1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т


§28.3. Ширатпа жіптердің ақаулары. Қалдықтар



бет42/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   98
Байланысты:
Құтжанова

§28.3. Ширатпа жіптердің ақаулары. Қалдықтар

Дайын жіптердің бойында төмендегідей ақаулар болуы мүмкін:


- жуан тұстар. (Түбітпен қоса ширатылғандықтан және жалаң жіптердің жуан жерлері өтіп кетуінен болады).
- бұрандалығы. Ширатылатын жіптердің әр түрлі тартылуынан болады.
- асып ширатылу; шығару құрылғыдан жіп кешігіп шығудан болады.
Ширатушының салақтығынан жіптің кірленуі, майлануы, қосу кезінде бір жіптің өтіп кетуі, ұзын және өте кішкентай жіптерімен түйінделуі мүмкін.


§28.4. Иірілген жіптер мен жіптердің ақаулары
Иірілген жіптер мен жіптердің ақауының негізгі себебі төменгі сапалы және қоқым шикізаттан, механизмдердің бұзылуы мен машиналардың күтімінің жоқтығынан туындайды. Қоқым жіп – шала тазаланған шикізаттан дайындалған жіп. Қоқым мақтадан иірілген жіпте тұқымның қабы, жапырақтардың немесе қауыздың қалдығы, қоқым жүннен иірілген жіпте – ошаған қалдығы, ал зығыр жіпте – талшықтың қоқымдары болады.
Майлы және кір жіптер ташықтарға машина майының тамуынан және түрлі былғаныш заттардың қосылуынан болады. Иірілген жіптер мен маталарды қайнатқанда кірі кетеді, бірақ майлы дақтар қалып қояды.
Басылған және кедір-бұдыр жіптер – иірілген жіптерде жуан немесе жіңішке жерлердің кездесуінен болады. Мұндай ақау – таспа мен созбаны бірқалыпты тартпаудың салдарынан болады.
Жентектер – талшықтарды жеткілікті ширатпаудан жіпте пайда болған жуан жерлер.
Сызықтық тығыздығы жағынан әркелкі жіптің шығуы – бір немесе әр түрлі собықтардың жіптерінде қалыңдықтың ауытқуынан болады.
Түйін – иірілген жіпке түбіттің оралып кетуінен пайда болатын жуан тұстар.
Жуан жіп – созба үзіліп, ұшы жанындағыдан бірігіп кеткенде, пайда болады.

§29. Жіп сапасын бақылау


Жартылай өңделген зат сапасын бақылау технологиялық үрдістің дұрыс өтуіне ықпал етеді.


Ал иіру өндірісінен дайын бұйым ретінде шығарылатын жіптердің сапасы басқа өндірісте қолдануға немесе тұтынуға жіберу үшін аса маңызды мәселе болып саналады.
Ширатылған жіптің беріктігін, біртегістігін, ширатпасын және ылғалдылығын әрбір партия бойынша тексереді. Өндірісте қолданылатын жіпті аптасына бір рет беріктігі және сызықтық тығыздығы бойынша біркелкілігін тексереді. Ал ширатпасын 2 аптадан бір рет әббір ширату машинасынан тексереді. Орау сапасын әртүрі тексеруде, машиналарда жіптің үзілгіштігін жүйелі түрде тексереді.
Жіптің сапасын бағалау арнайы мемлекеттік стандарттар бойынша жүргізіледі. Мақта жібінің сапасы ГОСТ 1119-80 «Мата тоқу өндіріс үшін жалаң тарақты және кардалық сұр мақта жібі», ГОСТ 9092-81 «Трикотаж өндірісі үшін мақта жібі», жеке ГОСТ 16537-83 «Аппаратты иірілген мақта жібі» бойынша бағаланады.
16-кестеде мата тоқу өндірісіне орташа талшықты мақтадан иірілген 11,8-29 текс кардалық желі жібінің нормаланған сапа көрсеткіштері көрсетілген.

16-кесте





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет