Жылтырауық қабат 3-4 қатарлы орналасқан тегіс клеткалардан тұрады. Бұл клеткалардың ядролары өліп, ал цитоплазмасы ерекше белокты зат эллойдинмен толған. Бұл зат бояумен боялмайды, сондықтан жылтырауық қабат деп аталады. Эллойдин кейін кератинге айналады.
Түйіршікті(дәнді) қабат 3-4 қабатты тегіс клеткалардан тұрады. Клетка түрі ромб тәріздес. Ол клеткалардың цитоплазмасында теріге сәбіз тәрізді түс беретін кератогиалинді комплекс түзіледі, соңынан мүйіздену процесі басталады.
Тікенекті қабат бірнеше клеткалар қабатынан тұрады.
Базальді қабат эпидермисті дермадан бөліп тұрады. Базальді және меланоцит клеткаларынан тұрады және өте жақсы дамыған.Осы қабатта бөлініп жаңа клеткалар пайда болу процесі өтеді. Балаларда бөліну және жаңа клеткалар пайда болу активтілігі ересектерге қарағанда өте жоғары. Осыған байланысты балаларда грануляция және эпителизация процестері тез жүреді де, регенераторлық(қалыптасу) қабілеті жоғары болып келеді.
Дерма коллагендік және икемдік талшықтардан, аморфты заттардан(гиолурон қышқылы, кератосуьфат) және клеткалық элементтерден (гистоциттер, Эрлих клеткалары, бірең-сараң лимфоцит және лейкоциттерден, пигмент клеткаларынан) тұрады.
Балаларда дерма нәзік, клеткалық элементтерге бай келеді. Дерма қан және лимфа тамырларына бай болады. Онда май және тер бездері орналасады. Капиллярлар ересектерге қарағанда кең болып келеді де,балаларда терінің регенераторлық қабілетінің жоғары болуына әсерін тигізеді. Коллагенді, созылмалы және бұлшықет талшықтары шамалы дамыған, ересектерге қарағанда жұқа, жұмсақ және мөлшері аз болып келеді.
Баланың жасының ұлғаюына байланысты эпидермис пен дерма қалыңдай түседі. Сондықтан, баланың 7 жасында терісінің қалыңдығының епесектерден айырмашылығы жойылады.
Тері тез жаңарып түратын ағзалар қатарына жатады. Бүл жер-де физиологиялық регенерация өте қарқынды түрде өтеді. Ал реперативтік регенерация тері жарақатында көрінеді. Тері жарақа-тының бітуі оның қаншалықты терең бойлауына байланысты бірнеше түрде өтеді (И. В. Давыдовский):
1. Эпителий ақауының тікелей бүтінделуі; 2) Қабыршық (струп) астында
Эпителий ақауының тікелей бүтінделуі терінің немесе басқа шырышты қабықтардың өте беткей қабаттары сыдырылғанда ғана орын алатын қүбылыс. Бүл жағдайда ақауға жақын жатқан эпителий жасушалары сол бағытқа қарай созыла жайылып, бір-бірімен біршп, дефекті тольпымен жабады. Теріде жара пайда болғанда жарақат үлкен болмаса немесе операциядан кейін жара шеттері бір-бірімен тығыз беттестірілсе, осы жердегі үйыған қан жараны желімдеп тастайды. Кейінірек қан қүрамындағы лейкоциттер ферменттерінің өсерінен қан үйындылары, өлген тіндер ыдырай бастайды. Ыдырау өнімдері макрофагтар арқылы тазартылады. 2-3 күннен кейін-ақ жараньщ шеттерінде фибробластар өсіп көбейіп, бір-бірше қарай өсетін капиллярлар қалыптаса бастайды, 7-8 күннен кейін жараның беті эпителий тінімен қапталып жара бітеді. Мүны жараның біріншілік (таза) жазылуы деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |