§4.3. Матаның қаттылығы және драпталынуы
Драпталыну – матаның жұмсақ, дөңгелектенген қатпарлар туғызатын қасиеті. Драпталыну матаның салмағына, қаттылығына және жұмсақтығына байланысты. Қаттылығы – матаның өз формасын сақтап қалу қабілеті. Қаттылыққа қарама-қарсы қасиетін жұмсақтық дейді, яғни матаның формасының өзгертуге көнгіштігі.
Матаның қаттылығы мен иілігіштігі талшықтардың жуандығы мен түріне, жіптің иілуі мен құрылымына, матаның құрылысымен өңделуіне байланысты.
§4.4. Матаның қыртыстануы
Қыртыстанғыштығы дегеніміз - ылғал-жылумен өңдегенде, матаны ьүктеп, орғанда мыжылып қалуы. Қыртыстану себебі – матаны бүктеп, орағанда пайда болатын иілу пішінінің өзгеру салдары.
Серпімді және созылмалы ұзарудың үлесі басым талшықтар бүктеліп, жаншылған соң біртіндеп түзеледі де, бастапқы қалпына келіп, қыртыстануын жоғалтады.
Матаның қыртыстануы талшықтық құрамға, жіптің жуандығы мен ширатылуына, тоқылуына, матаның тығыздығы мен өңделуіне байланысты.
Матаның үйкеліске қарсыласуы деп оның үйкелу әсеріне қарсыласу қабілетін айтады. Бұл көрсеткішті арнайы құрылғыда мата үлгісін бұжырланған зат бетіне үйкелу арқылы анықтайды.
Егер де сынауды тесілгенше үйкелсе, онда сол үйкелесу циклдар санымен бағалйды. Басқа әдіс бойынша матаны берілген циклдар санымен әсер ету арқылы оның мықтылығының төмендеуі арқылы бағалайды. Үйкеліске қарсыласу шамасы матаның құрылымына, талшық үрдісіне байланысты.
§4.5. Матаның апшуы
Апшу – жылу мен ылғал әсіренен мата мөлшерінің кемуі. Апшуының негізгі тоқу өндірісінің барлық кезеңінде (иіру, тоқу, өңдеу) талшықтар, жіптер негіз бағытында қатты керіледі де, аппреттеліп-өңделіп сығымдалып, каландрланып сол күйінде бекітіледі. Жуғанда немесе сулағанда аппрет шайылады да талшықтармен жіптер керілумен босайды. Жылу мен ылғалдың әсерінен талшықтарға серпімділікі бітеді, ісінеді, ұзындығы қысқарып, соның салдарынан мата апшиды, жіптерлің керілуі бір деңгейде түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |