1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т



бет73/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   98
§4.6. Тікелей бояғыштармен бояу

Тікелей бояғыш суда жақсы еритін бояғыштар қатарына жатады. Химиялық құрамы бойынша сульфоорганикалық қышқылдардың натрий тұздарына жатады. Сондықтан жалпы формуласы келесідей болады: К-8О3№. К – бояғыштың хромофорлық бөлігі: 8О3Ка – суда еру қасиетін қамтамасыз ететін топ. Хромофорлық бөлігі бояғыштарға белгілі бір түс береді.


Тікелей бояғыштар целлюлозалық мақта, зығыр және гидратцеллюлозалық талшықтар үшін қолданылады. Маталардың бояуының біртектігі төмен болады, өйткені талшықтармен бояғыштардың арасындағы бекіту байланысы әлсіз сутегі байланыс болып табылады.
Мақта тоқыма материалдары тікелей бояғыштармен нейтралды ортада мына рецептурамен боялады:
Тікелей бояғыш ................................................... 0,5 - 3%, қара түске 6%;
Ас тұзы немесе глаубер тұзы ........................................................ 10-20%;
БАЗ .......................................................................................... 1%-ға дейін.
Рецептурадағы заттардың концентрациясы құрғақ тоқыма материалдың салмағын пайызбен көрсетеді.
Тікелей бояғыштармен бояу 400С температурада басталады. Температураны көтерген сайын бояғыштың талшыққа диффузиясы тездетіледі, сорбция процесі жоғары деңгейде жүре бастайды. Бірақ белгіленген оптимальдық температурадан жоғары қыздырғанда бояу науасында кері процесс, яғни десорбция жүре бастайды. Сондықтан тікелей бояғыштардың жеке әрбір түріне өзінің оптимальдық бояу температурасы болады. Ол 60-900С аралығында болады.
Тікелей бояғыштармен боялған тоқыма материалдар бояуының беріктігін жоғарылату үшін арнайы бекіту опреациясы жүргізіледі. Ол үшін У-2, ДЦМ және ДЦУ препараттары қолданылады. Бояудың беріктігі талшықтармен бояғыштардың арасында бекіткіш препараттардың қатысуымен қосымша байланыс пайда болады.


§4.7. Активтік бояғыштармен бояу

Активті бояғыштармен мақта, жүн және полиамид талшықтарын бояуға қолданады. Олар басқа бояғыштарға қарағанда құрылымдық жағынан ерекше және күрделі болып келеді. Активті бояғыштардың құрамында активті топтар болады. Сондықтан олар жоғарыда аталған талшықтармен бояғыш заттар арасында химиялық ковалентті байланыс түзуге себеп болады. Активті бояғыштардың жалпы формуласы R-SO3 Na-Т-Х. Мұндағы: R – бояғыштың хромофорлық бөлігі; SO3Ка – суда еру қасиетін қамтамасыз ететін топ; Х – активті топты тасымалдағыш; Т – активті топ.


Активті бояғыштар суда өте жақсы ериді. Бірақ сумен гидролиз реакциясына түседі. Сондықтан, бояу процесі кезінде біршама дәрежеде активті бояғыштар активсіз түрге айналады:

R-SO3 Na – Т - Х + HOH – R-SO3 Na – Т – OH + HХ


Активсіз түрі
Активті бояғыштардың гидролизін төмендету үшін науаның құрамын реттеуге болады, яғни бояғыштың концентрациясын жоғарылатады. Сондықтан өндірісте үздіксіз технология бойынша сіңдіру тәсілі кең қолданылады. Сонымен қатар үздікті тәсілмен бояғанда науаның модулін 8-10-ға дейін төмендетуге болады. Модуль дегеніміз мата мен қажетті ерітіндінің көлемінің қатынасы. Гидролиз дәрежесін төмендету үшін температуралық тәртіпті қатаң сақтайды. Температура жоғары болса, гидролиз тез жүреді. Сондықтан активті бояғыштың атауындағы индекстерге көңіл аудару қажет. Индекс «Х» және «Т» қандай температурада бояу қажеттілігін көрсетеді. «Х» - қыздырусыз комнаталық температурада, ал «Т» - науаны қыздырумен бояйды.
Активті бояғыштар мақта маталары екі сатылық тәсілмен бояйды. Бірінші сатыда нейтралды ортада тікелей бояғыштармен бояу технология сы бойынша боялады. Екінші сатыда сілітілік ортада талшықтармен бояғыштар арасаныда химиялық байланыс түзіледі.
Сілітілік ортаны натрий гидроксилмен жасайды. Сілітілік ортада активті бояғыштардың беку дәрежесі 50-55% шамасында болады.
Тиімді тәсіл ретінде мақта маталары үшін үздіксіз бояу тәсілі саналады. Үздіксіз тәсілдің өзі бір және екі сатыдан тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет