1. Клетка ілімінің пайда болу тарихы. Клетка теориясының негізгі қағидалары


Ядрошықтың құрлысы, химиялық құрамы,  қызметін атаңыз



бет16/72
Дата06.01.2022
өлшемі426,31 Kb.
#11922
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   72
Байланысты:
Клеткалар мен ұлпалар биологиясы

12.Ядрошықтың құрлысы, химиялық құрамы,  қызметін атаңыз.

Ядрошық — домалақ келген тығыз денешік, оның мөлшері 1—2 мкм-ден 10 мкм-ге дейін және одан да көбірек шамаға өзгеруі мүмкін. Ядрошықтың кұрамына РНҚ және белок енеді, РНҚ-синтезі жүреді. Клетка бөлінген кезде ол жойылып кетеді. Ядрошықта 70% цитоплазмалық РНҚ және 30% ядролық РНҚ синтезделеді. Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларын тірі қалпында зерттегенде немесе бекітіп, бояп барып тексергенде олардың ядросының құрамында үсақ түйіршікті, тығыз орналаскан заттарды — хроматинді байкауға болады. Бұл заттар өздеріне негізгі бояуларды жақсы сіңіреді, осыған карап хроматиннің қышқылдық қасиеттерінің бары немесе ДНҚ мен ақуыздардың қосындысынан тұратыны анықталды. Хроматин ядро кабатына тақау немесе кариоплазмада біркелкі орналасады. Интерфаза кезінде хромосомалар тығыз денешіктер қалпына босаңқырайды. Егер хромосомалардың барлық бөлімдері бірдей босаңқы келсе, онда бұл аймакты шашыраңқы (диффузды) хроматин деп атайды, ал хромосомалардың барлық бөлімдері тығыз келсе, онда Бұл аймақты тығыз— гетерохроматин деп атайды. Хроматиндердің осылай орналасуы синтетикалық, процестерге байланысты. Шашыраңқы (диффузды) хроматиндерде синтетикалық процестердің күшті жүретіні байқалған. РНҚ синтезі азайғанда хроматиндер тығыздалып гетерохроматинге айналады.Митоз процесінде хроматиндер тығыздалып, хромосомаға айналғанда ешқандай синтетикалық процесс жүрмейді. Сонымен хромосомдардың құрылымына қарай екі күйін байқауға болады: біріншісі — шашыраңқы (диффузды) күй, Бұл ядродағы транскрипция және редупликация процесін көрсетеді, екіншісі — хроматиндердің тығыздалған күйі, мұнда, хромосомдар тек кана генетикалық материалдарды болу және оларды ұрпактан-ұрпакка беру қызметін атқарады. Хроматиннің химиялық құрамына негізінде ДНҚ, арнаулы хроматин бслогі — гистон және РНҚ кіреді (олардың көлемі 1:1,3-0,2). Сонымен хроматин өзінің химиялық құрамы жағынан ДНҚ мен ақуыздың күрделі қосылысы ДНП (дезоксинуклеопротеид) болып саналады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет