1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т



бет44/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   98
Байланысты:
Құтжанова

§2. Матаның негізгі сипатамалары

Матаның өлшемдік сипаттамаларына ені, ұзындығы, қалыңдығы, салмағы жатады.


Матаны тоқу станогында шығару барысында белгілі бір ұзындықпен кеседі. Жалпы алғанда олар 100 м-ден 150 м-ге дейін, ал ені және ауыр маталардың ұзындығы 50-100 м-ге дейін жетеді.
Матаның ені тоқу станогының мүмкіндігінше, қолданылуына байланысты. Кең тараған мақта маталарының ені 80-140 см. Ал таспа тоқу станогында алынатын бұйымдардың ені 30 см-ге дейін жетеді.
Матаның қалыңдығы жіптің жуандығына, айқасуына, тығыздығына, өңдеу әдісіне байланысты. Қалыңдығын өлшеу үшін арнайы аспап – қалыңдық - өлшегіш қолданылады. Матаның үлгісі жылтыр, біртегіс екі пластинканың ортасына салынады. Оның біреуі қозғалмалы, циферблат бетіндегі миллиметрлік өлшеммен тексерілетін матаның қалыңдығын көрсететін бағыт бағыт көрсеткішпен жалғастырылған. Мата қалыңдығын 0,1-0,2 кпа қысыммен өлшейді.
Көйлектік және ішкиімдік жұқа мақта маталардың қалыңдығы 0,1-0,24 мм, ал орташа және дөрекі маталардікі 0,25-0,6 мм-ге дейін болады. Костюмдік маталардың қалыңдығы 0,4-0,13 мм, киімдік маталардікі 1,5-3,5 – ға дейін жетеді.
Матаның салмағы оның беріктігі мен дайындауға қанша кеткен шикізат көрсеткішіне байланысты.
1 м2 матаның салмағын беттік тығыздық деп атайды. Матаны 1 қума метр ұзындығына немесе 1 м2 ауданына келетін салмағымен өлшейді. Бүкіл енімен алынған 1 м ұзындықтағы матаны қума метр деп атайды.
Мата үлгісінің салмағын анықтау үшін 0,1 г дәлдікпен таразыда өлшейді. Ұзындығы мен енін бүктелмейтін сызғышпен 1 мм-ге дейінгі дәлдікпен анықтайды.


,
м – үлгінің салмағы, г;
l – үлгінің ұзындығы, мм;
в – үлгінің ені, мм.
Мақта маталарының беттік тығыздығы 100-200 г/м2 болады.
Матаның тығыздығы екі бағытта: желісі мен ақауы немесе ұзындығы мен ені бойынша анықталады. Матаның тығыздығы стандарт бойынша 10 мм ұзындықтағы жіптер санымен анықталады. Матаның желісі бойынша тығыздығы 100 мм еніндегі желі жіптер саны. Ал арқауы бойынша тығыздығы 100 мм ұзындығындағы арқау жіптердің саны.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет