1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



бет84/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   98
Байланысты:
Құтжанова

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

1. Трикотаж деп қандай бұйымдарды айтады?


2. Ілмек құрастыру бойынша трикотажды қалай бөледі?
3. Тоқу машинасында ілмек құрастыру үшін қандай органдар жұмысқа қатысады?
4. Трикотаж инелердің түрлерін атаңдар?
5. Ілмек құрастырудың тоқу әдісінен айырмашылығы неде?
6. трикотаждық ілмек құрастырудың тоқу әдісінен айырмашылығы неде?
7. Ілмек құрастырудың трикотаж тәсілінің операциялары нешеу? Әрбір операцияны қысқаша сипаттап беріңдер?
8. Иілмелі және желіжіптік трикотаж құрылымының суретін салыңдар және негізгі параметрлерін көрсетіңдер?

VІІ. МАҚТА – МАТА АССОРТИМЕНТІ

Мақта-мата өнеркәсібі шығаратын маталар ассортименті 1000 артикулден астам болады.


Ассортимент дегеніміз маталардың жиынтығы.
Ариткул деп матаның әр жеке түрінің шартты белгілеуін айтады. Аттары бір, бірақ артикулдері бөлек маталар бір бірінен бір немесе бірнеше сапа көрсеткіштері бойынша ерекшеленеді.
Таза мақта және аралас маталар дағайындау, көркемдеу-безендіру және өндіру тәсілдері бойынша келесі топтарға және топшаларға бөлінеді:

  1. шыт тобы;

  2. бөз тобы;

  3. ішкиімдік тобы: бөздік, миткальдік және арнайы маталар топшалар;

  4. сәтен тобы;

  5. көйлектік топ: маусымдық жаздық, қыстық топшасы, мақта және химиялық талшықтар қоспасынан маталар топшасы;

  6. киімдік топ: жатық боялған, арнайы, меланж және ала тоқылған маталар, қыстық маталар топшалары;

  7. астарлық топ;

  8. түкті маталар тобы;

  9. орамалдық маталар тобы;

  10. сүлгілік маталар тобы;

  11. сұр маталар тобы;

  12. жиһаздық-маталар тобы;

  13. көрпелік топ;

  14. буып-түю және қаптық маталар тобы;

  15. дәкелік маталар тобы;

  16. техникалық маталар тобы: ауыр және жеңіл техникалық маталар, бельингтер тобы.

Шыт тобы мақта-маталардың ең көп тараған тобы. Оларды сұр миткальдан жатық боялған және сурет басылған түрде шығарады. Шыттар жаймалық өріммен негіз бойынша 20; 18,5 текс, арқау бойынша 20; 18,5; 15,3 текс таза мақта, жалаңқабат кардалық жіптен тоқылады. Дайын маталардың беттік тығыздығы 100-101 г/м2. Шыт маталар тобының стандартпен бекітілген ендері: 80, 85, 90, 95, 100 105, 110, 130, 140және 150 см. Шыт тобының маталарын бір жақ бетінен отпен шарпиды, оны өң беті дейді де, біршама мермерлеп, толық ағарту циклінен өткізеді.
Шыттар жеңіл балалар және әйелдер көйлектерін, блузкалар, балалар және ерлер жейделерін, жастық тысын, перделер, көрпелер шығаруға қолданалады.
Бөздік топ. Топта 15 артикулге дейін жаймалық өріммен маталар тіркелген. Бөдік топтағы маталарды өндіруге жалаңқабат мақта жібін, кардтық, сақиналы және пенвмомеханикалық иіру жүйесінің жіптерін қолданады: негіз және арқау жіптері үшін 29 және 25 текс, өте сирек 35,7 текс. Бөздік дайын маталардың беттік тығыздығы 126-дан 160 г/м2, жиі 140 г/м2. Стандарт бойынша маталардың ені 75, 85, 90, 100, 110, 120, 140, 145 см. Тұтыну сұранысына қарай бөздік маталар жатық болған және сурет басылған болып шығарылады.
Көркемдік безендірілуіне қарай бөздік маталар балалар және ерлер жейделеріне, қыздар және әйелдер көйлектеріне және де басқа мақсатпен де қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет