Экзокриндік көп жасушалы бездердің морфологиясы және классификациясы
Олар екі бөлімнен:
• Секреторлық бөлімнен;
• Шығарушы түтіктен.
Секреторлық бөлімі эпителий пластынан бөлініп шығып, астындағы дәнекер тінге енген гландулоциттерден тұрады. Гландулоциттер- секретті синтездеп, жинақтап және бөліп тұратын жасушалар.
Бездің шығарушы түтігі оның секреторлық бөлімін эпителийдің бетімен байланыстырады және секреттің безден бөлінуін қамтамасыз етеді. Экзокриндік бездердің морфологиялық классификациясының негізінде секреторлық бөлімдері мен шығарушы түтіктерінің құрылымдық ерекшеліктері
Шығарушы түтіктерінің тармақталуы бойынша бездерді бөледі: а) қарапайым бездерге-олардың түтіктері тармақталмайды; б) күрделі бездерге-шығарушы түтіктері тармақталады.
Секреторлық бөлімінің тармақталуына қарай тармақталған және тармақталмаған бездерді ажыратады.
Секреторлық бөлімінің пішіні бойынша бездер: а) түтікті, б)альвеолалы; в) аралас болады.
Бездердің регенерациясы секреторлық қызметіне байланысты бездерде ұдайы физиологиялық регенерация процесі жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |