Мақта мата өндірісінде басып шығару технологиясы көбіне активтік бояғыштармен өткізіледі. Басып шығару үшін арнайы қоспа дайындалады:
Активті бояғыш зат ........................................................................ 10-50г;
Мочевина ........................................................................................ 50-150 г;
Натрий бикарбонаты ...................................................................... 10-15 г;
Лудигол ............................................................................................. 10 г;
Су 700С .......................................................................................... 250-300 г;
Қойыртқыш зат ........................................................................ 1000 г дейін.
Қойыртқы зат ретінде натрий альгинаты, карбоксилметилцеллюлоза КМЦ қолданылады. Қоспаның құрамындағы заттарды суда ерітіп, қойыртқыш заттармен араласытырылады.
Қоспамен сурет басылған кейін 2-5 минут ішінде 102-1050С температурада жетілдіріледі. Басып шығарылған мата сумен жуылады.
Кубтық бояғыштар суда ерімейтін болғандықтан димпертор немесе глицеринмен араласытырылып поташпен қосылады. Поташ сілтілік орта жасау үшін қолданылады. Ал бояғыш зат толығымен еру үшін ронгалит қосылады.
Рецептура:
Бояғыштың пастасы ..................................................................... 20-100 г;
Глицерин ....................................................................................... 40-50 г;
Поташтың сумен қоспасы 1:1 ..................................................... 150-200 г;
Ронгалиттің қойыртқышпен қоспасы 1:1 .................................. 150-200 г;
Қойыртқыш зат .................................................................... 1000 г дейін.
Қойрытқыш зат матаны кептіріп, тотықсыздандыру камерасына жеткізеді. Мұнда 102-1050С температурада 10-12 минут уақытта қаныққан су буымен жетілдірілді. Одан кейін жайма суық сумен жуылып қайтадан тотықтырғышпен өңделеді. Бояғыш зат бастапқы түріне келтіріледі. Тотықтырылу ашық ауадан немесе сутегі пероксид ортасында жүргізіледі.