1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т


§1.2. Инетесімді беймата жайма өндіру



бет81/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   98
§1.2. Инетесімді беймата жайма өндіру

Талшықты жайғақты көбінесе аэродинамикалық тәсілмен қалыптастырады.





65-сурет. Бейматаны инетесімді тәсілмен өндіруге арналған машинаның сұлбасы (а) және оған қолданылатын ине (б)

Жайғақ (65-сурет) (1) қаңқа матамен, жіптерден жасалған тормен бірге конвейер (2) арқылы түсіріліп білікшемен (3) тығыздалады. Жұмыс зонасына түскен жайғақ инелермен (4) тесіледі. Инелер арнайы тақтайшаға (5) бекітілген. Ол біресе жоғары, біресе төмен жүріс орындайды. Инелердің кетіктері болғандықтан, жоғары қабаттағы талшықтар жайғақтың құрылымына терең кіріп орналасады. Жайғақ төменгі плита (6) жайғақты ұстап тұрады және нығыздауға көмек болады. Инетесімді беймата машинадан тартқыш жұқпен (7) шығарылып, орау қондырғысының білікшесіне (8) оралынады.


Жайғақты инемен тесу кейде екі жағынан екі басты инетесу машиналарында орындалады. Инетесімді беймата жаймалары көрпе еденге төсегіш, техникалық материал ретінде қолданылады. Өте берік және форма тұрақтылық жайма жасау үшін инетесімді жайманы байланыстырушы сұйықпен сіңдіріп ыстықпен өңдейді. Олар фильтрлер ретінде қолданылады. Инетесімді бейматаның қасиеттері талшық түрінде, құрылымына байланысты болғанымен көбіне процестің негізгі параметрлеріне, әсіресе тесудің тереңдігіне және жиілігіне байланысты.


§1.3. Желімді беймата жайма өндіру
Желімді беймата өндіру үшін әртүрлі шикізат қолданылады: қысқа талшықтар (мысалы, линт – мақтадан талшықты бөліп алғанда қысқа талшықтар, иіру өндірісінің иіруге жарамсыз қалдықтары, тоқыма кәсіпорындарына басқа қалдықтары), қалпына келтірілген талшықтар (тігін өндірісінің қалдықтарының, тұтынылған бұйымдарды қайтадан өңдеу нәтижесінде алынған), химиялық талшықтар және т.б.
Желімді бейматаның негізгі ретінде әртүрлі әдіспен алынған жайғақтар, мысалы, өзара перпендикуляр орналастырылған бірнеше жіп жүйелерінен, моножіптердің хоасты түрде орналасқан қабаттан, қолданылады.
Жайғақтардың құрылымдық элементтерін бір-бірімен біріктіру ылғалды немесе құрғақ тәсілмен орындалады.
Ылғалды тәсілде кеңінен қолданылатындарға СКН-40-1ГН, СКН-40, БКН латекстер, термопластикалық полимерлердің судағы эмульсиялары, мысалы, поливинилспиртінің эмульсиясы және басқа да химиялық материалдар қолданылады.
Байланыстырушыларды жайғақтарды сіңірумен, жайғақтың үстінде орналастырылған шашыратқыштың көмегімен бүрку немесе шашыратумен және тағы да басқа тәсілдермен орындауға болады.
Тұтас сіңіру соңынан байланыстырғыштың артығын кетіру үшін сығуды, кептіруді және термоөңдеуді қажет етеді. Сығу каландрлеу біліктерімен, кептіру барабанды кептіргіштерде орындалады. Жайма ыстық айналып тұратын барабандардың бетін жабумен кептіріледі, қыртыс-тырысы жазылады да машиналардан шығарылады. Кептіру үрдісінде инфрақызыл сәулелерімен және жиілікті жоғары токпен өңдеу мүмкін. Соңынан орындалатын термоөңдеу байланыс беріктігін күшейту және біртегістеу үшін қажет.
Сұйық байланыстырғышты шашыратқанда немесе бүркігенде сығу қажет емес. Мұндайда беймата жайманың құрылымы тұтас сіңдіруге қарағанда бостау, өткізгіштігі өте жақсы және қаттылығы төмен болады.
Одан басқа тағы да ылғалды тәсіл – қағаз жасау тәсілі – қолданылады. Оның мәні иіруге жарасыз, ұзындығы 2 мм-ге дейін (әдетте тез балқитын) талшықтардың немесе фибридтардың және байланыстырғыштардың суспенсиясы қағаз жасау машинасының торына жіберіледі. Торда белгіленген екі мен қалыңдықпен жайма түрінде материалдың қабаты қалыптастырылады. Сорғытылғаннан және кептірілгеннен кейін ыстықпен өңдеуге кейде каландрлеумен бірге өңделетін жайма алынады. Фибридтер негізгі талшықты материалға қарағанда тез балқитын болғандықтан жібін жайғақтың құрылымдық элементтерінің желімдерінен жасайды.
66, а-суретте байланыстырғыш сіңдірілген жіптердің жайғақ престеумен беймата жаймасын шығаруға арналған машинаның сұлбасы келтірілген. Жіптерді 2,5 сұйық байланыстырғышпен науаларда 3,4 сіңдіреді, олар талшықты жайғақпен (1) қосылады.
66, б-суретте жайғақ (1) берік байланыстармен екі жақтан 2 және 5 бекітілген. Жіптер байланыстырғышпен сіңдірілгендіктен, байланыстырғыш келесі өңдеу процесінде жайғақтың тереңіне өтіп олардағы талшықтарды желімдейді.



66-сурет. Сіңдірілген жіптердің жайғақ престеумен беймата жаймасын шығаруға арналған машинаның сұлбасы (а) және жайманың көлденең қимасы (б)


Құғақ тәсілде жайғаққа салынатын тез балқитын түрде талшықтар, қабыршақтар, ұнтақтар, жіптер жүйесі қолданылады.
Құрылым элементтерін бекіту бәрінен жиі ыстық престеу тәсілімен орындалады, яғни талшықты жайғақты немесе жіптер жүйесін каландрлеу біліктері арқылы өткізуге қолданылады. Біліктер 1-1,8 МПа қысымда 120-1500С температураға дейін қыздырылады.
Ыстық престеуде тез балқитын байланыстырғыштар жібиді, жайғақтың талшықтарымен немесе жіптер жүйесімен жабысады және бір тұтас жайма жасап берік байланыстар түзеді.
Желімделген беймата жаймаларының қасиеттері талшықтар түріне және олардың жайғақта орналасуына байланысты, сонымен қатар байланыстырғыштардың түріне, оның жайғақта тартылуына, пайыздық құрамына және желімдеу тәсіліне де байланысты.
Талшықтардың жайғақты хаосты түрінде орналасуы беймата жайманың бойлық және көлденең бағыттарда бірдей қасиеттерін қамтамасыз етеді.
Желімді беймата жаймалар төсеу, декоративті, байлау, фильтрлік, изиляциялық материалдар ретінде қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет