§7.5. Шлихталанған жіп сапасын тексеру
Жіпті шлихталау сапасы оның тоқу кезіндегі үзілгіштігіне әсерін тигізеді. Сондықтан фабрикаларда бірнеше параметрлері жүйелі түрде тексеріледі.
Негізгі бақыланатын параметрлерге көрінетін және нақтылы желім шығымы жатады.
Шлихталанған жіптің ылғалдылығы машинадағы аспаптың көрсетуімен және таразылық тәсілмен бағаланады. Міндетті түрде бақыланатындар:
жіптің созылуы;
науадағы шлихтаның деңгейі және температурасы;
желіні сығу дәрежесі;
барабандардағы су қысымы;
шлихталау жылдамдығы;
жіптің ұзаруы;
тоқу станогында жіптің үзілгіштігі.
Шлихталауда болатын ақаулар:
- аз желімденген немесе тым желімденген желі жіптер. Шлихтаның концентрациясы аз немесе жоғары болғандықтан болады;
- желімдеу шығымының әркелкілігі. Науадағы шлихтаның деңгейі күрт өзгеруінен, сығу біліктерінің біркелкі қыспауынан, шлихтаны біркелкі қыздырмағандықтан болады.
- жөнді кептірілмеген немесе тым кептірілген желі. Шлихталау жылдамдығы жоғары және кептіру температурасы жеткіліксіз немесе шихталау жылдамдығы төмен, машинаның көп тұрып қалғандығына, кептіру температурасы тым жоғарылағаннан болады;
- желі көлденеңінен желімденуі, яғни машина ұзақ уақытқа тоқтағанда жоғары сығу біліктері көтерілмей қалғандықтан болады;
- айқасқан желілер. Жұмыс үрдісінде қатарға жіптерді салу уақытында орындалмағандықтан болады;
- тізбенің орағышқа дұрыс оралмауы. Тістері арасына жіптерді дұрыс орналастырылмағандықтан болады.
- керілген желілерү Науаның және машинаның басқа бөліктерінің нашар тазартылғанынан.
Қалдықтар жұмсақ және желімденген жіптердің шеттерін және кесілген қамыттардан пайда болады. Қалдықтардың жалпы мөшері шлихталау машинасына түскен жіптердің салмағынан 0,1-0,2% болады.
§7.6. Шлихталау техникасы мен технологиясын жетілдіру
Келешекте шлихталау үрдісін құрғақ тәсілге, яғни сусыз шлихтаға қолдануға көшу қарастырылады.
Қазіргі уақытта тағам өнімдеріне жататын желімдегіштерді синтетикалық полимердерге ауыстыру әдісрі іздестірілуде.
Модификацияланған крахмал сула жақсы ериді және шығыны 30% төмен.
Екі науалы жоғары жылдамдықты көп барабанды, желіні сулаған түрде бөлу немесе оның екі бөлігін бөлек кептіру машиналары қолданылады. Тізбе орағыштардың оралу диаметрі 800- 100 мм-ге жетеді.
Екі тізбе орағыш станоктарға екі тізбе орағышқа қатар орау машинасы оралады.
Достарыңызбен бөлісу: |