51.Гольджи комплексінің атқаратын қызметін,құрылысын түсіндіріңіз?
Итальян ғалымы К.Гольджи 1898ж. ауыр металдардың ерітінділерімен нерв клеткаларн бояғанда оның цитоплазмасында тор тәрізді қара материалдың барын бірінші болып тапты.Оны <<ішкі тор тәрізді аппарат>>деп атады. Жарық микроскопы арқылы оның анық көрінуі ГА-ның мембранасының осмий ерітіндісімен боясақ,кейбір клеткаларда бұл аппарат тор түрінде кездеседі де олардың құыстары бір-бірімен байланысып жатады,ол кейде жеке (диктиосома), кейде түйір денешіктер немесе орақ тәрізді болып келеді. Сонымен ГА-ы клеткаларда тор тәрізді немесе диффузды түрінде кездесуі мүмкін. Бұл аппарат клетканың қызметіне қарай өзгеріп отырады,ал секрет бөлетін клеткаларда жақсы жетіледі. Әр түрлі жаңа әдістерді қолдана отырып, ГА-ның құрылысы жағынын жан-жақты зерттелді.Негізінде бұл аппараттың құрамына цитоплазманың негізгі бөлімдері –цитозоль,түтікшелері мен көпіршіктерінен тұратын мембрана бөлігі және мембраналардың ішіндегі қосындылар жатады. ГА-ң қызметіне цитозоль аймағынан шет жататын полирибосомдардың тікелей қатыстары бар,өйткені олар бұл аппараттың мембраналарына қажетті ферментті синтездейді.Электронды микроскоп Гольджи ап-ң мембраналар қосындыларынан тұратын кішірек аймақ екенін көрсетті. Осы мембраналардың шоғырланған аймағын диктиосома деп атайды. Бұл аймақ тегіс мембраналардың қапшықтарынан құралған үйінді немесе цистерна түрінде байқалады. Ал мембрана-ң ара –қашықтығы 20-25нм шамасындай. Қатар орналасқан қуыстардың саны 5-10нан аспайды,кейбір бір клеткалы организмде оның саны 20-ға жетеді. Мембраналармен шектесіп топтаса орналасқан қуыстардың н/е жазық қапшық-ң қалыңдығы өзгеріп отырады,егер лардың қалың-ы орта шенінде 25нм болса,шет жағында кеңейген жері болады.Осы шет аймақтарында бөлінген вакуольдер орналасады.Диктиосома аймағын 2 бөлікке ажыратуға болады:1-сі ішкі (проксимальды),екіншісі клеткадан алшақ орналасқан (дистальды)бөлік.Проксимальды бөлік ядро мен цитоплазмаға,дистальды бөлік клетканың үстіне қараған беті.Негативті контраст әдісі бойынша диктиосома аймағын зерттегенде проксимальды бөліміне тор тәрізді қуыстардан тұратын мембраналар келіп түйісетіні айқындалды.Бұл ЭПТ-мен ГА-ның қосылысқан аймағы.ГА-ның атқаратын қызметіне қарай оныңмембраналары да плазмалеммамен тікелей байланыста болады.Клет-ң бөліну барысында ГА диктиосомаға дейін бөлшектеніп кетеді.Клеткалар өскенде диктиосомалардың да саны өседі.,бірақ бұлардың қалай өсетіні әлі күнге дейін анықталған жоқ. ГА барлық эукариотты орг/ң клеткаларында кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |