56. Ішкі орта ұлпаларының морфологиялық ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Ішкі орта ұлпалары дегеніміз сыртқы ортамен қарым қатынасқа түспейтін атқаратын қызметі жағынан әр түрлі болып келетін ұлпалар тобы. Оған жататындар қан, лимфа, дәнекер ұлпалары. Дәнекер ұлпасы морфологиялық жағынан борпылдақ, тығыз, ретикула, шеміршек, сүйек ұлпаларына бөлінеді. Олар өзара тор тәрізді құрылым қалыптастыра отырып, бірбірмен байланысады.өздері мезенхимадан пайда болғандықтан, мезенхима клеткалары кішігірім мөлшерлі, ұзартылған немесе жұлдызша пішінді болып келеді. Дәнекер ұлпасының негізгі клеткалары болып, фибробласттар, макрофагтар, толықша клеткалар, плазматикалық клеткалар, адвентициалды клеткалар саналады. Негізгі клеткада ең ұзақ өмір сүретіндері фибробласттар. Борпылдақ ұлпасының фибробласттары дәнекер ұлпасының бсқа түрлерінің механоциттері біртектес өсе бастаған ұрықтан пайда болады, гистогенезде бұл ұлпалардың ерекшеліктері айқындалады. Ішкі орта ұлпаларының негізгі ерекшеліктері олардың клеткааралық заттары яғни стромалары жақсы жетілген. Олар клеткаларды бір бірінен алшақтады. Клеткаларында полярлы қасиет болмайды. Ал қан, лимфа және борпылдақ ұлпасы организмді қоректік заттармен қамтамасыз етеді, сондықтанда оларды трофикалық ұлпалар қатарына жатқызады. Қан клеткааралық заттары 55 % плазма, және формалы элементтері 45% эритроциттер, лейкоцитттер, тромбоциттер. Қан жүрек және қан тамырлары арқылы үнемі қозғалыста болады. Қан тамырларынан тыс жерде олар коагуляцияға ұшырайды, яғни тез ұйып қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |