1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т



бет55/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   98
Байланысты:
Құтжанова

§7.4. Шлихталау машиналары

Шлихталау машиналары желі жібіне шлихта салу, артық шлихтаны сығу және кептіру операцияларын орындайды. Кептіру жіптері бір-біріне жабыспайтындай тоқу тізбе орағышқа тығыз оралатындай жәрежеде орындалады. Сонымен қатар, машинада ұзындығы тағайындалған бөліктерге желінің жалпы ұзындығын белгілейді.


Шлихталау машиналары кептіру процесіне немесе кептіру агрегатының конструкциясына қарай барабанды (екі және көп барабанды) және камерелық болып екіге бөлінеді. Біріншіде кептіру контактілік әдіспен, ал екінші конвективтік, яғни ыстық ауа ағынымен орындалады.
Мақта-мата өндіріснде көп барабанды шлихталау машиналары кең қолданылады.
38-суретте тоғыз барабнды шлихталау машинасының технологиялық сұлбасы көрсетілген.
1 4 6 7 8 9 10 11

2 3 5
38-сурет. Тоғыз барабанды шлихталау машинасының технологиялық сұлбасы


Желі жіптер тізбе отағыш біліктерден (1) бірінші тарту білігінің (2) әсерінен төгіледі. Тартылу дәрежесі тізіп орау тіреуінің тежегіш жүйесімен орындалады. Одан желі жіптер дақтанбайтан боаттан жасалған шлихталау науасына (3) түседі.


Науаның қабырғалары қосқабатты. Олардың арасында жылу сақтап тұру үшін сұйық глицерин құйылған. Жылыту үшін науаныі түп кеңістігінде қаныққан бу жеберіліп тұратын құбыр бар. Біліктің (2) резеңкелі жамылғысы бар.
Науада (3) желі жіптер тегістелген шығыршықтың (4) көмегімен шлихтаға малынады. Ол да дақтанбайтын болаттан жасалынған. Шлихтанған жіптер екі сығу біліктер жұбымен (5) сығылады.
Науадағы шлихтаның деңгейі және оның температурасы электронды реттегіштермен тұрақты деңгейде ұсталып тұрады. Ыстық шлихтадан буланып шығатын ылғалды сыртқа шығару үшін науаның жоғары тұсында сорып алу зонды болады.
Машинаның кептіру бөлігі (6) тоғыз кептіру барабанынан, үш бағыттағыш шығыршықтан, қозғалтқыштан және бу конденсатының құбырынан тұрады. Бірінші бес барабан және кептіру агрегатына желінің кіретін жағындағы бағыттағыш шығыршықтар антиадгезиялық лактанған матамен қапталған. Өйткені онсыз желі жіптер барабандар мен шығыршықтардың беттеріне жабысып қалады.
Буды жіберу машинасының іске қосылуына және тоқталуына байланысты. Машинаның жұмыс жайында бу қысымен және барабандардың температурасын тұрақтандыру қысымын және барабандардың температурасын тұрақтандыру қысым реттегішпен орындалады. Машинаның барлық кептіру бөлігі жылжымалы есіктері бар кожухпен жабылған. Жіптердің кептіру агрегатында қозғалысын кептіру желінің шығатын жерінде орналасқан екінші тартқыш білікпен (7) және екі шығыршықпен орындайды.
Тартқыш біліктен кейін желі бірнеше тармақтарға бөлінеді. Бөлгіш алаңында (8) парафиндеу аспабы орнатылған. Одан желі қатардан (9) өтіп, тізбе орағыштың ені бойынша жіптер біркелкі таратылып бөлінеді. Жіптер шығару білігі (10) мен орағыш нығыздағышының әсерінен тоқу тізбе орағышқа (11) оралады. Машинаның шығару бөлігінде өлшеп таңбалау аспабы, тізбе орағышта түсіру механизмі және желіні тарту реттегіш орналастырылған.
Машина ылғалдылықты реттегішпен жабдықталған.
Машинаның әр жерінде созылуды реттейтін жұмыс органдарының жылдамдығын реттегіштер бар.
Сонымен қатар, машина екі негізгі қозғағышпен жабдықталған. Оларжың біреуі жұмыс қозғаласын, ал екіншісі жай немесе жіпті енгізу қозғалысын қамтиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет