Ынтымақтастық – конфликтіге қатысушылар конструктивті диалог
және өзара түсінушілікті қолдана отырып, барлығы жеңетіндей екі жақты
нұсқаулар табады.
Конфликтіні шешудің мұндай жолын төменгідей жағдайларда
пайдалануға болады:
- проблеманың шешілуі екі жақ үшін де өте маңызды және ешқайсысы
жол бергісі келмейді;
- туындаған конфликт бойынша қарсыластарыңызбен бұрынғы қарым –
қатынастарыңыз жағымды, ұзақ болса;
- туындаған проблема жөнінде жұмыс жасауға уақыт жеткілікті
болғанда;
- екі жақтың да көзқарастары мен пікірлері, қажеттіліктері белгілі болған
жағдайда;
- екі жақтың да билік дәрежесі тең, сондықтан олар тепе–тең шешім
қабылдауды жөн көреді.
Екі жақ та шешім қабылдау үшін уақыт үнемдеп, бір–бірінің
қажеттіліктерін түсіндіре алуы керек, бір–бірін тыңдай алу керек содан кейін
қабылданатын шешімнің альтернативті нұсқаларын қалыптастыру керек.
Барлық аталған стильдердің арасында ынтымақтастық стилі ең қиын болып
саналады, бірақ осы стиль арқылы екі жақты да қанағаттандыратын шешім
шығаруға мүмкіндік береді.
Ымыраға келу - өз қызығушылықтарыңыз үшін қарсы жаққа жол
бересіз, сол арқылы оларды қанағаттандырасыз, олар өз кезегінде осы
әрекетті қайталайды. Бұл стильдің ерекшелігі екі жақ та бір–бірінің
қажеттіліктерін қарастырады.
Ымыраға келу – конфликтіге қатысушылар конфликтіні шеше алады.
Егер әрбіреуі бір нәрседен бас тартқан жағдайда бұнда әрбір принцип
бойынша іс - әрекет жасайды, яғни егер маған жаман болса, онда оған да
жаман болсын деген ойда болады.
Төменде көрсетілген жағдайларда ымыраға келу қолайлы болып
саналады:
- екі жақтың билік дәрежесі тепе–тең болған жағдайда;
- сізді уақытша шешім қанағаттандыруы мүмкін;
- уақытша ұтымдылықты, пайданы қолдана аласыз;
- проблеманы шешуде басқа жолдар тиімді болмаған жағдайда;
- туындаған проблеманы шешуден қанағаттану сіз үшін маңызды
болмаса, сіз бастапқыда қойған мақсатыңыздан бас тарта аласыз;
- компромисс жағымды қарым–қатынасты сақтап қалуға мүмкіндік
береді.
Ымыраға келуге тырысатын болсаңыз екі жақтың да
қызығушылықтарын ескеру қажет. Осыдан кейін ортақ қызығушылық
аудандарын белгілеп алу керек.
Жалпы кез келген конфликтілі жағдай шешу жолдарының қайсысын
таңдау керек екенін онсыз–ақ көрсетеді. Әрбір стильдің тиімділігі нақты бір
жағдайларда ғана қолайлы екенін түсіну маңызды.