Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
Мақта маталарын өңдеу қандай негізгі кезеңдерден тұрады?
2. Сұр өңделмеген матаны дайындау процесінің мәні және мақсаты неде?
3. Мақта маталрын отпен шарпу не үшін жүргізіледі? Қандай маталар түрі мынадай операциялардан өтпейді?
4. Әмбебап газ жалынымен шарпу машинасының сұлбасы бойынша жұмыс жасауын айтып беріндер?
5. Шлихтадан тазарту операциясының сұлбасы бойынша жұмыс жасауын айтып беріндер?
6. Маталарды қайнату қандай мақсатпен жүргізіледі?
7. Қайнату процесінің үздікті тәсілімен орындалуын қысқаша сипаттап беріндер?
8. Қайнату кезеңінен кейін маталарда қандай ақаулар болуы мүмкін?
9. Қандай процесті маталарды ағарту деп атайды?
10. Ағарту процесін химиялық тұрғыдан түсіндіріп беріңдер?
11. ЛЖО-2 желісінде ағарту процесі қалай өтеді? Желінің құрамына қандай машиналар кіреді?
12. ЛЖО-2 ағарту жүйесінің ЛЖО-2 желісінен айырмашылығы неде?
13. Мақта матасын мерсерлеу деп қандай өңдеуді айтады?
14. Қандай машиналар маталарды түктеуге қолданылады? Қандай жұмыс органдарымен түктеу орындалады?
15. ИВ-36-180 инелі түктеу машинасының жұмысын түсіндіріңдер?
16. Тоқыма материалдарға бояу процесіне қандай талаптар қойылады?
17. Мақта маталарына қолданылатын бояғыш заттар қалай топтастырылады?
18. Бояғыш заттардың атаулары қалай құрастырылады?
19. Қандай мақсатпен текстильдік көмекші затар мата өңдеуде қолданылады?
20. Мата бояу процесінің негізгі төрт кезеңдері қандай?
21. Бояудың беріктігі неге байланысты?
V. Беймата жаймаларын өндіру
Беймата бұйымдар көбіне жайма түрінде ұзындығы 3 мм-ден қысқа емес талшықтардан немесе жіптерден жасалған жайғақтардан өндіріледі. Жайғақ бір немесе бірнеше қабаттан жасалынады. Жайғақ сирек тоқылған матамен, трикотаж жаймасымен, қабыршақпен қатырмалау арқылы да шығарылады. Беймата жаймалар матаға ұқсас көрінеді, бірақ құрылымы және қасиеттері бойынша айырмашылығы көп. Жайғақтар бір бірімен әртүрлі әдіспен бекітіледі. Бекітудің 3 әдісі белгілі: механикалық, физика-химиялық және аралас. Механикалық әдістермен өндірілетін бейматаларға іліп тоқыла тігілген жайма, инетесімді және киізбасылым жайма жатады. Іліп тоқыла тігілген жайма дайындағанда талшықта жайғақтарды жаймаға бекіту оларды тартылған жіптермен немесе талшықпен іліп көктеу қолданылады.
Инетесімді беймата жайманы жасағанда ұшында кетікшелері бар арнайы инелермен тесу арқылы жоғары қабаттан төменге қарай енгізіп жайғақты бекітеді.
Киіз бастыру тәсілімен беймата жүн немесе құрамында жүн басым болатын жайғақты арнайы ортада және жағдайды механикалық әсер ету әдісімен жасайды. Жүн талшықтарының бір-бірімен ілінісу нәтижесінде жайғақ киізденеді.
Физика-химиялық тәсілмен бейматаны жайғақтарды сұйық байланыстырғыш заттар (желімдер) арқылы біріктіру немесе ыстықпен әсер ету әдісімен (престеу) жасайды.
Аралас тәсілге жоғарыда аталған тәсілдердің екі немесе одан да көбін қолдану арқылы алу жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |