1. Клетка ілімінің пайда болу тарихы. Клетка теориясының негізгі қағидалары


Жүрек бұлшықет ұлпасы. Оның ерекшеліктерін түсіндіріңіз?



бет51/72
Дата06.01.2022
өлшемі426,31 Kb.
#11922
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   72
39. Жүрек бұлшықет ұлпасы. Оның ерекшеліктерін түсіндіріңіз?

Жүректің әртүрлі бөлімінде бұлшық ет ұлпасы әртүрлі  құрылымынға ие. Миокардтың бұршық ет ұлпасын 2 түрге бөледі. 1 Жұмыс істейтін ,2 өткізетін.

Миокардтың негізгі бөлімі жүректің жұмыс  істейтін бөлімінен тұрады. Миокардтың бұлшық ет ұлпасы  клеткалық құрылымға ие, әрі клеткалар  (кардиомицциттер) БІРІНЕН  кейін бірі тізбектеліп  орналасады. Бұл клеткаларда ұзындау пішінге  ие ядро дәл ортасында орналасқан  және саркоплазмамен қоршалған , ал миофибрилдер  шеткі жағында  орналасқан  . Миофибрилдер жіңішке (актин) және жуан ( миозин) протофибрилдерден тұрады. Жүректің жұмыс істейтін бұлшық  ет бөлімінде , соматикалыққа  ,  қарағанда  митохондриялар  өте көп кездеседі , олар миофибриллдердің арасында қатарлап  орналасқан . Митохондрияларда  кристалдардар өте көп . Оған дәлел миокардты тыныс алу процестерінің қарқынды  жүруі  және  АТФ-тің белсенді  шығарылуы . Энергиямен  жаксы қамтылғандықтан  жүрек бұлшық еті өмір бойы демаллыссыз қызмет жасайды . Жүрек бұлшық етіндегі саркоплазматикалық ретикулум  миофибрилдерге  бағытталған  кеңейген  каналға ұқсас болады. Олсоматикалық  бұлшық  етке қарағанда  аз деңгейде  дамыған. Жүрек бұлшық етінің өзіндік  ерекшелігі  онда ендірме  пластикасы  болады. Бұл эволюция  процесінде  қалыптасқан.  Құрамында  бұлшық ет үзілмеуі үшін қажет, яғни  беріктік қасиет береді. Көршілес клеткалардың  плазмолеммаларының  арасында ені 20-30 нм болатын кеңістік  болады.  Миофибрилдер  ендірмелі  пластинка  аймағында Z  жолақ деңгейінде  плазмолеммаға бөлінеді. Бұл жерде  плазмолемма  қалыңырақ  болады болады және Z- Жолағының  затымен араласып кетеді. Ендірме  пластинкасының  фибриллярлы аймағында қалыптасады. Кейбір көршілес бұлшық ет  клеткаларының арасында плазмолеммалардың  түйісуі  жүзеге асады . Олар  тығыз немесе  саңылау  тәрізді  байланыстар түзеді.  Жүректің бұлшық ет клеткалары  плазмолеммадан  басқа базальді  мембранамен қапталған .  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет