1. Клетка ілімінің пайда болу тарихы. Клетка теориясының негізгі қағидалары


Н.И. Мечниковтын фагоцитос теориясына түсініктеме берініз



бет19/72
Дата06.01.2022
өлшемі426,31 Kb.
#11922
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   72
Байланысты:
Клеткалар мен ұлпалар биологиясы

15. Н.И. Мечниковтын фагоцитос теориясына түсініктеме берініз

Фагоцитоз (фаг және грек. kytos — жасуша) — бір клеткалыорганизмдердің немесе кейбір көп жасушалы жануарлар жасушасының микроскопиялық бөтен тірі нысандар (бактериялар, т.б.) мен қатты бөлшектерді жұтып алып, қорытып жіберуі. Фагоцитоз процесі организмдердің қарапайым қоректенуінің негізінде жүзеге асады. Организмдердің бұл қабілеті эволюция барысында фагоциттерге ауысқан. Сондай-ақ кейбір жануарлардың ооциттері, ұрық жасушалары, дененің жазылғыш қуыстары және көздің пигменттіэпителийлері де нысан бөлшектерін белсенді түрде жұтып, қорыта алады. Фагоцитоз құбылысын және оның иммунол. Маңызын И.И. Мечников ашқан (1882). Фагоцитоз осы процеске қатысатын нысандар мен фагоциттердің жақындасуы (хемотаксис) және аттракция (фагоцит бетіне микробтардың жабысуы), қармап алу, жасуша ішінде қорытылу сатыларымен өтеді. Кейбір микробтар (мысалы, алапесті қоздырушылар) организмдегі фагоциттердің ішінде орналасқанда ғана әрекет ете алады. Фагоцитоз процесі антиденелер, әр түрлі физикалық және химиялық факторлар әсерінен тез жандануы мүмкін. Мысалы, кальций тұздары мен магний бар жерде Фагоцитоз процесінің күшейетіні анықталды. Фагоцитоз процесі кезінде жасуша мембранасы белсенді рөл атқарады. Ол фагосома түзілу үшін қорытылатын нысандар бөлшектерін бүркеп алып, цитоплазманың түбіне қарай тартады. Лизосома жасушаларынан фагосомаға жұтып алған бөлшектерді қорытатын ферменттер түседі. Ал қорытылмаған бөлшектер жасушада ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Фагоцитоз қабыну, жараның жазылуы кезінде иммунитеттің арнайы емес түрінің факторы ретінде шешуші рөл атқарады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет