Байланысты: 1. Ландшафттану п ніні ылым ретінде алыптасуы ж не оны бас а (1)
15.Ландшафттану пәнінің басқа ғылымдармен байланысы. Жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әр түрлі территориялық табиғат кешендерінің ерекшеліктерін, олардың құрамын, байланысын, бір-біріне тигізер әсерін, құрамдас бөліктерінің өзара орналасу заңдылықтарын ландшафттану ғылымы зерттейді.
Неміс тілінен аударғанда ландшафт – жердің сыртқы көрінісі деген мағына береді. Ландшафт дегеніміз өзін өзі реттеу арқылы тірі және тірі емес материалдардың қарым қатынаста болатын жүйе. Ландшафт география ғылымының бір саласы болып табылады. Осы ғылымның қалыптасуына алғашқылардың бірі болып орыс ғалымы Василий Васильевич Докучаев айтарлықтай үлес қосты. Ол аймақтарды табиғат жағдайларын зерттеуге кешенді принцип қолданды, яғни табиғи процестерді меңгеру үшін табиғаттың жеке бөлігін емес тұтас бір бөлігін тани білу керек деп көрсетті. Докучаев табиғаттың геогендік және биогендік құрамдас бөліктерінің арақатынасы мен өзара әрекеттесу заңдылықтарын ашатын ғылымның керектігін ұғынды және табиғат зоналары туралы 1898–1900 жылдары жазған көптеген мақалалары осы ғылымға негіз қалады деп айтуға болады. «Ландшафт» ұғымына неміс ғалымы Л.С.Берг кең мағына береді. Ол географиялық кешендердің белгілі бір аймақта қайталана беретін типтерін де (батпақ, құмды жер, шыршалы орман, т.б.) немесе нақты бір аймақпен шектелетін аймақтарын да (Сарыарқа, Бетпақдала, т.б.) ландшафт деп ұқты. Сөйтіп ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ландшафтыны типологиялық және аймақтық мағынада ұғыну география ғылымына берік енді. Ландшафт компоненттері территорияның біркелкілігі арқылы және бір бірімен байланысты антропогендік әрекеттер арқылы пайда болды. Бір құрамдас бөліктің өзгерісі екіншісінің, бір кешеннің өзгерісі басқанын өзгеріске ұшырауына әкеп соқтырады. Мысалы, өз елімізде болып жатқан экологиялық мәселелерге тоқтала кетейік. Солардың бірі Арал проблемасы. Оның негізгі себебі табиғаттағы тепе теңдіктің бұзылуы, Арал теңізін сақтап тұрған Сырдария өзеңінен келетін судын азаюы. Соның нәтижесінде тепе теңдік бұзылды. Оның негізгі себебі жоғары жақта 3 мемлекеттің территориясында 6 су қоймасы салынған. Сол жерде таудан еріп аққан судын барлығын ұстап қалып, тек жазда егіншілікке (күріш пен мақтаға) беріледі. Ертеректе Аралға берілетін су қаралмаған. Соның нәтижесінде 80-ші жылдардан бастап біздің аймақта экологиялық проблемалар пайда болды. Арал теңізінде су азайып, құрғаған табаңынан тұздар ұшып, жер бетіндегі ландшафтыны бүлдіре бастады.