1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т



бет88/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   98
Көрпелік топ. Топ құрамына 30 артикулден астам маталар кіреді. Маталарды балалар және ересектер көрпесін дайындауға қолданады. Негіз жібі ретінде 25 текс*2 кардалық ширатпа мақта жібін, арқау ретінде – 72-333 текс жалаң қабат аппараттық маталар қолданылады. Көрпелік маталарды ұйпамен шығарады. Кейбір маталарда жаккард тоқымашылықпен өндіреді.
Буып-түю және қаптық маталар тобы. Бұл топқа 20 артикул шамасында маталар кіреді. Оларды әртүрлі жүктерді тасымалдау кезінде сақтау үшін буып-түюге қолданады. Олардың барлығын сұр түрінде шығарады және негібен арқауды жалаңқабат кардалық жіп қолданылады. Кейінгі кезде таза мақта маталарын қабыршық материалдармен немесе басқа бірлік синтетикалық жіптермен алмасыруда.
Дәкелік маталар тобына 20 артикулдан астам маталар кіреді. Дәкелік маталарға жалаң қабат кардалық таза мақта жібін және 30%-ға дейін визкозалық талшықтар қосылған жіптерді қолданады.
Дәкені ағартылған түрде медицина саласына, сонымен қатар ағартылған және сұр түрінде үй тұрмысында қолданады.
Техникалық маталар тобы. Жеңіл техникалық маталар топшасына 150 артикулден немесе топтың 85%құрайтын маталар кіреді. Оларды әртүрлі өнеркәсіп саласында өнім шығаруға қолданады. Мысалы, аяқ-киім, жасанды былғары, сүзгіш бұйымдар және т.б.
Қолданылуына және қойылатын талаптарға сәйкес маталарды сұр, шлихтасыздандырылған, қайнатылған, ағартылған және жатық боялған түрінде шығарады. Шикізат ретінде таза мақта және оның синтетикалық талшықтарымен араласқан жіп түрінде қолданады.


VІІІ. МАҚТА-МАТА ӨНДІРІСІНДЕ МЕХАНИКАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ

Мақта-мата өндірісінде механикаландыру және автоматтандыру мақсаты берілген өнімді өндіргенде еңбек шығындарын азайту, жұмысшылардың қол еңбегіе жеңілдету және оны тартымды ету болып саналады. Өндірісте механикаландыру және автоматтандыру шаралары экономикалық шаралары экономикалық тұрғыдан тиімді болкы қажет.


Мақта-мата өндірісінде жұмысты механикаландыру және автоматтандыру бірнеше бағытта жүргізіледі:
1. Өндірісте құрама түрде механикаландыру және автоматтандыру. Мұндай шара үздіксіз желілерді қолдануға тиімді, өйткені тізбекпен орындалатын бірқатар операциялар бірнеше машиналарда тіркестіру арқылы орындалады. Мысал ретінде, иіру өндірісінле буда-таспа үздіксіз желілерін құрастыруды келтіруге болады. Бұл желілерді бірден еңбек шығынын қысқарту мақсаты орындалады: жартылай өңделген заттарды желінің бір машинасынан екіншісіне тасымалдау автомат андарылған; алдыңғы өңделген машиналарда өнімді түсіру, келесі машиналарға енгізу жойылған технологиялық процесті өткізуге және өнімнің параметрлерін бақылау автоматандырылған.
2. Өнім көрсеткіші мен процестің параметрлеріне бақылауды автоматандыру; иіру фабрикаларында өнімнің сызықтық тығыздығын реттеу, жіп үзілгенде өздігінен тоқтату және тағы басқалары.
3. Өнімді түсіруді және келесі процестердің машиналарына енгізуді механикаландыру және автоматтандыру.
4. Жабдықтарды түту жұмыстарды механикаландыру және автоматтандыру, әсіресе жабдықтарды жөндеу, майлау, тазарту және т.б.
5. Шикізатты және жартылай өңделген заттарды тасымалдау механикаландыру және автоматтандыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет