1. Клетка ілімінің пайда болу тарихы. Клетка теориясының негізгі қағидалары


Тығыз талшықты дәнекер ұлпасына сипаттама. Сіңірдің және байламдардың қызметтерін түсіндір



бет49/72
Дата06.01.2022
өлшемі426,31 Kb.
#11922
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   72
Байланысты:
Клеткалар мен ұлпалар биологиясы

37.Тығыз талшықты дәнекер ұлпасына сипаттама. Сіңірдің және байламдардың қызметтерін түсіндір.  Тығыз дәнекер ұлпасы көптеген тығыз орналасқан талшықтардан біршама клеткалардан және аморфты заттан тұрады.Талшықтардың тығыз орналасуына байланысты тығыз қалыптасқан және тығыз қалыптаспаған дәнекер ұлпасы болып бөлінеді.Тығыз қалыптаспаған дәнекер ұлпасында талшықтар ретсіз орналасқан.Коллагенді талшықтар беріктік үшін жуан шоқтарды құрып, тармақталған эластинді талшықтармен бірігіп тығыз қалыптаспаған дәнекер ұлпасының механикалық негізін түзеді. Онда клеткадан фиброциттер басым болады.Бұл ұлпа терінің торлы қабатын құрайды.Тығыз қалыптасқан дәнекер ұлпасына ретпен орналасқан талшықтар тән.Бұл ұлпа сіңірде,байламдарда,фиброзды мембраналарда кездеседі.Сіңірде коллагенді талшықтар сіңірдің бойымен бір біріне параллель орналасқан шоқтарға жиналған. Тығыз жатқан шоқтар арасында сіңір клеткалары-тендиноциттер,біршама тендинобластар және негізгі аморфты зат орналасады. Сіңір мүше ретінде тығыз дәнекер ұлпасымен қатар борпылдақ дәнекер ұлпасымен тұрады.Борпылдақ дәнекер ұлпасының қабаттары тығыз дәнекр ұлпасыныңшоқтарын бөліп тұрады. Сіңірде 1ші, 2ші, 3ші реттік шоқтар орналасады. 1ші реттік шоқ параллельді бағытталған коллагенді талшықтардан тұрады. 1ші реттік шоқтарды тендиноциттер қатары бөліп тұрады. 1 неше бірінші реттік шоқтар қосылып екінші реттік шоқтарды түзеді. 2ші реттік шоқтар борпылдақ дәнекер ұлпасыныңжұқа қабатымен –эндотенонимен қапталып жатады.Екінші реттік шоқтар үшінші реттік шоқтарға бірігеді. Оның сыртында борпылдақ дәнекер ұлпасының қалыңдау қабаты-перитеноний орналасады.Фиброзды мембраналарда ( қатты милы қабық,сүйек үсті,шеміршек үсті,фасция,аталық және аналық безінің белокты қабығы және т.б) коллагенді талшықтар шоқтары бірнеше қабат болып жатады.Сол қабаттар арасында фиброциттер орналасқан.Әрбір қабаттарда  коллагенді талшықтар шоғы параллельді бағытталған.Талшықтардың жеке шоқтары бір қабаттан екінші қабатқа өтіп бір-бірін байланыстырып тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет