1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т



бет58/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   98
Байланысты:
Құтжанова

§9. Ақау түрлері
Желі жіптерін түйін байлау машинасында жалғағанда әртүрлі ақаулар кездеседі. Олардың бірі - әлсіз байланған түйіндер, жалғанған желі жібін ремиз арқылы өткізгенде олар шешіліп, түйінде жіптерлің ұзын шеттері қалады. Тоқу станогында бұл жіптер көрші желі жіптеріне есіліп, олардың үзілуіне алып келеді.
Тағы бір ақау – жұптар. Мұнда жіптің бір шеті басқа екі шетімен байланады.
Сонымен қатар желі жіптер айқасып жіптердің үзілуін көбейтеді.

§10. Арқау жібін дайындау



§10.1. Арқау жіптерін қайтадан орау

Желі жіптері сияқты арқау жіптерін тоқу алдында арнайы формалы және өлшемді қалыптарға қайтадан орайды. Қайта орау кездерінде арқау жіптерін тазартады, әлсіз жерлері алынады. Сондықтан тығыз оралған собықтар алынады. Бобиналар көбіне қайықсыз тоқу станогында қолданылады. Жіптің шаыспауы, үзілуі болмауы үшін тоқу алдында бумен немесе эмульсиямен өңделеді. Егер арқау жіптері Бд-200 машинасынан келетін болса, онда жіптерді бірден тоқыма станоктарына жібереді. Арқау жіптерін орау үшін автоматтандырылған УА-300 машинасы қолданылады (40-сурет).


УА-300 машинасының жұмыс принципі. Арақау жібін орайтын автоматта мына үрдістер жүреді: жіпті төгу, орау, тазарту, ақаулардан ажырату. Автоматқа жіп айқасып орлаған бобиналармен түседі. Бобинадан төгілген арқау жібі (2) сымды сақинадан өтіп тарту қондырғысының дискісіне айналып, бағыттаушы шиыршықтан өздігінен тоқтайтын ілмектің көзіне келіп түседі. Бұл ілмек жіптің тартылуын реттейді. Одан кейін жүргізгіштің (8) көзінен қтіп, шөлмекке (10) оралады. Шпуля (11) және (9) шпиндельдердің арасында қарастырылған. Жіп жүргізгішке (8) қайтымды үдемелі қозғалысын жұдырықшасымен (6) іске асырады. Жұдырықша айналымы білікшеде (7) қондырылған. Сонымен қатар жіп жүргізгіш шпуляға параллель боймен қозғалады. Қолданылған шпуля автоматты түрде қысылудан басталып жәшікке түседі. Ал оның орнына бос шпуля қондырылады. Шпуляны ауыстырғанда жіп жүргізгіш бастапқы жағдайда болады. Жіп жәшікке түскен шпулядан бос шпуляға қиылады.
Орау механизмі жұмысқа кіріседі. Аталған операция 7 секунд ішінде жүреді. Аталған автоматты ұзындығы 240 м болатын шпуляға арқау жіптері оралып, автоматты тоқыма станогына жіберіледі.


40-сурет. Автоматтандырылған УА-300 машинасының сұлбасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет