1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т


§10.2. Арқау жіптерін ылғалдандыру



бет59/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   98
Байланысты:
Құтжанова

§10.2. Арқау жіптерін ылғалдандыру

Әр түрлі техникалық операциялар кезінде тасымалдағанда немесе сақтағанда арқау жіптер бойына ылғал тартады немесе ылғалдылығын азайтады. Сондықтан оны қосымша бумен немесе эмульсиямен өңдейді. Аоқау жіптерін бумен өңдеудің 3 тәсілі бар:


1. Камералық тәсіл. Яғни жіп арнаулы камерада немесе бөлмеде жоғары салыстырмалы ылғалдылықта ұсталынады.
2. Жіпті арнаулы қазандар мен аппараттарда ыстық бумен өңдеу жүн жіптері үшін қолданылады.
3. Арнаулы эмульсиямен ылғалдандыру. Кейінгі кезде осы өңдеу процестерін бірден орау автоматында қтар жүргізеді.


§10.3. Мата тоқу

Дайындалған желі және арқау жіптер тоқу станогына келіп түседі. Ъ


Тоқу станогында мата қалыптастыру циклдік үрдіс болып саналады. Ол бес операциядан тұрады:

  1. күзу ашылуы;

  2. арқау ждіпті салу;

  3. арқау жіпті матаның жиегіне қағу;

  4. желі жіпті бойлықпен жылжуы;

  5. матаның тауар білігіне оралуы.

Тоқу станогының технологиялық сұлбасы 41-суретте көрсетілген.





41-сурет. Тоқу станогының технолгиялық сұлбасы

Тізбе орағыш (1) тоқу станогының ұяларына орналастырылады.


Тізбе орағыштан желі жіптері (2) төгіліп, оқтауша (3) деп аталатын білікшені жанай өтіп, ламельдерден (4), галевтердің көздерінен (5) және бердоның тістерінен (6) өтеді.
Әрбір желі жібі ремизкалардың біреуінің өзіне сәйкес галевінің көзі арқылы өтеді. Ремизкалардың галевтерімен бірге кезекпен көтеріліп төмен түскенінен желі жіптері күзу жасайды. Күзуге арқау жіп (7) салынады. Бердо (6) батан механизмінің (8) тербелісін қозғалуынан алға қараша қозғалғанда арқау жібін матаның шетіне (9) қағады да, артқа қарай кетеді. Алынған мата белтемірді (10) және білікті (11) жанап өтіп, тауар реттегішпен әкетіліп, тауар білігіне (12) оралады.
Осы операциялардың бәрі матаның әрбір элементін қалыптастырылғанда қайталанады. Матаның жаңа элементі батанның әрбір соғуынан жасалады.
Мата жасалған сайын және оны қалыптастыру зонасынан әкеткенде тізбе орағыш майланып, желі жіптер бойлығымен жиылады.
Мақта-мата өнеркәсібінде әр түрлі тоқу станоктары қолданылады. Оларды келесі принциптер бойынша топтастыруға болады:

  1. матаны қалыптастыру принципі бойынша 2 түрі болады:

  • матаны кезеңмен және бір зоналық үрдіспен қалыптастыру станоктары.

  • Матын толассыз және көпзоналық үрдіспен қалыптастыру станоктары.

  1. арқау жіпті салу тәсілі бойынша:

  • қайықта тоқу станоктары;

  • қайықсыз станоктары.

  1. жекелеген механизмнің түріне қарай эксцентриктік, кареткалық және жаккардттық станоктар;

  • жұмыс ені бойынша енсіз (100см) және енді (120-175-250 см) станоктар.

  • Соғу механизмінің жүйесі бойынша орташа, төмен және жоғары соғу станоктары.

  1. арқау жіпті автоматты түрде ауыстыру механизмінің барынан механикалық және автоматтық станоктар.

Тоқу станоктарының барлығында негізгі және көмекші механитзмдер болады.
Негізгі механизмдерге станоктың тұлға сүйеніші және тартпадан, желі жібін тарту және жіберу механизмінен, тауарлық реттеуіштен, күзу ашылу механизмінен, батанның және соғу механизмдерге арқаулық шөлмектерді автоматты түрде ауыстыру мехиназмі, желі бақылағыш, құлыптың механизмі және т.б. Олардың бәрі жұмыс қауіпсіздігін сақтауға, матаның сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет