1. Клетка ілімінің пайда болу тарихы. Клетка теориясының негізгі қағидалары


ЭРИТРОЦИТТЕРІНІҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІН, ҚҰРЫЛЫСЫН ТҮСІНДІРІҢІЗ



бет45/72
Дата06.01.2022
өлшемі426,31 Kb.
#11922
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   72
33.ЭРИТРОЦИТТЕРІНІҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІН, ҚҰРЫЛЫСЫН ТҮСІНДІРІҢІЗ

Эритроцит - ядросысыз екі жағы ойыс келген дөңгелек жасуша. Ол ядросынан сүйек кемігінде өтетін эритропоэз кезінде айырылады. Мұның биологиялық мәні мынада: жасуша ядросының орнын оттегін тасымалдайтын гемогло­бин жайлайды, ядросыз эритроцит өз денесіндегі заттарды тотықтыру үшін оттегін жұмсамайды. Осыған байланысты оның оттегін тасымалдау қызметі күшейеді.

Көлденеңінен қарағанда эритроцит гантелге ұксайды: оның диа­метр 7,2-8,0 мкм, қақ ортасындағы ойыс жерінің жуандығы 1,5-2,0 мкм, ал жасуша жиегінің жуандығы 2,5 мкм. Пішіні гантел тәрізді болғандықтан эритроциттің капилляр қабырғасымен түйісетін беткейі (аумағы) үлкен. Жасушаның диаметрі мен пішіні сырқаттанған кезде өзгеруі мүмкін. Диаметрі 8,1 мкм-ден асса, эритроцит макроцит деп, ал 7,2 мкм-ден кем болса микроцит деп аталады.

Эритроцит бетінің ауданы 140 мкм2. Бір адам қанындағы барлық эритроциттерді жазық жағымен жатқызып қатар орналастырса, олардың ауданы 3000 м2 болар еді. Осындай аумағы үлкен эритроциттер жазығынан оттегі тінге жақсы өтеді. Эритроцит тыныс алу қызметін орындауға қажет биологиялық құрылым.

Эритроцит протоплазмасында тор тәрізді стромасы бар, сырт жағынан белок пен липоидтан тұратын мембранамен қапталған. Эрит­роцит мембранасы иондарды іріктеп өткізеді. Мембрананың Na+, K+ , Са2+ катиондарына өтімділігі өте нашар, ал С1 және НСО3 - (көмір қышқыл аниондары), сутегі және гидроксил (ОН) иондары тез өтеді. Сондықтан эритроцит пен қан плазмасының минералдық құрамы бірдей емес. Эритроцитте калий иондары басым, ал плазмада керісінше, натрий иондары көбірек.

Эритроциттердің негізгі қызметі — оттекті өкпеден ұлпаға және СО2 –ні ұлпадан өкпеге тасымалдау. Молекулалық оттек суда нашар еритіндіктен жоғары ағзалар мұндай арнайы тасымалдау жүйесін қажетсінеді. 1 л қан плазмасында 3,2 мл О2 ғана ериді. Эритроциттер құрамындағы гемоглобин (Hb) протеині 70 есе 220 мл О2/л байланыстыруға қабілетті болады.

Эритроциттердің қызметі 1. Тыныс алу, оттегіні өкпеден ұлпаларға көмірқышқыл газын ұлпалардан өкпеге тасымалдайды. 2. Қышқылдық-негіздік тепе-теңдікті қамтамасыз етуге қатысады. 3. Улпалардан өкпеге суды тасымалдайды. 4. Біріншілік осмостық ауытқуларды қалпына келтіруге қатысады, олар микроосмометрлер тәрізді әсер көрсетеді. 5. Кейбір улы заттарды адсорбциялайды. 6. Қанның ұюына қатысады. 7. Қан тобын анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет