§4.5. Бояғыш жабдықтардың түрлері
Үздікті тәсіл бойынша мата ширақ немесе жазылған түрде боялады. Ширақ түрде бояуға МКП-1 бояу-жуу машинасы кең қолданылады. Сонымен қатар бояғыш баркалар Б-2 т.б. сол сияқты жэабдықтар қолданылады. МКП-1 машинасында (55-сурет) мата енгізі-шығару құрылғысы арқылы бөлгіш тарақтан (4) өтіп науаға (6) түседі. Науаның үстіңгі жағына эллипс қималы білік орналасқан. Мата машинаға бірнеше параллель ширақпен енгізіледі немесе бір ширақ (2) бір ілмекпен спираль тәріздес енгізіледі.
55-сурет. МКП-1 бояу-жуу машинасының технологиялық сұлбасы
Эллипс тәріздес білік айналғанда матаның ширағын сілкілеп тұрады, сонда мата жазылады және жақсы боялады. Боялған мата енгізу-шығару құрылғысы (3) арқылы шығарылады да, басқа өңдеу операцияларына жіберіледі.
Матаны үздікті тәсілмен жазылған түрде бояу үшін бояғыш шығыршықты машиналар (джигерлер) қолданылады. Онда (56-сурет) мата (2) жазылған түрде бояғыштың науадағы ерітіндіде тұрған бағыттағыш білікшелері (5) арқылы өтіп, бір білікпен (1) екінші білікке аударылады. Матаның науа арқылы өту сандары бояғыштың класына, мата түрінен және оны дайындау сапасына байланысты.
Үздіксіз бояу процесі бояу-кептіру желілерінде жүргізіледі. 57-суретте ЛКС-140-12 желісі көрсетілген. Желі тағайындалуы әртүрлі машиналарды агрегаттау арқылы құрылған. Бояуға дайындалған мата арбадан енгізі құрылғы арқылы сіңдіру-булау аппаратында (1) түседі.
56-сурет. Бояғыш джигер машинасы
57-сурет. ЛКС-140-12 желісінің сұлбасы
Бу конденсацияланғанда матаның кеуектерінде вакуум пайда болып, мата екі науада тез және біркелкі ерітінділермен сіңдіріледі. Ерітіндіден сығылғаннан кейін қаныққан буда 100-1020С температурады өңделуге булау камерасына (4) кіруі жалғаса береді. Одан кейін мата сығумен қамтылған жуу науаларында (6) жуылады. Жуылған мата барабанды кептіру машинасында (8) кептіріледі, камерада суытылады және орау машинасында (10) рулонға оралып, өздігінен салғышпен арбаға салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |