1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



бет82/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   98
Байланысты:
Құтжанова

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



  1. Беймата материалдарды өндіру тәсілдері қандай? Беймата жаймасының құрылымдық элементтерін бекіту тәсілдері туралы айтып беріңдер?

  2. Тоқыла тігілген және инетесімді беймата материалдар дегеніміз не? Қандай машиналар қолданылады? Олардың жұмысын сұлба бойынша айтып беріндер?

  3. Беймата жаймасын химиялық тәсілмен өндіруге сипаттама беріңдер?

  4. Желімденген беймата жайманы біріктіруге не қолданылады?

  5. Беймата материалдарды қолдану туралы қысқаша айтып беріңдер?



VІ. ТРИКОТАЖ ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ


§1. Трикотаж ұғымы


§1.1. Трикотаж өрімдерінің құрылысы мен қасиеттері

Трикотаж деп ілмектерден тұратын, бір не бірнеше жіптерден өзара бойлай және көлденең бағытта іліп тоқылған тоқыма бұйымды немесе жайманы атайды.


Трикотаждың негізгі элементі – ілмек – қисық сызық, оның ұзындығы мен формасы трикотаждағы бір қатар маңызды қасиеттерді белгілейді.
Ілмек (67-сурет) екі шектес ілмектердің негізін біріктіретін қаңқадан (2-3-4 жоғары доға және 1-2 мен 4-5 таяқшалардан) және созылмалардан (0-1 мен 5-6) тұрады. 2-3-4 жоғары доғаны инелі, ал 5-6-7 созылмалы – платинаны доға деп атайды.



а) б) в) г)


70-сурет. Ілмекті, тілшікті, құбырлы және қуыс инелер

Трикотажда тігінен бір-біріне тізілген ілмектерді, ілмекті бағанша, ал горизонталь бойынша бір қатардағы – ілмекті қатарлар деп атайды.


Екі шектес ілмекті бағаншалар орталықтарының аралығын ілмекті қадам деп атайды және А әріпімен белгілейді, ал екі ілмекті қатарлар орталықтарының аралығын – ілмекті қатар биіктігі атап В әріпімен белгілейді.


71-сурет. Инелер түрі. а – ілгекті: б – тілшікті.

Жіпжүргізгіш – болаттан жасалған жайпақ өзек, оның тесігі арқылы жіпті өткізіп инеге салады.


Платиналар – болаттан жасалған түрлі фигуралы жіңішке тілім, инелердің арасында орналасады, қызметі жіпті ілмекке иілдіру, иненің өзегі бойымен жылжыту және жаңа ілмекті түсіру мен тарту операцияларына қатысу.
Прес (ілгекті инелі машинада) иненің ілгегін жабады. Формасы әртүрлі, мысалы, доңғалақша, білеуше, етікше тәрізді және иненің үстінде немесе алдында орналасады.
Ілмек құрау үрдісі екі тәсілмен орындалады: трикотажды және іліп тоқу (тоқу).
Трикотаж тәсілін ілгекті инелі шеңберлі трикотаж машинасында қолданылады, мұнда жіптің иілу (иілдіру) бірден жіп инеге салынғаннан кейін орындалады; іліп тоқу (тоқу) тәсілінде жіптің иілуі бұрынғы ілмекті түсіру және жаңа ілмекті қалыптастыру кезінде орындалады.
Трикотаж тәсілінде ілмек құрауды бастау үшін бұрынғы (ескі) ілмектер қатары болу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет