32. БЕЗДЕРДІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ . ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ РЕГЕНЕРАЦИЯСЫН ТҮСІНДІРІҢІЗ
Барлық дерлік тіндер әртүрлі дәрежеде секрецияға, яғни өнімді –секретті өндіріп, бөліп шығаруға қабілетті. Секреторлық (сөл шығару) функция, әсіресе, эпителий тіндерінде жақсы дамыған; олар дәнекер тінмен бірігіп, секрецияға маманданған мүшелерді –бездерді құрайды. Соңғыларда эпителий тіні немесе безді эпителий, функциялық тұрғыдан – жетекші тін, яғни мүшенің паренхимасын құрайды. Дәнекер тін без құрамында қосалқы қызметтерді атқарып, стромасын (тіректік қаңқасын) құрайды. Органогенез барысында без жамылғы немесе астарлық эпителийлерден өсіп шыққан жасушалардың астында орналасқан дәнекер тіннің ішіне еніп өсу жолымен қалыптасады. Бездік эпителийдің арқасында сүт, сілекей, асқазан және ішек сөлдері, өт, тер, тері майы, өндіріледі, гормондық реттелу және т.б. атқарылады. Бездік эпителийдің құрылысы .Бездер эпителийлі паренхимадан және тамырлар мен нервтермен жабдықталған дәнекертінді стромадан тұрады. Бездік эпителий секреторлық немесе бездік жасушалардан-гландулоциттерден
тұрады.Көп жасушалы бездерде олар секреторлық бөліктерін құрайды. Бұл жасушалар секретті синтездеуге, жинақтауға және шығаруға маманданған. Гландулоциттердің жоғары метаболизмдік белсенділігін оның құрылысынан да байқауға болады.. Бездік жасушаның базальді бөлігіне жақын орналасқан ядросы-ірі және ашық , ішіндегі ядрошығы да ірі. Синтездік және секреторлық аппараттары цитоплазмасында жақсы дамыған. Жасушалардың полярлығына байланысты олардың таралуы біркелкі емес. Органеллалардың жеке түрлерінің даму дәрежесі өндірілетін секреттің химиялық табиғатына байланысты. Бездердің классификациясы
• 1. Безді құрайтын гландулоциттердің санына қарай бездер дара және көп жасушалы болып бөлінеді.
• Көп жасушалы бездер екі типті жасушалардан тұрады: секреторлық және шығарушы түтіктің жасушалары;
2. Өндірілген секреттің шығарылатын жеріне қарай бездерді үш негізгі типтерге бөледі: эндо-,экзо-, паракриндік.
Эндокриндік бездер –шығарушы түтіктері жоқ, сондықтан гормондар деп аталатын секреторлық өнімдерін жасушаларының базальды полюсы арқылы ішкі ортаға шығаратын бездер.
Экзокриндік бездер-секретті дененің бетіне немесе қуысты мүшелердің ішіне шығаратын шығарушы түтіктермен жабдықталған бездер.
Паракриндік бездер-өз өнімдерін интерстицийге, яғни мүшенің стро-масын құрайтын борпылдақ талшықты дәнекер тінге бөлетін бездер.
Достарыңызбен бөлісу: |