1. Ландшафттану пәнінің ғылым ретінде қалыптасуы және оның басқа ғылым салаларымен байланысы


Жазықтықтағы ландшафттарды, пейзажды эстетикалық ұйымдастыру әдістері



бет8/33
Дата24.04.2023
өлшемі72,41 Kb.
#86205
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33
Байланысты:
1. Ландшафттану п ніні ылым ретінде алыптасуы ж не оны бас а (1)

14. Жазықтықтағы ландшафттарды, пейзажды эстетикалық ұйымдастыру әдістері. Ландшафт - географиялық тыстың аумақтық бөлінуінің негізгі санаты. Қазақстан Республикасы солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуінде орналасқан. Мұнда жылу режимі әр маусымда әр түрлі, сондықтан геоморфологиялық процесстердің, климат жағдайының, қар-жамылғысының, өзендердің гидрологиялық режимдерінің маусымдылығы айқын байқалады. Климаттың қалыптасуына қыста арктиқалық және полярлық, жазда полярлық және тропиктік ауа массасы әсер етеді. Климатына байланысты табиғат жағдайлары - әр түрлі болып келеді де, табиғаттық ерекше құбылыстары мен процестерінің әсерінен ландшафтысы жиі-жиі өзгеріп тұрады. Республика территориясының орасан үлкеңдігіне, орографиясының ерекшелігінен тым континентті болуына, әртекті жазықтар (мүсіндік, аккумуляциялық, денудациялық) сонымен әр түрлі биіктіктегі таудың (аласа, биіктігі орташа және аса биік) кең аймақты қамтуына, Сібірдің суық қысы, Орта Азияның ыстық жазымен ұштасып жатуына байланысты Қазақстанның ландшафтысы бірнеше типті болып келеді. Жалпы олар қоңыржай белдеудің жазықты және таулы аймақтық топтарына жатады. Жазық аймақтардағы ландшафтысы зоналы, таулы аймақтардағы ландшафтысы азоналы. Биіктік белдеу рет бойынша жүйеленеді.
2 Ландшафттық дифференциация. Ландшафттық дифференциацияға зоналық және секторлық жылу, ылғалданудың өзгеруінен кейінгі негізгі фактор болып - құрлықтың теңіз деңгейінен қаншалықты биікте жатқаны кіреді. Осы фактордың әсерінен ландшафттық сфера сатылы құрылымға ие болады: әртүрлі биіктік белдеулерде өзіне сәйкес ландшафттар класы қалыптасады. Жазық территориядағы қалыптасқан ландшафттардан-ақ абсолюттік биіктіктің алғашқы 100 м-ге дейінгі ауытқуларынан гипсометрлік орынның әсерін байқауға болады. Белгілі бір биіктік шегіне дейін рельефтің өсуі ландшафттардың сол зонаға сәйкес қасиеттерін жоймайды. Осы шектен жоғарылағанда ландшафттарда көршілес солтүстікте (солтүстік жарты шар үшін) жатқан ландшафтар қасиеті басым болады да, биіктік өскен сайын басқа ландшафттық белдеуге ауысады. Бұл заңдылықты биіктік белдеулігі деп атайды. Биіктік белдеулік шартты түрде зоналық ендіктің аналогы ретінде қаралады. Жергілікті дифференциация белгілі бір зоналық және азоналдық жағдайда ортаның жергілікті процестерін өрістете алу негізінде қалыптасады. Сондықтан бір түрлі орынның ландшафттық-географиялық нәтижесі сыртқы зоналық және азоналдық ортаға байланысты. Экспозициясы бірдей беткейлерге құламалығы бірдей болғанда да, ендікке байланысты күн радиациясы бірдей түспейді; біртекті орынның вылғалдылығы “фондық” жауын-шашын мөлшері мен “фондық” субстратқа байланысты. Қорытындылайтын болсақ, Қазақстан жерінің 90%-ін жазық алып жатыр. Олар оңтүстіктен солтүстікке 1603 км-ге, батыстан шығысқа 3000 км-ге созылған. Геологиялық, геоморфологиялық, радиациялық, атмосфералық; циркуляциялық факторлардың зоналық айырма жасап әрекет етуіне қарай: орманды дала, дала, шөлейт, шөл зонасы ландшафтысының территориялық бөлшектенуіне себепші болған. Сонымен ландшафттың дамуына әсер ететін процестердің төменгі шегі бір-біріне сәйкес келмесе де жақын. Ландшафттардың төменгі шекарасын анықтайтын көлемді, мөлшерді ондаған метр деп ландшафтты гипергенез зонасына жатқызуға болады. Фациялар мен ландшафттардың төменгі шекарасы үшін, негізінде, ерекше бір критерийді іздеудің керегі жоқ, өйткені олар жоғарыда көрсеткен шекке сәйкестенеді. Дегенмен литосферада ландшафт шекаралары айқын болмайды. Үгілу және топырақ түзілу процестерімен өзгермеген тау жыныстары ландшафттың фундаменті болып есептеледі де біртіндеп зат айналымына қатысады. Ландшафттардың пайда болуын, оның құрылымы мен дамуын қарастыра отырып біз оның фундаментінен дерексіздендіре алмаймыз. Сондықтан жыныстардың жоғарғы литосфераның түйісу қабатын құрайтын бөлігін ландшафттардың сыртқы бөлігі деп қарастырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет