1. Кіріспе. Биология ғылымының тарихи және зерттеу нысандары


ОРГАНИКАЛЫҚ ӘЛЕМНІҢ ӘРТҮРЛІЛІГІ



бет29/42
Дата25.05.2022
өлшемі144,87 Kb.
#35602
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42
Байланысты:
Био кіріспе сессия

42.ОРГАНИКАЛЫҚ ӘЛЕМНІҢ ӘРТҮРЛІЛІГІ
Органикалық дүние – Жер бетінде тіршілік етіп, жойылып кеткен және осы кезде тіршілік етіп жатқан организмдердің жиынтығы. Ресми деректер бойынша қазіргі кезде саңырауқұлақтардың 100 мыңнан астам, өсімдіктердің 500 мыңдай, жануарлардың 2 млн-ға жуық түрлері тіршілік етеді. Палеонтолог ғалымдардың мәліметтеріне қарағанда жойылып кеткен организмдердің тек 0,01%-ының ғана қаңқа қалдықтары сақталған. Тірі организмдерді құрылыс ерекшеліктеріне қарай алғаш рет өсімдіктер мен жануарлар деп бөлген грек ойшылы Аристотель, оның шәкірті Теофраст болды. Тірі организмдерді жүйелеуде К.Линнейдің, Ж.Ламарктің, Э.Геккельдің еңбектері зор. Ал өсімдіктерді жіктеуде көбінесе орыс ғалымы А.Л. Тахтаджян (1910 ж. т.) ұсынған жүйелік топтар пайданылады.

Тірі организмдерді жүйелеуде қазіргі кезде ең жоғары жүйелік топ – империя деген ұғым қолданылады. Қазір осындай 2 империя бар:



клеткалық құрылысы айқын емес организмдер (Прокариоттар)
клеткалық құрылысы айқын организмдер (Эукариоттар).
Органикалық дүние бірнеше тіршілік деңгейлерінен құралады. Ең қарапайым тіршілік деңгейі – молекулалық, ал ең үлкен тіршілік деңгейі – биосфералық деңгей деп аталады. Органикалық дүниенің эволюциялық даму барысында ең жоғары, ең соңғы сатыда тұрғаны – саналы адам (Homo sapіens). Тірі организмдердің қазіргі биосфералық дамуы ноосфера деңгейіне көтерілгендігін дүниежүзі ғалымдары мойындайды.
43.МИКРОЭВОЛЮЦИЯ ТҮСІНІГІ
Микроэволюция(микро… және эволюция) – бір түрге жататын популяциялар ішінде жүретін әрі сол популяциялардың гендік қорының өзгеруіне және жаңа түрлердің пайда болуына алып келетін эволюциялық процестердің жиынтығы. Микроэволюция терминін ғылымға енгізген Ресей ғалымы Н.В. Тимофеев-Ресовский (1938 жылы).
44.Макроэволюция түсінігі
Макроэволюция (макро және эволюция) — түрден де жоғары деңгейдегі (туыстұқымдасотрядкласс, т.б.) таксондардың қалыптасуына ықпал ететін эволюциялық өзгерістер. Макроэволюция терминін тұңғыш рет ғылымға орыс ғалымы Ю.А. Филипченко енгізген (1927)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет