1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т



бет86/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   98
Байланысты:
Құтжанова

Көйлектіп топ. Мақта-маталар ассортиментіне тұрмыста қолданылатын көйлектік маталар ең көп есептелінеді және 4 топшаға бөлінеді.
Маусымдық маталар 100-ден астам артикулді құрайды. Оларға барлық жейделік, көйлектік және көйлектік-костюмдік маталар жатады, мақта 45%-ға дейін полиэфир талшығынан тұратын полиэфир мақта, сызықтық тығыздығы әртүрлі кардалық және тарақты жалаң қабат және 2 қабатталған ширатпа жіптен шығарады. Маталар негізінен сурет басылған және жатық боляған түрде өндіріледі. Тұтыну қасиеттерін жақсарту мақсатымен аралас маусымдық маталар, әсіресе 45% полиэфир және 55% мақта талшықтарынан иірілген жіптен шығарылады.
Стандарт бойынша маусымдық маталар ені: 75, 80, 85, 90, 95, 100, 105, 110, 130, 140, 150 см.
Көйлектік топтың жаздық маталары 50-ден астам артикулді қамтиды, негізінен жұқа және жеңіл маталар. Маталарды жаймалық немесе күрделі өріммен жалаң қабат немесе ширатпа тарақты жіптен тоқиды. Кейбір маталарды жалаң қабат кардалық жіптен шығарады.
Көбінесе әртүрлі сипатпен сурет басып шығарады. Екі маусымдық маталардікіне сәйкес келеді.
Қыстық маталар топшасына ұйпалы маталар жатады: фланель және бәйке екі жақтан ұйпаланған, бомази бір жағынан ұйпаланған. Олар ағартылған, жатық боялған және сурет басылған түрде шығарылады. Фланельдің көбісі балалар тақырыбына суретпен көркемделеді.
Бұрыннан бұл маталар таза мақта жібінен өндірілсе, қазір біраз артикулдарды 67% мақтадан және 33% сиблоннан тұратын аралас жіптен, ал кейбіреуі арқау жібі ретінде визкозалық талшықтан иірілген жіптен өндіріледі.
Негізгі жібі ретінде 25 текс жалаң қабат сақиналы және пневмомеханикалық тәсілмен иірілген жалаң қабат жіп қолданылады.
Арқау ретінде жоғары сапалы ұйпа жасау үшін 50 текс сақиналы иіру тәсілі бойынша алынған жіп қолданған дұрыс. Пневмомеханикалық тәсілмен иірілген осы сияқты жіпті қолданғанда түктеу біраз қиындықтарға әкеп соғады және де түктеу машиналары арқылы керекті өту санымен фланель мен бомази де біртегіс ұйпа жасалынбайды. Ал өту санын көбейткеннен арқауы бойынша матаның үзу жүктемесі төмендейді. Бұл топша үшін тағайындалған ен: 75, 80, 85, 90, 95, 100, 105, 110, 130 см.
Киімдік топ. Бұл топтағы маталар құрылымының әртүрлілігімен ерекшеленеді. Оларды түрлі сыртқы киім тігуге қолданылады. Маталардың ені: 72, 80, 85, 90, 100, 110, 120, 130, 140 және 150 см.
Жатық боялған маталардың ассортименті 70 артикулден астам. Бұл топшаға әртүрлі саржалар, диагональдар, молескиндер, плащтық және шатыр тігуге және әртүрлі фирмалық атаумен шығыралатын, халық шарууашылығының әртүрлі саласына арнайы киім тігетін жатық боялған маталар кіреді.
Маталардың тозуға төзімділігін жоғарылатуға, апшуын зайтуға киімдік маталарды аралас жіптен, мақтаның полиэфир талшықтарымен аралас түрінде (полиэфир талшығының мөлшері 33%-ден астам) жіпен шығару жөн.
Арнайы қолданылатын маталар топшасына жатық боялған 5-6 артикул маталар кіреді. Оларды арнайы соңғы өңдеу өткізіп шығарады және де негізінен арнайы киім тігуге қолданылады.
Меланж және түрлі түсті тоқылған маталар топшасы 50 артикул шамасында. Оларды меланж өндірісінде боялған матадан немесе оның синтетикалық талшықтары мен қоспасынан шығарады. Бұл топшаға джинс маталар да кіреді, олардың негізгі индиго бояғыш затын қою көк түске боялған мақта жібінен, ал арқауы сұр 84 текс мақта жібі. Ауыр джинсі маталардың беттік тығыздығы 420-450 г/м2. Жеңіл джинсі маталар сызықтық тығыздығы 72; 55,5; 50 текс жіппен тоқылады. Олар балалар және спорттық киімтерге, шалбарға, костюмдерге арналған.
Қыстық маталар топшасы 6 артикулдер шамасында. Оларға мақта-мата шұғасы, күдері және шибарқыт жатады. Маталардың бетінде әртүрлі түктеу жабдықтарының көмегімен тығыз ұйпа қалыптастырады. Маталарды меланж өндірісі шығаратын боялған мақтадан иірілген жіптен өндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет