Овогенез және оның кезеңдері.Аналық жыныс клеткаларының дамуын оогенез деп атайды. Ол үш сатыдан тұрады:
1) көбею; 2) өсу; 3) жетілу (пісу).
Төрт сатылы сперматогенезбен салыстырғанда овогенезде төртінші қалыптасу сатысы болмайды. Егер сперматогониялардың көбеюі организмнің жыныстық жетілуіне байланысты болса, ал овогониялардың көбеюі ұрықтың жыныс безінде болады. Көбею кезеңінде жыныс клеткалары митоз жолымен бөлініп, саны артып отырады. Ол клеткалар овогониялар деп аталады. Көбею сатысы ұрық жарыққа шыққанға дейін созылады. Овогониялар бөлінуді тоқтатып бірінші реттік овоциттерге айналады. Жаңа туылған қыздың аналық безінде 1 миллиондай жетілмеген жыныс клеткалары ‐ овоциттер болады, даму барысында олардың 500‐дейі ғана пісіп жетіледі. Қалғаны бірте‐бірте жойылып кетеді. Овогенездің екінші сатысында бірінші реттік овоциттер өсу кезеңін бастайды. Овоциттің ядросы мейоздың бірінші профазасына түседі. Ол кезең кейде көп уақытқа созылуы мүмкін, мысалы адамда бірнеше он жылдықтарға. Өсу кезеңі екі мерзімге бөлінеді:
1) цитоплазмалық өсу (кіші өсу); 2) трофоплазмалық (қоректік) өсу (үлкен өсу).
Кіші өсу кезеңінде (превителлогенез) белоктар, ферменттер, митохондриялар, рибосомалар, ядрошықтар көбейеді. Үлкен өсу кезеңінде (виттеллогенез) клеткаларда сарыуыз жиналады.
Ұрықтану және оның биологиялық маңызы. Ұрықтануекі жыныс клеткасының аталық жəне аналық клеткаларының қосылуынан тұрады. Осы екі жыныс клеткаларының қосылуы нəтижесінде зигота деп аталатын ерекше жаңа клетка пайда болады. Оның ядросында, ата‐аналарының екеуінің де тұқым қуалайтын белгілерін сақтайтын хромосомдары болады. Зигота бөліне бастайды да, содан соң көп клеткалы ұрыққа айналады. Əр түрлі жануарларда сперматозоидтар жұмыртқа клеткаларының ішіне дамудың əр түрлі сатыларында енеді. Аскаридаларда, құстарда, сүтқоректілерде сперматозоид І‐ші реттік ооцитке жетілу кезеңінің бірінші бөлінуінің алдында енеді.
Балықтарда, кейбір сүтқоректілерде сперматозоидтар 2‐ші реттік ооцитке енеді. Теңіз кірпілерде сперматозоидтар жетілген жұмыртқа клеткасымен қосылады. Əдетте, жұмыртқа клеткасына тек І ғана сперматозоид еніп, оның ядросымен қосылады. Ол моноспермияқұбылысы. Ал енді құстарда, бауырымен жорғалаушыларда бірнеше сперматозоид жұмыртқа клеткасына енеді де, бірақ оның біреуі ғана аналық клеткасымен қосылады. Оны полиспермиядеп атайды. Ұрықтану үш кезеңнен тұрады:
1) дистанттік кезең (алыстан бір‐біріне əсер ету);
2) контакттік кезең (жақыннан бір‐біріне əсер ету);
3) сингамия (сперматозоидтың жұмыртқаға еніп, ядроларының қосылуы).
6.Бұлшық ет ұлпасы. Құрылысы, қызметі
Бұлшық ет ұлпасы организмдегі барлық қозғалыс процестерін қамтамасыз етеді. Мысалы, қан тамырларындағы ағымды, тағамның ішектегі қозғалыстарын, организмнің жеке мүшелерінің қызметтерін атқарады. Бұлшық ет ұлпасының бұл қасиеттері оның жиырылғыштығының нәтижесі. Жиырылғыштық қасиет, ол ұлпадағы жіңішке жіп тәрізді түзіліс, миофибриллдерге байланысты. Олар жуандап, жіңішкеріп, қысқарып және ұзарып тұруға қабілетті. Шығу тегіне, атқаратын қызметіне, құрылысына қарай бұлшық ет ұлпасы бірыңғай салалы және көлденең жолақты бұлшық ет болып екіге бөлінеді. Біріңғай салалы бұлшық еттің ерекшелігі – ұзын ұршық формалы біріңғай салалы ет клеткалары болады. Олар терінің және ішкі органдардың құрамына кіреді, ішкі органдардан ішекті, несеп шығару түтіктерін. Бездер мен қан тамыр жүйелерін құрайды. Бірыңғай салалы бұлшық еттің құрамдық элементі – ұзын ұршық формалы бірыңғай салалы ет клеткасы. Олардың ұзындығы 60-100 микрон, диаметрі 2-20 микрон. Бірыңғай салалы бұлшық еттің клеткасында ұршық тәрізді бір ядросы және клетка орталығы, митохондрия, ішкі торлы аппарат орналасады. Біріңғай салалы бұлшық еттің клеткалары көбінесе шоғырлар түзеді, оларда ерекше қабық болмайды. Коллаген және эластикалық талшықтары бар дәнекер ұлпалы қабаттар өтеді, нервтер мен қан тамырлары етұлпасына дәнекер ұлпасы арқылы таралады. Біріңғай салалы бұлшық ет мезенхимадан дамиды, қалыптасатын ет бастамасының көбеюі мезенхималды клеткалардың ерекшеленуі есебінене орындалады. Әртүрлі органдарда біріңғай салалы ет ұлпасының дамуы әр түрлі мезгілде өтеді. Зақымданған жағдайда біріңғай салалы ет қайта қалпына келе алады және дәнекер ұлпасының нашар ерекшеленген элементтері бар жерде біріңғай салалы бұлшық еттің клеткасы жаңадан түзіле алады. Көлденең жолақты бұлшық еттен қаңқаның мускулатурасы, тілдің, көздің, жұтқыншақ пен өңештің және көмекейдің еттері құралады. Көлденең жолақты бұлшық еттің құрылымдық элементі ет талшығы. Талшыұтың жиегі тегіс, ұштары дөңгелек, цилиндр тәрізді болады. Қысқа еттерде талшықтардың ұзындығы бұлшық етпен бірдей, ал ұзын еттерде талшықтар бұлшық еттің ұшына жетпей аяқталады. Жаңа бөлінген талшықтың бетінен әр түрлі мөлшерде сарколемма деп аталатын қабықты көруге болады. Сарколемма өте жұқа фибрилдерден тұрады. Ет талшығы саркоплазмадан және саны жүзден аса ядродан, ішкі торлы аппараттан, саркосомалардан, әр түрлі қосындылардан тұрады. Көлденең жолақты бұлшық ет сәулені әр түрлі сындыратын дискілерден тұруына байланысты сәулені екі жақты сындыратын дискі – анизотропты, ал сәулені бір жақты сындыратыны изотропты деп аталады. Бұлардың біріншісі күңгірт, екіншісі ашық түсті болып көрінеді. Талшықтарда саркоплазма мен миофибрилдің ара қатынасы өзгермелі болады. Саркоплазма күңгірт түсті болғандықтан талшықтың түсі оның мөлшеріне байланысты, саркоплазмасы көп талшық күңгірт боялып, қызыл талшықтар деп аталады. Миофибрилдерге бай ашық түсті талшықтар күңгірт түстіден гөрі тез жиырылғыш, бірақ тез шаршайтын болып келеді. Қаңқаның көлденең жолақты бұлшық еттері тарамыстар сияқты күрделі шоғырлы құрылты болып келеді, яғни бірінші, екінші, үшінші реттік шоғырларға бірігеді. Ет талшықтардан және дәнекер ұлпалардан құралып организмде органның міндетін атқарады. Адамдарда ақ немесе қызыл талшықтардың салыстырмалы түрдегі мөлшері әр 21 түрлі еттерде өзгермейді, бірақ не ақ, не қызыл талшықтардан тұратын ет жоқ. Ақ еттер көбінесе құстарда кездеседі.Еттер қаңқа сүйектеріне тарамыс арқылы байланысады. Ет мөлшері ұдайы өзгеріп отырады, шынықтырса жуандай түседі, ал ет жұмыс атқармаса атрофияға ұшырауы мүмкін. Көлденең жолақты бұлшық еттердің шығу тегі барлық жануарларда миотом болғанмен олардың дамуы әр түрлі болады. Қаңқа еттері көлденең жолақты бұлшық еттерден тұрады, бастың, көздің,беттің кейбір еттері біріңғай салалы бұлшық еттер сияқты мезенхимадан түзіледі. Жүректің бұлшық еті көлденең жолақты бұлшық етке жатқанымен атқаратын қызметіне, құрылысына және шығу тегіне байланысты ерекшеленіп тұратын жүрек бұлшық еті деп ажыратылады. Жүрек етінің талшықтары шоғыр түзбейді, олар бір-бірімен тор тәрізді тұтас синцитий құрайды. Жүрек етінің ерекшелігі ет талшығын кесе көлденең кесіп өтетін сызаптар түзеді. Жүрек етінде миофибрилдер талшықтың шетіне жақын орналасады, ядросы керісінше орталықта орналасады.
7.Құстардың даму ерекшелігі
Құстардың ұрығының дамуы ланцетникпен қосмекендікілерден суда емес сыртта, жұмырқаның әк қабығының ішінде өтеді. Қабықтың ішінде ұрықтың дамуына қажетті қоректік заттар мен сыртқы ортадан бөліп тұратын қатты қабаты болады. Құстардың жұмыртқа клеткасы сары уызға бай болады. Жұмыртқа клеткасының сары уыздан бос – ұрықты бөлігіне және сары уызға бай – қоректік бөлігіне айқын бөлінуі майдалануды күрделендіреді. Жұмыртқаның мұқыл жағында жарғақ қабықтар бір-бірінен бөлініп, олардың арасы ауаға толады да, ауа камерасын түзеді. Ұрық ауа камерасы арқылы оттегін қабылдайды, көмір қышқыл газы сыртқа шығарылып отырады. Құстардың сары уызы мен белогы жұмыртқаның дамуының бастамасын береді. Майдалану жұмыртқа жолында өтеді. Гаструляция сары уыздың мөлшері мол болғандықтан, сары уызды ұрықсыз және уызсыз ұрықты бөлімдерден тұрады. Гаструляция дисканың ішкі қабатының қабаттасуы арқылы түзіледі. Құстардың энтодермасының дамуы дискоидалды типті өтетіндіктен ұрықтың басқа клеткаларына ерте бөлініп кетеді. Сондықтан хорда мен мезодерманың қозғалуы энтодермаға байланыссыз жүреді. Құс жұмыртқасының дамуы жұмыртқа жолында басталады да, сыртқа шыққаннан кейін белгілі бір ылғалдылығы және температурада немесе тауықтың өзі басуы нәтижесінде дамиды. 12 сағаттан кейін ұрық дискасында өзгерістер байқалады, яғни ұрық дискасының ортасында ұрық дамитын ұрық қалқаншасы бөлінеді. 1 тәуліктен кейін клеткалық материалдар ұрық қалқаншасының 13 айналасына жинақталып, ұрық қалқаншасында алғашқы жолақ және гензен түйіндісі түзіледі. Жолақ клеткаларының бір бөлімі ішіне ауысып, энтодерма мен эктодерманың аралығына орналасады. Мезодерманың орта бойымен ауысуына байланысты онда ойықтар пайда болады да, кейіннен алғашқы жұлынға айналады. Гензен түйінінде бас шұңқыры деп аталатын ойық пайда болады. Бұдан кейін ұрықтың дамуы гаструла дәуіріне ауысады. Эктодерманың астында алғашқы жұлға материалынан түзілген тығыз бас тармақ пайда болып одан хорда дамиды. Алғашқы жұлғадан хорданың екі бүйіріне және ұрық денесінің алдыңғы бөліміне қарай мезодерманың бастамасын түзейтін екі қанат тәрізді клеткалық материалдар өседі. Ұрықтың бұдан кейінгі дамуында жұмыртқа материалының ерекшеленуі және органдардың түзілуі жүреді. Сары уыз қабығының қабырғасындағы қан тамырлары тек сары уыздың пайдалануын қамтамасыз етеді. Ұрық дамыған сайын сары уыз арқылы қоректеніп, біртіндеп сіңіреді, сары уыз қапшығы кішірейіп, қалдығы кіндік тесігі арқылы ұрық ішіне тартылып кетеді.
8. Эпителий ұлпаларының классификациясы, қызметі
Эпителий ұлпасы (эпителиальная ткань); (textus epithelialis, лат. textus — ткань, ұлпа; грек, ері — үстінде, thele — кеуделік емізікше) организмді сыртқы жағынан қаптап, ішкі мүшелердін кілегейлі және сірлі қабықтарын астарлайтын және әртүрлі бездер паренхимасын түзетін ұлпа. Эпителий ұлпасы: жабынды және безді эпителий болып екіге бөлінеді. Жабынды эпителий ұлпасы организмді қаптап, оның ішкі ортасын қоршаған сыртқы ортадан бөліп тұрады. Эпителий ұлпасы бір-бірімен тығыз орналасқан эпителий жасушаларынан (эпителиоциттерден) құралған. Эпителий ұлпасы шекаралас борпылдақ дәнекер ұлпасынан негіздік жарғақ (базальды мембрана) оқшауланады. Эпителий ұлпасында қан тамырлары болмайды, сезімтал жүйке үштарына бай. Бірқабатты эпителий ұлпасы эпителиоциттерінде полюстік айырмашылык (апикальды және базальды полюстер) болады. Эпителиоциттердің қалпына келу (регенерация) қабілеті жақсы жетілген. Жабынды эпителий ұлпасы: бірқабатты және көпқабатты эпителий болып екі топқа бөлінеді. Бірқабатты эпителий ұлпасында барлық эпителиоциттер негіздік жарғақта орналасады, ал көпқабатты эпителийде базальды мембранамен оның тек төменгі қабатта орналасқан жасушалары жанасады. Безді эпителий ұлпасы — организмде өздерінен арнайы бөліңділер бөлетін бездер паренхимасын құрайды. Бездер: экзокринді және эндокринді болып бөлінеді. Эпителий ұлпасы организмде қорғаныс қызметін атқарады, зат алмасу, процесіне қатысады, сірлі сұйық және түрлі бөлінділер бөледі.[1]
Класификациясы
Эпителий ұлпасы құрылысына қарай бір қабатты, көп қабатты болады. Егер жасушалары бірнеше қабат түзіп орналасса - көп қабатты деп аталады. Мысалы, терінің сыртқы қабатының жасушалары көп қабатты болғандықта, қасаңданып түлеп түседі. Оның орнын терең қабатындағы жасушалар толықтырады. Жасушаларының пішіні мен атқаратын қызметіне қарай эпителий ұлпалары алты топқа бөлінеді:
Жалпақ эпителий (көп қабатты) жасушалары көп қырлы, терінің үстіңгі қабаты мен ауыз қуысы, өңештің ішкі жағын астарлайды;
Текшелі (кубический) эпителий бүйректің өзекшелерін іш жағынан астарлап тұрады;
Бағана тәрізді эпителидің жасушалары ұзынша, қарын мен ішектердің ішкі қабатында орналасқан;
Кірпікшелі эпмтелий бағана тәрізді жасушаларының бетінде цитоплазмадан түзілген кірпікше тәрізді өсінділері болады. Әсіресе тыныс жолдарындағы кірпікшелі эпителилер шаң - тозаң бөлшектерін және тағы басқа бөгде заттарды ұстап қалады;
Сезгіш эпителий тітіркенуді қабылдайды, иіс сезу эпителийлері мұрын қуысында орналасқан;
Безді эпителий жасушалары сүт, тері , жас, сілекей, құлық бөледі
Қызметі. Эпителиалды тіндер организмде көптеген маңызды функцияларды орындайды. Олар ағзаның ішкі ортасын қорғайды, заттардың трансцеллюляр тасымалын қамтамасыз етеді, шырышты, гормондарды, ферменттерді және басқа да заттарды секретеді, ағзаның саңылауынан (ішекте немесе бүйрек каналдарында) заттардың сіңуін жүзеге асырады. Эпителий жасушалары арасындағы контактілердің селективті өткізгіштігінің арқасында әртүрлі органдар арасындағы заттардың тасымалдануын бақылайды. Эпителийдің кейбір туындылары, мысалы, дәм шамдары, торлы торлар және құлақтың арнайы шаш жасушалары сенсорлық функцияны жүзеге асырады.
9.Қан пластинкалары (тромбоциттер)
Қан жасушалары — адам мен жануарлар организмдерінің тіршілігіне тым қажет қызметтер атқаратын қанның құрамындағы жасушалар. Қан жасушаларына: эритроциттер (қанның қызыл жасушалары), лейкоциттер (қанның ақ жасушалары) және қан табақшалары (құстар мен төменгі омыртқалы жануарларда — тромбоциттер) жатады.
Тромбоциттер-қан пластинкасы,екі жағы дөңес дөңгелек не соппақша құрылым,диаметрі 0,5-4мкм.Сау адамданың қанында 1 л канында 180-320*109тромбоцит болады. Орта есеппен тромбоцит 8-11тәулік жасайды. Ол сүйек кемігінде мегакариоциттен түзіледі, бір мегакариоциттен 3000-4000 қан пластинкасы бөлініп шығады.
Қызметі:
Ангиотрофикалық қан тамырды қоректендіру. Қан тамырлардың қалыпты құрылыс мен қызметін сақтауда тромбоциттердің үлкен маңызы бар. Қантамырының эндотелиі ағып жатқан қаннан қажет мөлшерде қоректік заттарды ала алмайды. Оны тромбоциттер қаннан сорып алады да әлсін-әлсін, эндотелиймен түйіскен кезде оған беріп отырады. Сондықтан тромбоцит эндотелийдің «асырап сақтаушысы» деп бекер айтпаған
2.Адгезивті агрегациялық қызметі. Қан тамыры жарақаттанса, тромбоциттер пішінін өзгертеді. Оның протоплазмасында жалған аяқтар пайда болады.олар жабысқақ келеді,эндотелий жрақаттанса жердегі негізгі мембранаға бекиді де, бір-бірімен жабысып, 10-20 тромбоциттен тұратын үйінді құрады. Бұл үрдіс агрегация деп аталады.
3.Ангиотензивтік қызметі қан тамыры саңылауын тарылтады. Бұл жарылған тромбоциттерден босап шыққан серотониннің әсері.
4.Қан ұйыту қызметі.
5.тромбоциттер қанның креаторлық байланысын, әсіресе қантамырларының табиғи құрлысын сақтайды.
Ұю - қанның биологиялық қасиетi, корғаныс қызметінің бір түрі. Осы қасиеттiң арқасында канның сыртқа шығуы (кан кету) тоқтайды. Мұны гемостаз (грек, haemo - кан, stasis - токтау), яғни қан тоқтау дейдi. Бұл өте жиi әрi кең мағынада қолданылатын сөз. Гемостаз деп канның сұйык қалпын және эндотелийдің бүтіндігін, тамырдағы қан ағысының сақталуын, сондай-ақ сыртына шықпауын не ағып тұрган қанның тоқтауын қамтамасыз ететiн күрделi биохимиялык және биофизикалык үрдістерді айтады.
10.Гаметогенез (овогенез және сперматогенез)
Гаметогенез – жыныс жасушаларының даму және қалыптасу үдерісі. Жыныс жасушаларының мейоз арқылы түзілетінін білеміз. Алайда осы бір үдеріс арқылы маманданған жыныс гаметаларының қалыптасуы шектелмейді. Сондықтан оның барысында сатылардың біреуінде мейоз жүретін гаметогенез үдерісі зерттеледі. Жануарларда гаплоидты гаметалар жыныс бездерінің диплоидты жасушаларынан түзіледі. Жыныс бездері 4 аймаққа бөлінеді, олардың әрқайсысында ерекше үдерістер жүзеге асады Гаплоидты гаметалар жыныс бездерінің диплоидты жасушаларынан түзіледі. Аталықтарында аталық бездерінің жасушалары, аналықтарында аналық бездерінің жасушалары денеміздің барлық жасушасы сияқты диплоидты хромосома жиынтығына ие. Гаметогенезді шартты түрде 4 аймаққа бөлуге болады.
Сперматогенез (грек, sperma — шәует, genesis — шығу тек) — еркек жануарлардың жыныс безінде жүреді. Бұл процесс кезегімен өтетін төрт кезеңнен: көбею, өсу, жетілу және қалыптасу кезеңдерінен тұрады.Аталық жыныс жасушалары — сперматозоидтардың даму процесін сперматогенез (спермиогенез). Сперматогенез процесі аталық жыныс безінің (ен) ирек тұқымдық өзекшелері қабырғаларында жүреді. Ол төрт: көбею, өсу, жетілу және қалыптасу кезендерінен тұрады.
Көбею кезеңінде жас жыныс клеткалары үздіксіз митоздық бөліну арқылы көбейіп, сперматогониялар (алғашқы аталық жыныс жасушалары) түзіледі. Олардың біраз бөлігі митоз арқылы бөлініп, одан әрі көбейе береді. Ал қалған бөлігі бөлінуін тоқтатып, сперматогенездің келесі өсу кезеңіне өтеді.
Өсу кезеңінде сперматогониялар келесі кезеңдердегі бөліну процестеріне қажетті заттармен (ДНҚ, протеиндермен) қорланып, үлкейіп өседі де, біріншілік сперматоциттерге айналады.
Жетілу кезеңі жыныс жасушаларының қатарынан екі рет бөлінуімен ерекшеленеді.Бірінші бөліну нәтижесінде екіншілік сперматоциттер, ал екінші рет бөлінуден соң, екіншілік сперматоцитерден ядроларында хромосомалардың гаплоидты (сыңар хромосомалар) жиынтығы болатын сперматидалар пайда болады.
Қалыптасу кезеңінде сперматидалардан сперматозоидтар түзіледі. Әрбір біріншілік сперматоциттен төрт сперматозоид жетіледі.
Овогенез (ovogenesis, лат. ovum — жұмыртқа, genesis — шығу тегі) [1] — жұмыртқа жасушасының даму процесі. Овогенез көбею, өсу және жетілу кезеңдерінен тұрады. Көбею кезеңінде сарыуыз қапшығы энтодермасынан аналық жыныс безі бастамасына қан арқылы келіп орналасқан алғашқы жас жыныс жасушалары — гоноциттер митоз арқылы көбейіп, овогонияларға айналады. Бұл процесс адам, сиыр, қой, ешкі, шошқа ұрықтарында тек іштегі эмбриондық кезеңде ғана, ал жыртқыш жануарларда туғаннан кейін де жүреді. Өсу кезеңінде овогониялар біріншілік овоциттерге айналады. Біріншілік овоциттер ядроларының жетілу деңгейі бірінші мейоздық бөліну профазасының алғашқы сатысындағы даму кезеңінде болады. Овоциттер фолликулалы жасушалар қабығымен қапталып, жұмыртқалықтың өсуші фолликулдарына айналады. Біріншілік овоциттер осы күйінде жұмыртқалықта овуляция кезеңіне (көпіршікті фолликулдың жарылуына) дейін сақталады. Үшінші жетілу кезеңі, яғни біріншілік овоциттердің I және II мейоздық бөлінуі, овуляция алдында немесе овуляция кезінде жүріп, өздерінен I және II бағыттаушы денешіктер (полоциттер) бөліп, екіншілік овоциттерге, одан соң пісіп жетілген овоцитке (жұмыртқа жасушасы) айналады. Жетілген овоциттердің ұрықтануға бейімділігі 24 сағатқа ғана созылады, содан соң ұрықтануға жарамай, ыдырай бастайды.
11.Шеміршек ұлпасы, құрылысы, қызметі.
Шеміршек ұлпасы (хрящевая ұлпа); (textus cartilagineus, лат. textus — ұлпа; лат. cartilago - шеміршек) — қаңқа дәнекер ұлпасы. Шеміршек ұлпасы жасушалардан және жасушааралық заттардан құралған.Жасушааралық заттың құрылыс ерекшеліктеріне байланысты ол: гиалинді, эластинді және талшықты шеміршек ұлпалары болып үш түрге бөлінеді. Гиалинді шеміршек ұлпасының жасушааралық заты мөлдір біркелкі болып келеді. Эластинді шеміршек ұлпасының жасушааралық затында эластин талшықтары, ал талшықты шеміршек ұлпасында коллаген талшықтарының будалары болады. Шеміршек ұлпасы сыртынан шеміршекқаппен (перихондрий) қапталған. Шеміршек ұлпасының жасушаларына прехондробласттар, хондробласттар, хондроциттер жатады. Жасушааралық зат — шеміршек ұлпасының негізін құрайды. Оның құрғақ салмағының 50-70% коллагеннен тұрады. Жасушааралық заттың құрамына хондрин талшықтары мен хондромуконд (мукополисахарид) кіреді]. Шеміршек ұлпасы организмде тіректік, қорғаныс және механикалық қызметтер атқарады.
Құрылысы:
Гиалинді шеміршек - ұлпаның ең көп тараған негізгі түрі. Сүтқоректілердің ересек организмінде олар буындардың үстін, қабырғалардың ұштарын, кеңірдекті және т.б. органдардың шеміршектерін құрайды. Гиалинді шеміршек тығыз, серпімді және түсі мөлдір болады. Шеміршектің жасушалары негізгі заттың ерекше қуыстарында орналасады. Көбінесе олар 3-4 жасушалардан тұратын топтар түзеді. Бұл топтар бір жасушаның бөлуінен пайда болатындықтан изогенді топтар деп аталады.
Қартайған сайын шеміршектің негізгі заты тығыздалып, жасушалары дискі тәрізді және бұрыш тәрізді болады.
Шеміршек жасушалары көбінесе бір ядролы кейде екі ядролы болады. Органоидтары жақсы жетілген. Шеміршектің жасуша аралық заты біркелкі болмайды. Микроскоппен қарағанда онда аморфты зат пен желімделген коллаген талшықтары да байқалады. Талшықтар өзара шырматылып тор түзеді. Шеміршек ұлпасының басқа ұлпалардан айырмашылығы ондағы аморфты затының химиялық қасиетінде. Шеміршектің аморфты заты протеиндерден хондриотино күкірт қышқылынан және альбумоидтан тұрады. Протеиндердің бір бөлігі хондриотино күкірт қышқылымен күшті қосылып хондромукоид түзеді. Ол шеміршектің негізгі заты. Шеміршектің негізгі затында коллаген мен хондромукоид біркелкі орналаспайды ол жануарлар мен адамдардың жасына байланысты. Адам есейген сайын шеміршектің негізгі затының ерекшеленуі айқындала түседі. Онда тұздар көп жиналып, кәрі шеміршек опырылғыш келеді.
Серпімді шеміршек негізінде гиалин шеміршегіне ұқсас, бұның да жасушалары капсуламен қоршалып изогенді топтар құрайды. Оның түсі сары болады. Серпімді шеміршектен құлақ қалқаны, кеңірдектің кейбір шеміршек сақиналары құралады.
Талшықты шеміршек мұның негізгі затында каллоген талшықтары жинақталған. Омыртқа аралығында кездеседі.
Шеміршектің дамуы-гиалинді шеміршек басқа дәнекер ұлпалары сияқты мезенхимадан дамиды. Дамуы мезенхиманың тығыздалуынан басталады. Қаңқалы бөлімдер пайда болады. Ұлпа сұйығының химиялық қасиеті өзгереді. Онда шеміршектің затына ұқсас заттар пайда болады. Кейін олардан каллоген талшықтары дамиды. Шеміршектің осыдан бастап екі бөлімі, аралық заты және жасушасы айқындала басталады және жасушалары көбейе бастайды. Негізгі заттың базофильдігі артады. Ұрықтың шеміршектің айырмашылығы олар изогенді топ құрамай жасушалары бір-бірінен бөлек орналасады.
Қызметі:
Шеміршек қатты, бірақ иілгіш ұлпа. Пішінінің өзгеруіне қарсы тұруға жақсы бейімделген, оның аралық заты серпілмелі келеді және сүйектердің буын беттерінің арасында жиі пайда болатын үйкеліс күшін кемітетін қасиеті бар. Тығыз дәнекер ұлпасына карағанда негізгі затқа бай келеді. Клеткаларын хондробластлер деп атайды. Хондробластлер даму процесі кезінде хондроциттерге айналады. Хондроциттер шеміршек үлпасының негізгі клеткасы, клеткааралык затта ерек-ше қуыстарда капсуламен қоршалып орналасады. Хондроцитгің беттері электрондық микроскоппен байқалатын микробүрлермен жабдықталған. Бұл клеткалардың ядросы жұмыр келеді, хроматин аз болады. Цитоплазмасыңда митохондриялар, белоктарды синтездейтін грану-лалық эндоплазмалық тор мен жаксы жетілген Гольдхи жүйесі бола-ды (84-сурет). Хондроциттер 2-4-онан да көп болып топтасып бірігіп «изогендік топ» деп аталатын комплексті кұрайды. Әрбір топ бір хондробластының бөлінуінің нәтижесінде пайда болады. Қуыстың ішінде орналасқан изогендік топтар дәнекер үлпасынан тұратын капсулалар-мен қоршалған.
Шеміршекті мезенхиманың клеткаларынан түзілетін шеміршек қабықшасы, немесе перихондр деп аталатын тығыз дәнекер ұлпасы қаптап түрады. Перихондрдың екі қабатын ажыратады: тығыз талшықты дәнекер ұлпасынан тұратын сыртқы-фиброзалық қабат пен құрамында хондробластлер бар ішкі-хондрогендік қабаттан. Шеміршектің тіршілігінде оның өсуі мен қоректенуін қамтамасыз етіп үлкен рөл атқарады. Перихондрлық (шеміршек кабықшасының) клеткалары өздерінің митоздық беліну кабілетін сақтайды, шеміршектің өсуі мен закымдалған кезде калпына келуі қамтамасыз етіледі.
Шеміршекте қан тамырлары болмайды, қоректі заттарды кан та-мырларына бай қабыкдхасынан диффузиялық жолмен алады.
12.Ұрық жапырықшалардың туындысы.
Ұрық жапырақшасы (folіa embryonal) — көп клеткалы жануарлар ұрығының даму кезеңінде денесінің сыртында (гаструлация процесі кезінде) тіндер мен органдар пайда болатын қабаттар. Ұрық жапырақшасын кейде ұрық тақташалары деп те атайды. Көптеген көп клеткалы жануарларда негізінен 3 түрлі ұрық жапырақшасы түзіледі. Оның сыртқы қабаты — эктодерма, ортаңғысы — мезодерма, ал ішкі қабаты — энтодерма. Қағанақты жануарларда ұрықтық және ұрықтан тыс эктодерма, мезодерма және энтодерма қабаттары ажыратылады. Эктодерма қабатынан түзілген ұрық жапырақшасы жабын және сезгіш қызметтер атқарады. Мезодермадан түзілген ұрық жапырақшасы қозғалтқыш, тіректік және қоректік қызмет атқарып, ұрықтың дене бөліктерін бір-бірімен байланыстырады. Ал энтодермадан түзілген ұрық жапырақшасы қоректену және тыныс алуды қамтамасыз етеді. Әр түрлі жүйелік топтарға жататын біркелкі ұрық жапырақшасының көптеген ұқсас белгілерімен қатар, даму ерекшеліктеріне байланысты бірталай айырмашылық белгілері де болады. Ұрық жапырақшасы туралы ілім биология ғылымының тарихында үлкен рөл атқарып, эмбриологияда қорытынды тұжырымдаманың қалыптасуына әсер етті. Белгілі ғалым К.Ф. Вольф (1734 — 1794) тауық ұрығының ұрық жапырақшасы түзілуін сипаттап жазып (1768 — 1769), эпигенез теориясының негізін салды. 1817 ж. Ресей ғалымы Х.И. Пандер (1794 — 1865) 3 түрлі ұрық жапырақшасының түзілетінін ашты. Ал К.М. Бэр әр түрді топқа жататын омыртқалы жануарлардың ұрық жапырақшасының түзілуін толық сипаттап, ұрық жапырақшасы ұрықтың дамуының басты белгісі екенін анықтап берді. Ұрық жапырақшасының түзілу процесінің ашылуы — барлық жануарлардың шығу тегі мен эволюциясының біртұтастығының дәлелі.
Эктодерма (грек. ektos – тыс, сыртқы және тері) – гаструлалану кезінде түзілетін сыртқы ұрықтық қабат. Эктодерма бластомерлері екі қабат болып жарылған ұрықтың сыртқы жасушалық қабатынан қалыптасады. Ұрық денесінің ұзына бойына Эктодерма клеткалары бөлініп көбейіп, жүйке тақташасына, кейін жүйке түтігіне айналады.
Мезодерма (мезо... және грек. derma — тері) — көп клеткалы жануарлар (губка мен ішекқуыстылардан басқа) мен адамның ортаңғы ұрық қабаты. Гаструла сатысында мезодерма сыртқы ұрық қабаты эктодерма мен ішкі ұрық қабаты энтодерманың арасында орналасады.
Эндодерма (грек. endon – ішінде және тері) – өсімдік сабақтары мен тамырларының орталық цилиндрлерін қаптап тұратын алғашқы қабықтың ішкі клеткалар тобы.
13.Сүтқоректілердің даму ерекшелігі.
Жануарлардың судан құрғақтыққа шығуына байланысты оларды қоршаған орта жағдайы өзгеріп, ұрықтарының дамуы құстар мен рептилийдегі сияқты жұмыртқа ішінде немесе сүтқоректілердің көпшілігінде арнаулы орган –жатырда өтетін болған. Бірінші жағдайда дамуға қажеті қоректік заттарды жұмыртқадағы сарыуыз бен белоктан, ал екінші жағдайда ұрықтың қорегі ана организімінен алынады.. Сүтқоректіліердің көпшілігінің жұмыртқасы эволюция процесінің нәтижесінде сарыуызын жойғандықтан ланцетниктің жұмыртқа клеткасы сияқты өте кіші болады. Көпшілік сүтқоректілер мен адамдардың жұмыртқасы сары уызды жойғаннан соң, ұрыққа қажетті қоректік заттарды аналық организмнің өзі қамтамасыз етеді.Майдалану толық, бірақ біркелкі болмайды, дамуы меробластикалық типпен жүреді. Сүтқоректілер жануарлар дүниесінің кеңінен тараған тобы болғандықтан, олардың ұрықтарының (эмбрионның) дамуы да алуан түрлі. Қазіргі сүтқректілердің ең жабайысы ехидна мен үйрек тұмсық. Бұлар рептийлердің көпшілігіне тән көбею және даму тәсілін сақтаған. Бұлардың жұмыртқа клеткасы өте ірі болады (сарыуыз диаметрі 0,5 см дейін). Ехидна денесінің бауыр бетінде болатын қалтаға көбіне бір жұмыртқа салады. Үйрек тұмсықта қалта болмайды, інге салған бірнеше жұмыртқаларын басып жетілдіреді. Жұмыртқадан шыққан балалары анасының тері безінің сүтке ұқсас секретімен қоректенеді. Сүтқоректі жануарлар, ехидна мен үйрек тұмсықтылардан (жұмыртқалағыштар) басқалары тірі туады. Құрсақтық даму кезеңдері түрлі сүтқоректілерді түрліше және ұрықтың ана организімімен байланысының түрі де бірдей болмайды. Қалталылардың құрсақтық даму кезеңі өте қысқа және ұрықтың жатырыдың кілегей қабықшасымен байланысы жабайы. Қалталылардың кейбір түрінде (қалталы борсық немесе бандикут) төл қабығының қабырғасы жатырдың кілегей қабықшасының ойындысына кіріп тұратын өсінділер құрайды, сондықтан қалталылар балаларын шала туады. Кейбір қалталылар өз балаларын қалтасында жетілдіреді.Жоғары сатыдағы сүтқректілердің жұмыртқасында сарыуыз кірінділері жоқ деуге болады, оларда дамудың бастапқы кезеңінде органикалық, бейорганикалық заттар болмайды да ұрық өзінің дамуына қажеттің бәрін ана организімінен алады.Плацента адамдармен приматтарда ең жоғарғы дәрежеде дамиды. Ұрықпен аналық организм арасындағы қарым-қатынастың ең қарапайым түрі қалталы жануарларда кездеседі. Қалталыларда ұрықтың дамуына қажетті заттарды хорионның эпителийі ұрықтың денесіне қан тамырлары арқылы жеткізеді. Сондықтан, қалталылардыаплацентарлы жануарлар деп атайды. Қалған сүтқоректілердің ұрығы анасымен тығыз байланысып плацента түзеді. Плаценталылар – эпителиохориалды, десмохориалды, эндотелиалды және гемохориалды болып бөлінеді. Эпителиохориалды немесе жартылай плацента шошқа, жылқы, түйе, бандикут және кейбір сүтқоректілерде кездеседі. Байланыстың бұл түрінде хорионы жатырдың кілегей қабықшасының эпителийіне жанасып қана тұрады. Туу кезінде бүрлер жатырды бүлдірмей өз ойықтарынан шығады. Туу ауыртпалықсыз, қан кетусіз орындалады. Десмохориалды немесе дәнекер ұлпалы плацента (грекше desmos -байланыс, дәнекер ұлпасы) - күйістілерге тән. Энтотелиалды плацента – жыртқыштарда кездеседі. Гемохориалды (грекше haima -қан) плацента – кейбір насеком жеушілерге, жарқанаттарға, кемірушілерге және барлық приматтар мен адамдарда кездеседі. Планцетаның бұл типінде хорион жатыр кілегей қабықшасының эпителийі мен дәнекер ұлпасын ыдыратып қана қоймай, оның тамырын да зақымдайды, трофобласт ана қанына батып тұрады. Туу кезінде көп қан ағады, жатыр эпителийінің кілегей қабықшасы бөлініп түседі. Регенерация процесі ұзаққа созылады.
14. Гаструляция типтері.
Достарыңызбен бөлісу: |