Препаратта тілдің жапырақ тәрізді бүртік берілген.Тілдің негізін сомалық көлденең жолақты қаңқалық бұлшық ет тіні құрайды.Тіл шырышты қабықшамен қапталады.Тілдің астыңғы,бүйірлік және жоғарғы беткейлерінің бедерлері әртүрлі болып келеді.Астыңғы бетінде эпителиі көпқабатты жазық мүйізденбейтін болып келеді.Шырышты қабықшаның меншікті табақшасы эпителийге кіре орналасатын қысқа бүртікшелерді құрайды.Шырыш асты негіз бұлшық етке жанаса орналасады.Ал үстіңгі және бүйір беткейлерінде шырышты қабықшасы ерекше түзілімдер бүртікшелер болады.Шырышасты негіз болмайды.Бүртікшелер шырышты қабықшаның туындыларына жатады,олардың беткей қабатын базальды мембранаға орналасқан көпқабатты жазық мүйізденбейтін эпителий тіні түзейді.Бүртікшенің тірегін шырышты қабықшаның меншікті табақша өсіндісі-бірінші реттік бүртікше қалыптастырады.Бірінші реттік бүртікше дәнекер тіннің жіңішке жолағынан тұрады.Дәнекер тіндік тірегінің ішімен көптеген қан қылтамырлары өтеді. Тілдің жапырақ тәрізді бүртікшелері-балаларда ғана жақсы дамыған.Олар екі топ құрай,тілдің оң және сол бүйірлерінде орналасады.Бүртікшенің бүйірлік аймақтарының эпителиінің ішінде дәм сезу буылтықтары орналасады.Жапырақ тәрізді бүртікшелерді бөліп тұратын кеңістікке нәруызды сілекей бездерінің шығарушы өзектері ашылады.Ересек адамдарда бұл бүртікшелер редукцияланады.