52.Клетка қосындыларының химиялық құрамындағы айырмашылықтарын түсіндіріңіз?
Қоршаған ортадағы барлық элементтердің іздері тірі жүйеде байқалғанымен,тіршілікке қажет элементтердің саны 20 ға жуық. Клеткадағы олардың концентрациясына сәйкес бұл элементтерді: негізгі элементтер, микроэлементтер және ультра –микроэлементтер деп 3 категорияға бөледі. Түрлі түрдегі элементтердің жалпы жинағы түрліше болады.Кейбір элементтердің универсалдық маңызы болады (сутегі, көміртегі, азот, оттегі, натрий, магний,фосфор,күкірт,кальций,калий және хлор); басқалары бәріне бірдей керек болмағанымен түрлердің көпшілігіне қажет(темір,мыс,марганец,мырыш).Тірі табиғатқа ғана тән арнаулы элементтер болмайды. Бұл тірі және өлі табиғаттың байланысты екенін және біртұтастығын көрсетеді.Сутегі, көміртегі,оттегі, азот, фосфор және күкірт клетканың органикалық қосылыстарын құрайтын қосылыс бөліктері. Көмірсу мен липидтер сутегінен, көміртегінен ж/е оттегінен тұрады; белоктар аталған элементтерден басқа азот пен күкірттен,нуклеин қышқылдары азот пен фосфордан тұрады. Сонымен, осы 6 элемент тірі материяның басты элементтері. Клеткалар массасының 99%-ін құрайды. Көптеген элементтер әдетте иондар күйінде кездеседі. Клеткадағы катиондар мен аниондардың мөлшері клетканы қоршаған ортадағы олардың мөлшерінен өзге болады. Мысалы клетка ішінде К+ концентрациясы өте жоғары ал Na+ төмен. Клетканы қоршаған ортада керісінше К+ өте аз боладыал Na+ концентрациясы біршама жоғары келеді. Клетка мен қоршаған ортада бейорганикалық иондардың болуы клетканың дұрыс қызмет істеуіне үлкен маңызы бар. Су мен бейорганикалық заттардан және өте аз концентрацияда кездесетін қосылыстардан басқа клетканың құрамында белоктар, нуклеин қышқылдары,көмірсулар,липидтер болады.Клетка заттарының ішінде салмағы жағынан су бірінші орында .Түрлі клеткадағы судың мөлшері түрліше болады
Достарыңызбен бөлісу: |