Тоқу тізбе орағышына оралған желі жібі соңғы дайындау операциясынан – сабақтаудан өтеді.
Желі жіптерін тоқу станогында сабақтау үшін оларды белгілі ретпен желі бақылағыштың ламельдеріне, ремизкалардың галефтерінің көздеріне және бердоның тістеріне өткізеді. Сабақтау тоқу станогында белгілі бір айқаспа жүйесімен мата алу үшін және желісі бойынша 1 дм ұзындықта жіптердің санына байланысты болады.
Жіптерді жалғау тізбе орағыштағы бітетін желі жіптерінің шеттерін жаңадан басталатын желі жіптерінің шетімен түйінмен байлау. Сабақтау және жалғау операциялары өте күрделі. Өндірісте көбіне жалғап байлауды жиі қолданады. Бірақ ол қолмен сабақтауды мүлдем тастамайды.
Матаның ассортименті өзгергенде ремизкалармен және бердоға жіптің сабақтау реті өзгереді.
Сабақтау көбіне қолмен жүргізіледі.
Тоқу станогының гарнитуралары – ламельдер, ремизкалар және бердосы алып салмалы бөлшектері болып саналады (39-сурет).
Ламель – желі жіптерді бақылаушы бөлшегі. Желі жіптер үзілгенде тоқу станогының жұмысын тоқтатады.
Ламельдің өзі тесігі бар жұқа болат табақша. Бір тесігіне (1) желі жіп өткізіледі (сабақталады), ал екінші тесігіне (2) желі бақылаушының білте тақтайшалары қондырылады. Ламельдің салмағы мен өлшемі жіптің сызықтық тығыздығына байланысты болады.
Ремизкалар тоқу станогында күзу жасау үшін қолданылады. Әрбір ремизка галевтер кигізілген екі металл немесе ағаш жұқа (3) тақтайшадан тұрады. Галевтер металдан, жіптен (8) жасалынуы мүмкін. Галевтер (6) көздеріне жіп сабақталады. Галевтер екі сымға (5) өткізіледі. Сымдар бүйір қысқыштарының (7) тесіктеріне енгізіледі. Бүйір қысқыштар тақтайшалармен (3) қосылған және қамытпен (4) ұсталынады. Галевтер көзінің формасы матаның түріне және желі жібінің сызықтық тығыздығына байланысты болады.
Ремизкалар жалпы саны матаның желісі бойынша раппортына, тығыздығына байланысты.
Бердо матаның ені бойынша жіптердің орналасуын реттейді және де желісі бойынша 1 дм-ге жіптің саны қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар бердо арқау жіптерін матаның шетіне қағады және станок қайығының бағыттаушысы ретінде жұмыс жасайды.
Бердолар пісірілген (39,д-сурет) және дәнекерленген (39, д-сурет) түрге бөлінеді. Пісірілген бердо бірнеше қатарланған жазық металл тістерден (9) тұрады. Тістердің арасына желі жіптерін сабақтайды. Бердоның өлшеміне қарай тістерінің саны әр түрлі болады, ал жіптердің саны 1-4-ке дейін болады.
Сабақтау қолмен немесе механикаландырылған әдіспен жүргізіледі.
Желі жіптерін жалғау түйін байлау машинасында орындалады.
а) ламель;
б) ремизкалар;
в) сымнан бұралған галевтер;
г) жіпті галевтер;
д) пісірілген бердо;
е) дәнекерленген бердо.