1. Жүректің қабырғасының құрылысын жазып беріңіз? Жүректің құрылысы



бет91/143
Дата15.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#31096
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   143
Иық-бас веналары, оң және сол (vv. brachiocephalicae dextra et sinistra) бастан, мойыннан және қолдан қанды жинайды. Әрбір иық-бас венасы (apertura thoracis superior) аймағында сәйкес төс-бұғана буынының артында екі венаның: ішкі мойындырық венамен (v. jugularis interna) және бұғанаасты веналарының (v. Subclavia) бірігуінен құралады. Оң иық-бас венасы (v. brachiocephalica dextra) оң төс-бұғана буынының артында құрылып, I қабырғаның медиалді шетіне вертикалді төмен түседі де, қарама-қарсы жақтағы аттас венамен қосылады. Венаның оң беті кабырғалық өкпеқабына жанасады. Сол иық-бас венасы (v. brachiocephalica sinistra) оңнан екі есе ұзын. Өзінің түзілген орнынан жоғарыдан төмен, солдан оңға қиғаш бағытталып, төс сабының артында тікбұрыш жасап, оң иық-бас венасымен қосылады. Өзінің артқы бетімен қолқа доғасы мен оның тармақтарына жанасады. Венаның артқы бетіне кезбе және кокет нервтері жанасады.

Иық-бас веналарына құйылады:

Көкірекаралық ағзаларынан бірнеше қатар веналар: а) айырша веналары (vv. Thymicae), б) көкірекаралық веналары (vv. Mediastinales), в) жүрекқап веналары (vv. Pericardiacae); г) өңеш веналары (vv. Esophageae) д) бронх веналары (vv. Bronchioles); е) кеңірдек веналары(vv. Tracheales) ж) жүрекқап-көкет веналары(vv. Pericardiacophrenicae).

Тармақтары



  • Ең жоғарғы қабырғааралық веналар( vv. intercostales supremae) сол жэне оң, оң жағынан қанды 2-3 жоғарғы қабырғааралық кеңістіктен, ал сол жағынан - 3-4 жоғарғы қабырғааралық кеңістіктен жинайды. Оң ең жогарғы қабырғааралық вена жиі тікелей оң иық - бас венаға немесе қосымша жартылай сыңар венаға қүйылады.

  • 'Төменгі қалқанша веналары (vv. thyroideae inferiores) 1-3 мөлшерінде сыңар қалқанша өрімі веналарынан( plexus thyroideus impar) , басталып, кеңірдектің жоғарғы бөлігінің алдыңғы бетінде және қалқанша бездің төменгі бөлімінде орналасады.

  • Мойынның терең венасы (v. cervicalis profunda) жұп (m. Semispinalis) үстінде, атланттың артқы доғасы аймағында омыртқалардың сыртқы веналық өрімінен басталады. Мойынның терең венасы шүйде ( V. Occipitalis) анастомоз түзіп, мойын омыртқаларының көлденең өсінділерінің артымен төмен түседі. Қанды шүйде бұлшықеттерінен жинап, кейде иық-бас венага( V. Brachiocephalica), ал жиі омыртқа венасына (V. Vertebralis) қүйылады.

  • Омыртқа венасы (v. Vertebralis) жұп, үлкен тесіктің артқы шеті аймағында шүйде сүйегінен басталып, шүйде венасымен анастомоз түзеді.

  • Ішкі кеуде веналары (vv. thoracicae internae) аттас артериялардың жан-жағында екі венадан қосарлана жүреді. Ішкі кеуде веналары іш қабырғасында жоғары құрсақүсті веналары атауымен басталып, аттас артериялармен қосарлана жүреді. Олардың қақпақтары бар; қанды алдьңғы іш қабырғасының жоғары бөлімінен жинап, төменгі қүрсақүсті веналарымен( v. epigastrica inferior) анастомоз түзеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет