балғашықmalleus, төс сүйекшесіincus, үзенгі атты үш кішкентай 


сүйектерден тұрады.Балғашык malleus деп аталады. Ол дабыл куысының сыртқы 
кабырғасында жатады және дабыл жарғағымен жабысады. Балғашықтың басcaput mallei, 
мойныcollum mallei, тұтқасы manubrium malleiжәне екі өсіндісі болады. Олар алдыңғы 
өсінді processus anterior және латералді өсінді processus lateralis.Төстік incus оның да 
денесін, corpus incudis, жэне екі өсіндісін кысқа және ұзын аяқша crus breve etlongumдеп 
атайды. Ал үзеңгіstapes басын caput stapedis, негізі basisstapedis, алдыңғы және артқы
аяқшалары crus anteriusetposterius. 
73.Ішкі құлақ, бөлімдері, құрылысы, қызметі. 
Ішкі құлақтың ішінде өзінің ұлудан тұрады. Бұл ұлу бізде маңызды функцияналды 
анатомиялық құрылым болып есептелінеді.Ішкі кұлақ amis interna, самай сүйегі 
пирамидасы бойында жатады.Онда екі бөлікті қарастырамыз. Олар сүйек лабиринт 
labyrintum osseus оның іші сұйықтйққа толы, және жарғақты лабиринт labyrintum 
membranaceus ал оның ішіэндолимфаға толы. Сүйек лабиринтке тоқталсақ ол үш бөлікке 
бөлінеді. Олар кіреберіс vestibulum, сүйекті жартылай дөңгелек өзектер canales 
semicirulares ossei және ұлуға ұқсаған ұлу тәрізді сүйекcochlea.Vestibulum яғни кіреберіс 
пішіні сопақша келген қуыс, дабыл куысы мен ішкі есту өтісі арасында орналасқан. Ішкі 
кұлак жағынан кіреберіс терезесі fenesetra vestibuli бар. Ол терезе ортаңғы құлақ жағынан 
үзеңгі негізімен жартылай жабылған. Кіреберістің ішкі қабырғасы ішкі есту өтісінің түбін 
кұрайды. Онда екі шұңқыр болады, олар сфералық және эллипсті қалталар recessus 
sphericus et ellipticus. Сонымен қатар қалталар арасын тігінен өтетін кіреберіс айдаршығы 
яғни crista vestibuli бөледі. Ол айдаршық үстінде пирамидаға ұқсас аяқталады оны pyramis 
vestibuli деп атайды. Пирамида беті кішкентай тесіктермен тесілген және оларды торлы 
дақ maculae cribriformes деп атаймыз. Бұл дақ кіреберісті ішкі есту өтісімен жалғайды. 
Сүйекті жартылай дөңгелек өзектер canales semicirulares ossei сүйек лабиринтінің артқы-
сыртқы бөлімі.Доғатэрізді қайырылған түтіктер пішінінде болады. Әр жартылай дөңгелек 
өзектің екі сүйекті аяқшалары crura ossea болады және олар өзара өзектің доғатәрізді 
иілген бөлігімен жалғанады. Сонымен қоса әр өзектің бір аякшасы кеңейген боп келеді 
және оны ампулалық crus ampullare деп атаймыз. Ал екіншісі керсінше кеңеймеген оны 
crus osseum simplex деп атаймыз. Өзектерүшперпендикулярлы кеңістікте жатады.Оларды 
айта кетсек латералді canalis semicirularis lateralis, сагиталді canalis semicirularis anterior, 
фронталдіcanalis semicirularis posterior.Ұлу тәрізді сүйек cochlea кіреберістің алдыңғы-
төменгі бөлігінде бастау алады. Осы жерден ұлу сүйегінің өзегі басталады да, ирелеңдеп 
бұрылыс жасап иірім кұрайды. Осыған байланысты оны ұлу сүйегінің спиралді өзегі яғни 
canalis spiralis cochlea деп атаймыз. Иірімдердің алғашқысын негізіbasis cochlea, одан 
кейінгісі ортаңғы және соңғысы күмбездік cupula cochlea иірім деп атаймыз.Спиралді өзег 
тұйық түрде пирамида үстіне таман аяқталады. Өзек бойының өлшемі барлык жерінде 
бірдей емес,күмбезге дейін кең одан соң жаймен тарыла бастайды. Спиралді өзектін бар 
бойына спиралді сүйек тақташасы lamina spiralis ossea енеді.Ұлу өзегіmodiolus деп 
аталады, ол ұлу сүйегінің ортасы. 


74.Дәм сезу және иіс сезу ағзалары. 
Дәм сезу агзасының organum gustus ( " химиялық " сезімнің ) маңызы тамақтың сапасын 
айыруда . Ең алдымен дәм бүршіктері тері сезімі ағзаларынан бөлініп шықты . Содан 
кейін олар ауыз және мұрын қуыстарында ( қосмекенділер ) шоғырланып , ақырында ауыз 
қуысында жиналады ( жорғалаушылар мен сүтқоректілер ) .
Адамда бүршіктердің көбi papillae vallatae et fоlіаtас - де , аздау мөлшерде papillae 
fungiformis - те , акырында бір бөлігі жұмсақ таңдайда , бебешіктің артқы және 
ожаутәрізді шеміршектердің ішкі бетінде орналасады . Бүршіктерде дәм сезу 
анализаторының рецепторын күрайтын дәм сезу жасушалары болады . Оның кондукторы 
үш буыннан түратын , дәм сезу рецепторларының шығатын өткізгіш жолдар болып 
табылады . 
Бірінші пейрон тілдің афферентті нервтерінің түйіндерінде жайға сады . Адамда 
дәм сезімін өткізетін нервтер : 
1 ) бет нервінің дабыл ішегі ( тілдің алдыңғы үштен екісі ) ; 
2 ) тіл - жұтқыншақ нерві ( тілдің артқы үштен бірі , жұмсақ таңдай мен тандай 
доғашықтары ) және
3 ) кезбе нерв ( бөбешік ) .
Бірінші нейропын орналасуы :
1. 
Ganglion geniculi . Бұл түйін жасушаларының шеткі өсінділері chordа tympati 
құрамында тілдің шырышты қабықшасының алдыңғы үштен скісіндегі дәм сезу 
рецепторларынан шығады . Орталық өсінділер intermedius - тің кұрамында көпірге барады 

2. 
IX жұптын төменгі түйіні . Бүл түйін жасушаларының шеткі өсінділері – n. 
glossopharyngeus - тің құрамында тілдің арткы үштен бірі шырышты қабықшасындағы дәм 
сезу рецепторларынан шығады . Орта лык өсінділер сол нерв курамында сопақша миға 
барады . 
3. 
Ganglion inferius n. vagi . Бұл түйін жасушаларының шеткі өсінділері n. laryngcus 
superior құрамында бөбешік аймағында орналасқан дәм сезу рецепторларынан шығады . 
Орталық өсінділер n. vagi құрамында сопақша миға барады .
Барлық сипатталган дәм сезу талшықтары сопақша ми мен көпірде , екінші нейрон 
орналасатын пucleus solitarius nn . intermedii , glos sopharygei et vagi - лерде аяқталады . 
Nucleus solitarius - тің дәм сезу бөлімі сопақша мидың шайнау мен жұтуға қатысы бар 
барлық қозғалыс ядро ларымен , сонымен бірге жұлынмен ( тыныс алу жөтелу мен құсуды 
бақылау ) байланысқан .
Екінші нейрондардың өсінділері сопақша ми мен көпірден thalamus көтеріледі , 
сол жерде дәм сезу анализаторының қыртыстык ұшына баратын үшінші буын басталады . 
Дәм сезу анализаторы gyrus para hippocampalis қыртысында самай бөлігінің алдыңғы 
шетінде ілгек пен гиппокампта , иіс сезу орталықтарының қасында жатады , ал басқа бір 


деректер бойынша қақпашқа қыртысында ( operculum ) орналасады . Химиялық деректері 
негізінен екінші болжамды растайды . Химиялық тітіркену рецепторда нерв импульсына 
айналып , ол кондуктор арқылы анализатордың қыртыстык ұшына дейін беріліп , сол 
жерде әр түрлі дәм түйсіктері түрінде қабылданады 
75.І жұп ми нерві. 
Иіс сезу нерві, n.olfactorius, s.nn. olfactorii (s. fila olfactori), арнайы сезімтал нерв түрінде
Ол мұрын қуысының иіс сезу аймағының, геgio olfactoria, шырышты кабығынан 15-20 
жіңішке нерв жіпшелері түрінде иіс сезу рецепторларынан басталады, ол миелинсіз 
талшыктардан кұралған; оның рецепторлық жасушалары да шырышты қабықта 
орналасады. Жіпшелері жалпы сабау түзбей торлы сүйектің торлы табақшасы, lamina 
cribrosa ossis ethmoidalis, арқылы бассүйек қуысына кіріп, иіс сезу буылтығына, bulbus 
olfactorius, жалғасады. 
Иіс сезу буылтығы - нерв жасушаларының жиынтығы. Осы жасушалардың дендриттері 
жоғарыда көрсетілген fila olfactoria талшықтарымен байланысады; аксондары орталыққа 
бағытталып, иіс сезу жолын түзеді. 
Иіс сезу жолы, tractus olfactorius, мидың маңдайлық үлесінің төменгі бетіндегі аттас 
жүлгеде, sulcus olfactorius, өтеді. Иіс сезу жолы өзінің бастапқы бөлімінде үшбұрыш 
пішінді, кейін жалпайып жіңішкереді, және иіс сезу үшбұрышына, trigonum olfactorium, 
жалғасады. Ол иіс сезу жолы талшықтары аяқталатын нерв жасушаларынан кұралған. 
Иіс сезу жолы, tractus olfactorius, иіс сезу үшбұрышында үш иіс сезу будасына, strial 
olfactoriae, латералді, аралык, медиалді бөлінеді, олардың талшықтары әртүрлі жолдармен 
иіс сезу анализаторларының қыртыс шетіне парагиппокамп үлесінің ілмегіне, uncus gyri 
parahippocampalis, жетеді. Латералді иіс сезу будасы, stria olfactoria lateralis, үшеуінің 
ішінде ең ірісі. Ол өзінің жолын артқа және сыртқа жалғастырып, uncus gyri 
parahippocampalis, қыртысында аяқталады, талшықтарының бір бөлігін бадамшатәрізді 
денеге (ядроға), corpus amygdaloideum, береді. 
Аралық иіс сезу будасы, stria olfactoria intermedia, талшықтарының бір бөлігімен өз 
жағындағы алдыңғы тесіктелген заттың, substantia pertorata anterior, нерв жасушаларында 
аяқталады. Талшықтардың басқа бөлігі мидың алдыңғы дәнекері, commissura cerebri 
anterior, бойымен қарамақарсы жакқа өтіп, алдыңғы тесіктелген затта аяқталады. Алдыңғы 
тесіктелген зат жасушаларының аксондары, lamina pellucida арқылы күмбезге 
бағытталады, кейін fimbria hippocampi бойымен uncus-ке жетеді. 
Медиалді иіс сезу будасы, stria olfactoria medialis, ми сыңарларының медиалді бетіне, 
сүйелді дене кұстүмсығының астына бағытталады. Осы жерде талшықтардың бір бөлігі 
septumpellucidum-re, барады, кейінfornix және fimbria hippocampi бойымен uncusке жетеді; 
талшыктардьщ баска бөлігі striae longitudinales mediales құрамында, таспалық қатпар, 
gyrus fasciolaris, және тістік катпар, gyrus dentatus, бойымен uncus-ке жетеді. 
76.Иіс және дәм сезу жолдары 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет