1-кесте Балтика және тмд мемлекеттерінде мақта талшықтарын өндіру және тұтыну, мың т


§2. КТ- машинасының ілмек құрау процесі



бет83/98
Дата21.10.2023
өлшемі2,84 Mb.
#120266
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   98
Байланысты:
Құтжанова

§2. КТ- машинасының ілмек құрау процесі

Трикотаж тәсілі ілмекті инелі шеңберлі тоқымалы машинасында қолданылады, мұнда жіптің иілуі бірден жіп инеге салынғаннан кейін орындалады.


Трикотаж тәсілінде ілмек құрау үдерісі мына операциялардан тұрады (72-сурет): 1) аяқталау; 2) жіпті салу; 3) иілдіру; 4) шығару; 5) престеу; 6) келтіру; 7) қосу; 8) түсіру; 9) қалыптастыру; 10) тарту.
Кт типтес машинасында осы операциялар қалай орындалады және әр операцияның маңызын қарастырамыз:
І. Аяқталу (72, а-сурет). Операцияның маңызы, 1 бұрынғы ілмек иненің өзегі бойынша төмен негізіне қарай жылжиды, нәтижесінде жаңа жіпті салатын аралық пайда болады.
КТ типтес машинасында аяқталудың жалпы біртіндеп орындалатын түрі қолданылған, оны инелі цилиндрдің ішінде инелер және жоғары қарай тартылған жайманың арасында орналасқан аяқтағыш диск орындайды. Аяқтағыш диск жайманы жоғарыдан иненің тыс жағынан басып бұрынғы ілмектерді иненің ілгегінің астынан оның өзегіне жылжытады;
ІІ. Жіпті салу (72, б-сурет). Жаңа жіп жіпжүргізгіштің көмегімен иненің ілгегінен төмен өзегіне салынады.
КТ типтес машинада жіпті инеге үздіксіз біртіндеп салады. 3 жіп қозғалмайтын жіпжүргізгіштің тесігі арқылы өтіп, 2 игіш платина тұмсының астына түседі, сәл иіліп айналған инелі цилиндрдегі инелердің өзегіне бағытталады;
ІІІ. Иілдіру (72, в-сурет). Иілдіру деп инеге салынған жаңа жіптің иілуін айтады.
КТ типтес машинасында инеге салынған 3 жіп, цилиндрдің сырт жағынан инелердің арасына кірген 2 игіш платиналардың көмегімен иіледі.
Игіш платиналар мен ине өзектерінің арасындағы ілінісу тереңдігінен иілдіру тереңдігіне байланысты, себебі алынған ілмектің мөлшері анықталады.
Иілдіру тереңдік басты фактор болып есептеледі, оған машинада өндірген трикотаждың тығыздығы байланысты. Иілдірудің орындалу үшін, жаңа жіп тұрақты созылумен берілу қажет, себебі бұдан алынған ілмектердің біркелкілігі байланысты, демек трикотаждың дұрыс құрылысы;
ІV. Шығару (72, г-сурет) платиналар көмегімен жаңа тұйықталмаған ілмекті (иілген жіпті) ине ілгегінің астына шығару (кіргізу).
КТ типтес машинасында шығару операциясы игіш платиналардың көмегімен орындалады, олар цилиндр айналғанда жаңа тұйықталмаған ілмектерді біртіндеп ине бойымен жоғары қарай, ілгектің астына кірмейінше жылжыта береді.
Аяқтағыш дисктің әсері салу, иілдіру және шығару операцияларында жалғаса береді және бұрынғы ілмектерді жоғары көтерілуден ұстап тұрады;
V. Престеу (72, д-сурет) прес ілмектің ұшын иненің өзегіндегі ойысқа батырады. Бұл операцияның мақсаты – бұрынғы ілмекті ілгектің астына кіргізбеу;
VІ. Келтіру (72, е-сурет) бұрынғы ілмек жайманы тартатын күш және платиналар әсерінен престелген инелердің ілгегіне қарай жылжиды.
КТ типтес машинасында келтіру операциясы біртіндеп 4 келтіргіш платиналар көмегімен тікелей орындалады.
Осы платиналар инелердің арасына сырт жағынан әр деңгейде кіреді. Олар инелі цилиндрдің ішкі жағында арнайы келтіре-түсіргіш дөңгелекте бекітіледі. Инелі цилиндр және келтіре-түсіргіш дөңгелек айналған кезде бұрынғы ілмек платиналар әсерінен біртіндеп ине бойымен көтеріліп иненің престелген ілгегіне алып келтіріледі.

е) ж) з) и)


72-сурет. КТ машинасының ілмек құрау процесі

Келтіру операциясының орындалуына сонымен қатар жайманы жоғары қарай (сұлбадағы бағыт бойынша) тартатын күш әсер етеді;


VІІ. Қосу (72, ж-сурет) бұрынғы ілмек иненің ілгегі бойынша жоғары қарай жылжып жаңа ілмекпен бірге қосылады.
Қосу – бю\ұл бұрынғы ілмекпен ілгектің астындағы жаңа тұйықталмаған ілмектің түйісуі. Қосуды орындаудың алдында жаңа тұйықталмаған ілмек (иілдіруден кейін) ине ілгегінің астында болуы қажет.
Сондықтан бұрынғы ілмек ілгектің астындағы жаңа тұйықталмаған ілмекпен бірікпейінше, ілгектің ерекше майысқан формасымен оның тұрақты жайы қамтылады.
Осы операцияның орындалуына жайманың созылу күші де әсер етеді.
VІІІ. Түсіру (72, з-сурет) бұрынғы ілмек инелердің басынан жаңа құрылған ілмекке түседі. Бұл операцияның маңызы бұрынғы ілмек еріксіз иненің ілгегінен түсіріледі.
КТ типтес машинасында осы жай бұрынғы ілмек иненің ілгегінен сырғып түспейінше келтіре-түсіргіш платиналармен орындалады. Бұл операцияны орындауға тарту күші ықпал етеді;
ІХ. Қалыптастыру (72, и-сурет) жаңа ілмек, алдыңғы ілмектер арқылы созылып, солармен мөлшері бердей болады.
КТ типтес машинасында қалыптастыру келтіре-түсіргіш платиналар және тарту күш әсері арқылы орындалады;
Х. Тарту (72, и- сурет) құрылған ілмек қатарын арнайы механизм тартады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет