1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т



бет71/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   98
§4.3. Бояу процесі

Тоқыма материалдарды бояу науасына салғанда, бояғыштардың молекулалары немесе иондар өздігінен ерітіндіден талшыққа өтеді. Талшықтардың ішкі құрылымының даму дәрежесі бояғыштарды қабылдауда әсерін тигізеді. Целлюлозалық талшықтарға жататын мақта талшығының құрылымында кеуектік жүйе жақсы дамыған. Оған қосымша мақтаның химиялық құрылымында гидрофилдік гидроксид (-ОН) топтарының болуы оларды гидрофильдік талшықтар қатарына жатқызады.


Бояу процесі келесі төрт сатыдан тұрады деп қарастырылады:

  1. Бояғыштың ерітіндіден талшыққа қарай диффузиясы;

  2. Талшық бетімен бояғыштың адсорбциялануы;

  3. Бояғыштың талшықтардың ішкі қабатына диффузиясы;

  4. Бояғыштың талшықтарда бекітілуі.

Бірінші саты ерітіндіде және талшықтағы бояғыштың концентрациясының айырмашылық есебінен өтеді. Диффузия ерітіндінің айналымынан, температураны жоғарылатудан және бояғыштың концентрациясын көтергеннен тездетіледі.
Бояғыштың адсорбциясы бірден тез өтеді, өйткені екі фазаның «талшық-ерітінді» бөліну шекарасында өтеді. Екіншіден, бояу науасында бояғыштың концентрациясы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым талшықта оның адсорбциясы жоғарылайды.
Үшінші саты өте жай өтеді. Бояғыштардың ішкі құрылымына өтуі талшықтардың капиллярларының өлшеміне байланысты және диффузия бояғыштың ұсақ бөлшектерінің өлшемдері кішірейгенен, талшық құрылымының босаңдауынан және т.б. факторлардан тездетіледі.
Бояғышты бекіту оның талшықтармен химиялық және молекулааралық және иондық байланыстар арқылы бекітіледі. Ал активтік бояғыштар химиялық коваленттік байланыспен бекиді.


§4.4. Бояу тәсілдері

Маталарды бояу үздікті және үздіксіз, жартылай үздіксіз тәсілдермен жүргізіледі.


Үздікті тәсілмен бояу бояғыш баркада мата ширақ түрде боялады немесе шығыршықты машиналарда (джигерлерде) орындалады. Жартылай үздіксіз тәсіл бойынша мата бояғыштың ерітіндісімен сіңдіріледі, сығылады және одан кейін бояумен өңдеу камерасында перфоланцияланған барабанға оралады.
Үздіксіз бояу тәсілінде барлық бояу, жуу және кептіру процестері үздіксіз жұмыс жасайтын бояу желілерінде жүргізіледі. Бояғыштардың ерітіндісін дайындау үшін арнайы бөлме (химиялық станция) қарастырылады. Қазіргі өңдеу фабрикаларында химстанция автоматтандырылған құрылғылармен жабдықталған. Олар ерітіндіні арнайы бағдарламамен дайындап, бояғыш аппараттарға құбыр арқылы жіберіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет