Ішкиімдік маталар тобы. Топтың атауы маталардың қолданылуына және олардың өңдеу өндірісінде безендіруді көрсетеді. Маталар көбіне төсек жаймаларға, медицина және басқа қызметкерлерге ақ халат тігуге, яғни мықты мата қажет жағдайда қолданылады. Ішкиімдік маталардың ағартылған дәрежесі 82% кем болмауы керек.
Бөздік топшадағы маталар 35 артикул шамасында ағартылған түрде, бөздік маталарға қолданылатын мақта жібінен шығарылады. Ішкиімдік бөздің беттік тығыздығы 124-150 г/м2 болады. Стандарт бойынша олардың ені 75, 80, 85, 95, 100, 115, 120, 125, 130, 140, 145, 150 см болады.
Миткальдік маталар топшасына гринстон арт. 402 және 409, тик-ластик арт. 405 ағартылған түрде шығарылатын маталар жатады. Гринсбонды саржалық өріммен 29 және 25 текс жалаңқабат кардалық мақта жібінен өндіріледі. Дайын матаның беттік тығыздығы 165-190 г/м2.
Тик-ластикті негіз 25 текс, арқауы 29 текс жалаңқабат кардалық мақта жібінен оң бетінде неізбен жабумен сәтендік өріммен шығарады. Беттік тығыздығы 180 г/м2.
Сәтендік топтың маталарын оң бетінде арқау жабумен сәтендік айқаспамен тоқиды. Сәтендік топ 30 артикул шамасында маталарды есепке алады. Қолданылатын жіптің түріне байланысты кардалық және тарақты болып бөлінеді. Кардалық сәтендер негізде 20 және 18,5 текс, арқауы 20 және 15,3 текс жалаңқабат мақта жібінен өндіріледі. Кейбір жағдайда негізінде кардалық, арқауда тарақты жіптен жартылай тарақты сәтендер шығарылады.
Кейіннен арқау жібі ретінде жалаңқабат мақта – сиблон жіптерінен сәтен шығарылатын болды: 67% жіңішке талшықты мақтадан, 33% жоғары модульді визкозалық талшықтан – сиблоннан (арт. 629). Сонымен қатар, таза жоғары модульдік визкозалық талшықтан (арт662) сиблон арқау жібін қолданады.
Сәтендерді сурет басылған, жатық боялған түрде және өте сирек ағартылған түрде шығарады.
Барлық сәтендік топтағы маталарды оң жағынан әбден отпен шарпып, мерсерлеп, сонымен қатар жалтыратқыш каландрмен матаны өңдеу арқылы күмістей жылдыратқан түрде өңделеді.
Стандарт бойынша сәтендік топтағы маталардың ені: 75, 80, 85, 90, 95, 100, 105, 110, 120, 130, 140, 150 см.