1. Клетка ілімінің пайда болу тарихы. Клетка теориясының негізгі қағидалары


Дифузды және шоғырланған хроматин(эухроматин және гетерохроматин)



бет17/72
Дата06.01.2022
өлшемі426,31 Kb.
#11922
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   72
Байланысты:
Клеткалар мен ұлпалар биологиясы

13.Дифузды және шоғырланған хроматин(эухроматин және гетерохроматин).

Эухроматин және гетерохроматин Көптеген зерттеушілердің зерттеуі бойынша интерфазалық ядродағы хроматиннің конденсациясының құрылымдық жағдайы эртүрлі мөлшерде анықталуы мүмкін. Үдемелі бөлінетін және аз маманданған клеткалардың ядросының диффуздық құрылымы бар, онда тығыздалған хроматиннің жіңішке перифериялық қимасынан баска аз мөлшерде кішкентай хромоцентрлер кездеседі. Ал ядроның негізгі бөлігі диффузды және тығыздалмаған хроматинмен жабылған. Екінші жағынан жоғары маманданған клеткаларда немесе өзінің тіршілік циклін аяктап жаткан клеткаларда тығыз орналаскан хроматин көлемді болып олардың шеткі кабаты үлкен хромоцентрлер түрінде берілген, Мұндай құрылым, мысалы, нормобластардың ядросында, жетілген лейкоциттердің ядросында кездеседі. Бұл екі мысал жалпы ережені бейнелей ашады; ядрода тығыздалған хроматиннің мөлшері көп болған сайын, ядроның метаболизімінің белсенділігі төмен екендігі байкалады. Белсенді емес кезінде ядрода хроматиннің прогрессивті тығыздалуы жүреді және керісінше, ядроның белсенді кезінде диффузды хроматиннің мөлшері көбейеді. Бірак метаболизмнің белсенді кезінде тығыздалған хроматиннің кез- келген бөлігі диффузды формаға өте алмайды. Тіптен 30-шы жылдардың бас кезінде Э. Гейтц интерфазалық ядроларда тығыз хроматиннің тұрақты бөлімдері болатын байкаған. Тығыз хроматиннің тұраты бөлімдерінің болуы үлпалардың дифференциациялану деңгейіне немесе клеткалардың функционалды белсенділігіне байланысты емес. Хромосомалардың күрлысы 50-жылдардың орта кезінде әр түрлі әдістермен зерттелгені белгілі, алайда электронды микроскоп хромосоманың құрылысынан айтарлықтай жаңалық қоспады, ол ядроны да хромосомаиы да дәл көрсете алмады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет