1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т



бет78/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   98
Байланысты:
Құтжанова

§6. Өңдеу ақаулары

Дайын матаның ақауларына жататындар:


- толық боялмау – мата ақшыл, бояу матаға толық өтпеген. Арқау матаны бояуға дұрыс дайындамағандықтан, бояуға дұрыс дайындамағандықтан, бояу режимінің бұзылуынан болады;
- әртүстілік – бояудың біртіндеп ашық түстен қоңыр түске қарай ауысуы. Әртүстілік матаның бір бөлігінде немесе бүкіл бір партиясында болуы мүмкін;
- кертпештер – дұрыс жазылмаған матаны бояғанда пайда болатын ашықтау жолақтар;
- кіршеңдік – бояғаннан соң матаны дұрыстап шаймағандықтан бояуының үйкеліске шыдамсыз болуы. Бұл ақау матаның сортын анықтағанда ескеріледі.
Сурет басу барысындығ ақаулар бояудың ластығының, біліктің майысқан жерінде ракляның кетік болуы, матаның дұрыс дайындалмауы, бояудың не сұйық, не өте қою болуы салдарынан болады. Мұндай ақаулар түріне жататындар:
- білік ұрылуы – басқыш білік бетіндегі майысқан жердің таңбасы мата бетінде қайталанып түсе беруі;
- штриф-ракляның жүзінде кетік болуы салдарынан матаның оң бойына түрлі-түсті жіңішке сызықтың пайда болуы;
- растраф – көп түсті өрнек суретінің сәйкес келмеуі;
- шерту – ақ сызықпен екіге бөлінген дақ;
- суретпе – ракляның жүзіне жіп немесе мамық ұлпа жабысса мата бетінде түрлі-түсті толқынды жолақ пайда болады;
- суреттің қисық шығуы – матаның басу кезінде жөндеп керілмеуі салдарынан пайда болады;
- дақ, таңба – матаның бойына басылған суреттің нашар түсуі.


§7. Маталарды бақылау
Өңдеуден өткен матаны өлшеу қажет. Мұндай операцияны өлшеу-бүктеу машиналарында жүргізіледі. Дана бұйымдар және кейбір киімдеік маталарды қолмен ректометрлерде өлшейді. Маталарды бақылау үшін арнайы бақылау-өлшеу-орау машиналары қолданылады. Олар мақта маталарын тексеріп бақылауға өлшеуге және бөліктерге орауға тағайындалған. Солардың қатарына БМН-120машиналары жатады. Машинада мата жазылған түрінде көлбеу жазықтықпен жылжып тұрады. Бұл бақылаушыға матаны жақсы көріп бақылауға ыңғайлы. Мата тауарлық білікке оралады да, байлауға, буып-түюге жіберіледі. Машина матаның ұзындығын өлшейтін және ауысымдағы өнімін тіркейтін есептегішпен қамтылған. Есептегіш тура және кері бағытпен де жұмыс жасайды. Ақауы бар бөліктерді бөліп алу үшін есептегіш кері бағытта жұмыс жасайды. Бақылау мата жылжығанда жүргізіледі. Мата екі жылдамдықпен жұмыс жасайды: 31,5 және 39,5 м/минут. Мұндай жылдамдықпен пайдалы уақыт коэффиценті 0,6 болатын болса, 7 сағат ішінде 4,74-9,96 мың м матаны бақылаудан өткізуге болады. Қазіргі уақытта фабрикалар жаңа Б бақылау машиналарымен қамтамасыз етілген. Олардың жұмыс ендері 120, 140, 180 см.
61-суретте бірдей конструкциялық негізде құрастырылған бақылау машиналарының бірінші және екінші (а), үшінші (б) және төртінші (в) модификациялары көрсетілген. Матаның сапасын оның сыртқы түрін әбден қарап тексеріп өткізеді. Барлық шикізаттың және тоқымашылық ақауларын, сонымен қатар бояу, сурет басу және өңдеу ақауларын қатаң түрде есепке алу қажет. Мемлекеттік стандарттармен қарастырылған талаптарға сәйкес матаның бояуының беріктігін, енін, тығыздығын және де басқа көрсеткіштерін анықтайды. Матаның сортын бақылау кезінде табылып сыртқы ақаулары бойынша анықтайды. Бір уақытта өлшемі 80-85 м болатын біртегіс маталардың техникалық кесектерін ұзындығы 40±3 м тауарлық көсектерге кеседі. Матаның сорты шартты бірлікте – баллмен – ақаулылығы бойынша бағаланып сипатталады: сорт жалпы балл қосындысы бойынша бірінші, екінші сортпен анықталады. Әрбір сорт үшін мата кесегінің шартты ұзындығына балл қосындысымен көрсетілетін ақаулардың шектелген саны тағайындалған. Дайын маталарды сыртқы түрлерінің ақаулары бойынша сортын анықтағанда арнайы инструкциямен жетекшілік етіледі. Онда барлығы болуы мүмкін және болуға тиіс емес ақаулар көрсетіледі және ақаудың өлшеміңе қарай әрбір ақау бал арқылы бағаланады.

61-сурет. Бақылау-өлшеу машинасына матаны енгізу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет