1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т



бет69/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   98
Байланысты:
Құтжанова

§3. Түктеу

Маталардың, әсіресе қыстық киімге арналған, жылу сақтау қасиетін жоғарылату үшін бетінде үлпілдек, жұмсақ түкті жамылғысы болуы қажет. Түктеуге бәйке, бумазей, фланель жатады. Түктеу барысында арқау жіптерінен талшықтар шеті шығарылады. Сұр, ағартылған және тегіс боялған маталарды түктеуге болады. Түкті жамылға матаның бір немесе екі жағында машинаның түктеу органдарының инелі гарнитураларымен орындалады.


Мақта мата өнеркәсібінде ИВ-36-180, ИВ-36-220 түктеу машиналарында қолданылады.
54-суретте ИВ-36-180 типті инелі түктеу машинасы көрсетілген.
Мата түктеу процесінде үздіксіз жылжып тұрады. Оны енгізу шығару машинаның бір жағынан орындалады. Мата машинанға қажетті тартылуды жасайтын бағыттағыш шығыршықтар (21), бремза (10), тежегіштік білікше (18) арқылы түседі. Одан булау барабанында (19) сәл кептіріледі. Мата алдыңғы білікпен (17) тасымалданып түктеу барабанына (20) түседі. Онда түктеу (8) білігімен және түктеу білігіне қарсы қозғалатын білікшенің (7) әсерінен түктеледі. Білікшелер инелі таспамен қапталған. Түктеу білікшелерінің инелері барабанның айналу жағына бағытталған, ал қарсы түктеу білікшені (7) – қарама-қарсы жағына бағытталған. Түктеу барабаны матаның қозғалу бағытына айналады. Екі білікшенің әсерінен біркелкі тығыз түк пайда болады. Түктеу барабанынан мата артқы тасымалдау білігімен (13) шығады да, тарту құрылғысынан кейін жоғары тасымалдау білігіне, одан мата салғышқа (1) түседі (егер бір жақтан түктелсе) немесе төңкеретін білікшелерге (3) және айналу білігіне (2) (екі жағынан түктелсе) түседі. Инелі гарнитуралар түбіттен екі шөткемен (16) тазартылады.





54-сурет. ИВ-36-180 инелі түктеу машинасы


§4. Матаны бояу

Текстиль материалдарды (талшық, жіп, мата) бояу – талшықты материалдардың бояғыштармен физика-химиялық әсерлесу процесінде беркелкі берік түс алуы.


Маталарды және басқа бұйымдарды бояу ежелден белгілі. Бұл ретте Үндістан мен қытайды бояудың отаны деп атауға болады. Оларда бірінші болып матаны бояуға ализарин, индиго қолданылған.
Қазіргі кезеңде бояу процесі барлық тоқыма бұйымдар үшін арнайы синтетикалық бояғыштармен жүргізіледі.
Бояу процесіне қойылатын талаптар:

  • мата біркелкі болуы тиіс;

  • бояғыштар талшықтармен берік байланысуы тиіс;

  • бояу уақыты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет