1. Клетка ілімінің пайда болу тарихы. Клетка теориясының негізгі қағидалары


Тегіс салалы бұлшық ет ұлпасы құрлысын анықтаныз



бет18/72
Дата06.01.2022
өлшемі426,31 Kb.
#11922
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   72
14 Тегіс салалы бұлшық ет ұлпасы құрлысын анықтаныз

Бірыңғай (тегіс) салалы бұлшық ет ұлпасы:


Бұлшық ет ұлпасы - организмнің қозғалысы мен ішкі органдардың жиырылу процестерін қамтамасыз ететін жоғары дәрежеде мамандалған ұлпа. Бұлшық ет ұлпаларына бірыңғай салалы, көлденең салалы, жүрек бұлшық ет ұлпалары және оның мамандалған түрлері - сүт, сілекей, тер бездерін қоршаушы миоэпителийлік клеткалар, көздің цилиарлық денесі мен қарашығының мускулатурасы жатады. Организмдегі орналасуына карай бұлшық ет ұлпасын висцеральдік (ішкі органдардың) және сомалық (дене) бұлшық еттер деп ажыратады. Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасынан ішкі органдардың - қан тамырларының, ас қорыту жолының диафрагма астындағы бөлігінің, тыныс жолдарының, несеп-жыныс органдарының бұлшық ет қабаты түзілген. Бұлшық еттің бұл түрі мезенхимадан дамиды. Бірыңғай салалы деп аталуы оның талшықтарында көлденең жолақтың болмауына байланысты. Жиырылу біздің еркімізге байланысты емес. Оның функциясын вегетативтік нерв жүйесі реттейді. Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасының құрылымдық элементі бірыңғай салалы бұлшық ет клеткасы - бірыңғай салалы миоцит. Клетка мағынасында «талшық» деген термин де қолданылады. Пішіні ұршық тәрізді ядросы клетканың жалпақ бөлігінде орналасқан. Жеке клеткалар сирек кездеседі, әдетте олар жуандығы түрліше шоғырлар құрайды. Бұлшық ет клеткасымиолемма деп аталатын кабықшамен қапталған. Ол сыртқы жағынан базальдық мембранамен (пластинкамен) қоршалған. Клетканы қоршаушы базальдық пластинка механикалық функциямен бірге клетканың гомеостазын сақтауда маңызды рөл атқарады.
Электрондық микроскоп бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы клеткасының цитоплазмасында митохондриялардың, рибосомалардың, Гольджи кешенінің, гранулалық эндоплазмалық тордың элементтерінің болатынын анықтады. Бұл органеллалар ядроның полюстарында орналасады. Сонымен бірге цитоплазмада жуандығы 7 нм жіңішке және диаметрі 17 нм жуан миофиламенттердің (микрофилламенттердің) болатыны да байқалды. Жіңішке миофиламенттерді актиндік, ал жуанын -миозиндік деп атайды. Жіңішке миофиламенттің құрамында актиннен басқа тағы да екі белок болады - тропомиозин мен тропонин.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет