9. Агроландшафттардың трансформациялануы ұғымына түсінік беріңіз
Ландшафтардың техногендік трансформациясы. Техногендік факторлар аритмиялық болып табылады және ландшафтта қайтымсыз өзгерістер тудыратын әсер ету күшіне жетуі мүмкін. Техногендік әсерлер пассивті және белсенді болып бөлінеді. Техникалық құрылымдар ландшафтқа үлкен әсер етпеген кезде және олардың арасындағы зат пен энергия алмасу минималды болған кезде - "қатысу әсері"деп саналады. Пассивті-әсер техногендік фактор мен ландшафт арасындағы тепе-теңдік жағдайында белсенді болады. Белсенді әсер ландшафттан алу немесе оған зат немесе энергия әкелу арқылы көрінеді. Мысалы, шашырату топырақтың ылғалдылығын өзгертеді және өсімдіктердің өсу жағдайларын жақсартады, ал құлаған ағынның энергиясы топырақты ұсақтап, жылжытады, яғни.зат пен энергияның қозғалысы бар. Геожүйелерге техногендік әсер: ошақтық және алаңдық болып бөлінеді. Фокустық әсер фокустық таралуы бар табиғи ресурстарды пайдаланумен байланысты. Мысалы, тау-кен кенішіндегі карьерлер, жергілікті су көздері және басқа ресурстар. Алаңдық әсерлер үлкен аумақтарға таралған: егістік жерлер, жайылымдар, орман алқаптары және т. б. Адам ландшафтқа ұшыраған кезде топырақ, биота, су және жылу режимдері үлкен өзгеріске ұшырайды. Олардың өзгеруі геожүйеде қайтымды өзгерістер тудырады. Ландшафттағы қайтымсыз өзгерістер қатты іргетастың, рельефтің,климаттың бұзылуынан кейін пайда болады, өйткені бұл компоненттер геожүйеге негізгі кірулер болып табылады, олар арқылы зат пен энергия сырттан келеді. Қатты іргетас пен мезорельефтің өзгеруі мүлдем жаңа геожүйелерді құрайды – антропогендік және топыраққа, биотаға, су мен жылу режимдеріне әсер етеді.
Антропогендік геожүйелер табиғат заңдарына сәйкес өзгереді, бірақ олардың өзгеру жылдамдығы табиғи жағдайда болатын өзгерістер қарқынынан асып түседі, өйткені адамның әсері табиғи процестердің қарқындылығына әсер етті.
10. Ландшафттық жоспарланудың эстетикалық аспектілері. Ландщафтық дизайн - құрамына участокты жобалау және бөлу, белгілі бір климаттық жағдайымен топырағына байланысты өсімдік таңдау, оны участокта бір-бірімен үйлестіру арқылы орналастыру,сонымен қатар аумақта архитектуралық және скульптуралық элементтермен, су қоймаларымен жолдар арқылы аумақты көгалдандыру өнері Ландшафтық дизайн, бақ саябақ өнерін ұйымдастыру сияқты участокты жобалауды, белгілі бір өсімдік пішіндерімен үйлесімін, декоративті төсемдер, жарықтандыру және басқа құралдарды қолдана отырып шектеулі кеңістікте жұмақ бұрышын құру. Ландшафтық дизайн тарихы Бірнеше мыңжылдап саналады. Оның тамырын Ежелгі Египет, Ежелгі Греция, Ежелгі Римнен және Ежелгі Шығыстан іздеу керек. Ландшафтық дизайнның ежелгі формасын жобалауда чектерді жатқызуға болады және ол египеттіктердің үлесі. Ніл өзенінің жағалауындағы бөлінген орындар уақыт өте келе сәнсалтанатты үй маңының бағына айналған. Біздің эрамызға 4-5 мыңжылдықта ауқатты египеттіктердің декоративті бағы туралы мәліметтер сақталған. Ежелгі египеттіктердің бағынан гректердің бағы декоративті және ерекше (көгалдандыру массиві террасса түрінде,безендірудің көптігімен, фонтандармен бұралмалы баспалдақтармен айрықшаланды. Орта ғасырда бақтарды және саябақтарды жобалау асаөзгеріске ұшырамады, регулярлы болып қала берді. Участоктарды квадраттарға және тікбұрыштарға қажетінше бөлді, ол жерлерде емдік шөптер және жеміс- жидек түрлері өсірілді, бірақта бұралаңқы бір- бірімен қосылған жолдар пайда болды. Көкораймен алқаағштарды орта ғасырда ботаникалық бақ деп айтуға болатын. 17-18 ғасырда ландшафтық дизайнерекше танымалдыққа айналды 18 ғасырдыңекінші жартысынан бастап бақ- саябақ өнерінде регулярлы стиль пайда болды, яғни бір осьтен таралатын симметриялы таңдаулы композиция жасау( архитектуралық ғимараттар, фонтандар, скульптуралық композициялар, әңгімелесетін орын, галерея, каскадтар) және басты ғимараттан бақ немесе саябақтың түкпіріне жетелейтін сәулелі, диагональды аллеялар ұйымдастыру қарастырылды.. Отырғызуларға ағаштармен бұталардың желектері геометриялық дұрыс пішінді, қырқу- шырпуды жақсы көтеретін дері алынса, ал таңдаулы, әдемі гүлдейтін декоративті тікбұрышты және квадратты клумбалар құрылды Регулярлы жобалауға жиі жаңа дәстүрлер енгізіліп, кеңістік тарамдалып отырғанымен керекті шаблондар бұрынғысынша сақталып отырды. Регулярлы бақтармен саябақтарды ұстау аса қомақты қаражатпен адам күшін қажет ететіндітен 19 ғасырдың 60-шы жылдары қолданыстан шығып оның орнына пейзажды немесе ландшафты стиль өзінің табиғилығымен, қарапайымдылығымен қолданысқа енді.. ирелеңдеген жолдар, алаңқайлар, шекрасы анық көрінбейтін көлеңкелі ағш топтары, сыңғырлаған бұлақтар, еркін орналасқан гүлдейтін өсімдіктер, шалаш, хижина, ферма түрінде жасалған құрылыстар т.б пейзаждық бақта орын алып, романтикалық көңіл- күй береді. шШпалер, боскеттер,және партерлерлер геометриялық қатаңдығыменсозылмалы аллеяларға, арасында көкшалғынды ашық алаңқайлармен. Солитер ағаштармен, қоршаулармен біртебірте орын ауыстырды 19 ғасырдың аяғында өнеркәсіптік өндірістің күрт өсуіне байланысты адамдардың табиғаттан алыстауы байқалды. Осыған орай әркім өзінің үйінің маңайын абаттандыруға тырысты жасанды тоған, талар, аллеялар мен гүлзарлар жасады. Қаланың аздаған саябақтары қалалықтардың табиғатпен қарым қатынасын қамтамасыз ете алмады. Нәтижесінде аллеялармен бульварлар пайда болды. Біртіндеп дәстүрлі бақ- саябақ өнері ландшафтық дизайн түсінігіне айналды. Сонымен ландшафтық дизайн – белгілі бір аумақта өсімдіктер, тастар, су және кіші архитектуралық формалар атмосферасымен табиғи және антропогенді пейзаж құру.
Достарыңызбен бөлісу: |