1. Клетка ілімінің пайда болу тарихы. Клетка теориясының негізгі қағидалары


 Митохондрияның құрылысын және қызметін түсіндіріңіз



бет66/72
Дата06.01.2022
өлшемі426,31 Kb.
#11922
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72
54.  Митохондрияның құрылысын және қызметін түсіндіріңіз.

Ол тірі клеткадағы энергияның бір түрін екінші түрге айналдыратын күрделі және ұтымды жүйе. Митохондрия атф-ты синтезлейтін органелла. Негізгі функциясы органикалық қосылыстарды тотықтырып олардың ыдырауының нәтижесінде бөлінген энергияны пайдалануға байланысты. Оны қуат станциясы деп те атайды. Клеткадағы құрылымдардан митохондрияны ажыратып алған Келликер деген ғалым. 19 ғасырдың 80-ші жылдарында Флемминг көптеген клеткалардың цитоплазмасынан жіпше тәрізді органеллаларды бөліп алып соны митохондрия деп атаған. Бірақ 1890 жжылы гранулаларды бояйтын әдіспен  митохондрияны ажыратқан. Гректің митос – жіп, хондрион – гранула деген сөздерінен құралған митохондрия деген терминді 1897 жылы Бенде ұсынған. Митохондрияның пішіні – жұмыр, сопақша, сақина және жұлдыз тәрізді болып келеді. Оның пішіні тіршілігінің әр түрлі кезеңдерінде де, әр түрлі фаторларға да байланысты өзгеріп отырады. Митохондрия екі мембранамен қоршалған, 6-7нм шамасында қалыңдықта болатын органоид. Ішкі және сыртқы мембраналарының арасында ені 10-20нм-ге тең кеңістік болады. Ішкі мембрана митохондрияның ішіндегі немесе митоплазмасын қоршап жатады. Күрделі өсінделерді немесе кристалар құратын мембраналардың ара қашықтары 10-20нм шамасындай болады. Кристалар клеткаларда әр түрлі орналасады, мысалы, көлденең және тармақтанып. Митохондрияның құрамында белоктар 65-70%, липид 25-30%, нқ болады. Құрамындағы белоктардың көпшілігі-тотығу процесін қамтамасыз ететін, матриксі мен ішкі мембранасында орн.ферменттер. Олардың ішінде кребс цикліне қатысатын ферменттер де бар.  Ішкі мембранасында электрондарды тасымалдайтын тізбек және фосфорландыру процесіне қатысатын тасымалданатын ферменттер (адф-тен атф) орналасады. Митохондрияда органикалық субстраттардың тотыау жіне адф фосфорлануы нәтижесінде атф синтезделеді, сондықтан да митохондрияны клетканың күш беретін станциясы деп  атайды. Клеткадағы тотығу және энергия жинау процестері бірнеше кезеңмен жүреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет