1. Клетка ілімінің пайда болу тарихы. Клетка теориясының негізгі қағидалары


 Остеон деген не? Оның морфологиялық құрылысын түсіндіріңіз?



бет71/72
Дата06.01.2022
өлшемі426,31 Kb.
#11922
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
59. Остеон деген не? Оның морфологиялық құрылысын түсіндіріңіз?

Сүйек тканьдері екі түрлі болады: 1) жуан талшықты ткань, осы ткань негізінен талшықты ретсіз іштегі нәрестеде кездеседі; 2) жіңішке талшықты сүйек ткань. Ол есейген адам организмінде болады. Бұл ткань 2 түрлі сүйек заттарың құрайды: 1) кеуекті зат; 2) тығыз зат. Екі заттардың айырмашылығы сүйектің функциональдық жағдайына байланысты. Кеуекті және тығыз заттар сүйек клеткалары мен клеткааралық элементтерден түзіледі. Сүйек клеткалары «остеобластар» деп аталады. Олар сүйек затының аралық шабақтарын құрайды. Кеуекті заттың шабақтары бостау жатады арасында қуыстар болады, бірақ қалай болса солай емес, реттелікпен: Сүйекке түсетін қысым және созу күштері сызықтары бойымен орналасады. Кезекті сүйек заты, мысалы, ұзын сүйектердің эпифдерінде, омыртқа қалындығында орналасады. Тығыз сүйек заты өте күрделі болып келеді. Сүйек шабақтары мен клеткалар пластинкаларды түзейді, ал өз кезегінде пластинкалар цилиндр тәрізді сүйектің құрылымдық бірлігі «остеон» құрайды. Остеон (, гр. osteon — сүйек) — тығыз сүйек затының негізгі құрылымдық бірлігі . Остеонның (сүйек тақташаларының Гаверс жүйесі) қабырғасын концентрлі шеңберлер тәрізді бір-біріне қабаттаса орналасқан сүйек тақташалары (4-20) кұрайды. Остеонның орташа диаметрі 3-7 мкм тең. Остеондардың саны  өте көп болады, мысалы, ортан жіліктен тығыз затының ішінде 3000 шамасында кездеседі. Остеондар биомеханикалық көзқарасымен қарағанда сүйекке мықтылық қасиет береді. Тығыз сүйек заты адамның көпшілік сүйегін құрайды. Ұзын сүйектердің диафиздері тек қана остеондардаң емес және сыртқы мен ішкі жалпы пластикалардан тұрады. Әрбір остеондық орталық каналында қан тамыры болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет