1. Клетка ілімінің пайда болу тарихы. Клетка теориясының негізгі қағидалары


Түйіршіксіз эндоплазмалық тордың қызметі мен құрылысын түсіндіріңіз?



бет62/72
Дата06.01.2022
өлшемі426,31 Kb.
#11922
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   72
Байланысты:
Клеткалар мен ұлпалар биологиясы

50. Түйіршіксіз эндоплазмалық тордың қызметі мен құрылысын түсіндіріңіз?

Агранулалық, немесе түйіршіксіз эндоплазмалық тор ұсақ вакуольдер мен түтіктерді, каналшықтарды құраушы мембраналардан тұрады. Стероидтарды бөлуші клеткаларда түйіршіксіз эндоплазмалық тор жақсы жетілген. Мысалы, бүйрекүсті бездердің қабық затының клеткаларында. Бұлшық ет талшықтарындағы маңызы да ерекше. Түйіршіксіз ЭПТ-ң түйіршікті ЭПТ-ға қарағанда бір айырмашылығы оның мембранасының бетінде рибосомдар орналаспайды. Олардың қуыстары мен каналдарының диаметрі 50-100 нм шамасындай болады. Түйіршіксіз ЭПТ клеткалардың атқаратын қызметтеріне қарай цитоплазмада әр түрлі шоғырланады. Кейбірі клеткалардың апикальды (жоғарғы ) бөлігінде орналасса  (Ішек клеткаларында), ал қайсыбірі  цитоплазмасының едәуір бөлігін қамтып, біртектес орналасады (ұрық клеткаларында). Көптеген тәжірибелер түйіршіксіз ЭПТ –ң түйіршікті эндоплазмалық торға және керісінше,түйіршікті  жазық тордың ЭПТ-ға ауысып отыратынын дәлелдеді.Мұндай құбылыс клеткалардың атқаратын қызметтеріне тікелей байланысты.Мысалы эмбриональды организм ұлпасының даму барысында бауыр клеткаларында түйіршікті эндоплазмалық тордың бірінші кезеңде ал түйіршіксіз ЭПТ-ң ең соңғы кезеңде пайда болатынын дәлелденді.Қорытып айтқанда ЭПТ-р бір түрден екінші бір түрге ауысып отыратын, өзгермелі органоид екен.ЭПТ-ң екеуі де сырттан келген әсерлерден өзгеріп отыратын,өзгермелі органоид екен.Түйіршіксіз ЭПТ негізінде майлар мен көмірсулар синтездеуде үлкен рөл атқарады.Түйіршіксіз ЭПТ синтезделген заттарды тасымалдауда,мембраналардың құрамына кіретін липидтерді синтездеуде,иондарды тасымалдауда және жинақтауда,зат алмасу процесінде пайда болған зиянды заттарды клеткадан шығаруда зор қызмет атақарады.Түйіршіксіз ЭПТ стероидты гормондарды синтездеп немесе мембраналардың құрамына кірмейтін липидтердің метабализмін реттеп отырады.

Түйіршіксіз эндоплазмалық тор бірнеше қызмет атқарады:

1) липидтер мен стериодты гормондарды синтездеу. Қанның құрамындағы липопротеидтер бауырдың тегіс эндоплазмалық торында өндіріледі;

2) дәрі препараттарды усыздандыру (детоксикация);

3) гликогенді синтездеу (бауырда);

4) кальцийді жинап сақтау





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет