1. Ландшафттану пәнінің ғылым ретінде қалыптасуы және оның басқа ғылым салаларымен байланысы



бет7/33
Дата24.04.2023
өлшемі72,41 Kb.
#86205
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33
Аласа таулар ландшафттары .Биіктігі 1000 м-ге дейінгі таулар аласа болып есептеледі. Оларға Ұлытау, Мұғалжар, Шыңғыстау, Қаратау, Солтүстік Тянь-Шаньның аласа таулары, Маңғыстау, Шу-Іле таулары, Қарқаралы, Баянтау жатады. 
10°С-тан жоғары оң мәнді температуралардың жылдық қосындысы 2000°С мөлшерінде, жылдық орташа жауын-шашын – 500-600 мм шамасында. Ландшафттарының сипатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Олар қызғылт қоңыр және кәдімгі қара топырақта астық тұқымдастар өскен акумулятивтік-бөктерлік таулар ландшафттары, сұр топырақтарында көктерек, қайың, қарағай өскен граниттен және басқа магмалық жыныстардан құралған ұсақ шоқылы ландшафттар, саздақты, шөлейтті сұр топырақта жусан, бетеге, боз өскен аласа таулар ландшафттары, эрозияға көп ұшыраған, топырақ-өсімдік жамылғысы өте құрғақ климаттық жағдайда нашар қалыптасқан денудациялық ұсақ шоқылар мен төбелер ландшафттары. Кейде сұр қоңыр топырақтарында жусан, сораң, астық тұқымдас өсімдіктер өскен шөлді адырлар кездеседі. 
Орта биіктікті таулар ландшафттары. Биіктігі орташа тауларға Батыс және Солтүстік Тянь-Шанның, Жоңғар алатауының, Сауыр-Тарбағатайдың, Алтайдың биіктігі 3000 м-ге дейінгі тау жүйелері жатады.
Орташа биіктікті тау ландшафттарының қалыптасуына әртүрлі климаттық факторлар әсер етеді. Оларға ауаның таулы-жазықтық циркуляциясы, ауаның тау беткейлерімен көтерілуі, орын алмасуы жатады. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері – 550-800 мм, Алтайдың орта биіктігі тауларында 1000-1500 мм-ге дейін жетеді. Ауаның жылдық орташа температурасы 5-10°С шамасында. Суық кезең 3-6 ай аралығында. 10°С-тан жоғары оң мәнді температуралардың жылдық қосындысы 1000-2000°С-тай. Орта биіктігі тауларда жаз маусымның екінші жартысынан басталады. Ландшафттарының құрылымында экспозициялық және биіктік белдеулік айырмашылықтар айқын байқалады.
Биік таулар ландшафттары. Биік таулы ландшафттық зона 2200-2700 м биіктіктерден басталады. Ландшафттың қалыптасуына атмосфераның жоғарғы биіктіктеріндегі циркуля­циясы себепші болады. Климаты өте салқын, жылдық орташа температура 0-5°С, 10°С-тан жоғарғы жылдық температура қосындысы 1000°С-тан төмен. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 500-700 мм-ге дейін. Жауын-шашын негізінен қар түрінде түседі. Түнгі төменгі температура, қысқа вегетациялық кезең, күшті желдер ландшафт биоқұрылымдарының дамуына қолайсыз әсер етеді. Сауыр, Тарбағатай, Алтай тауларындағы биік таулық ярус тек гляциальдық-нивальдық белдем түріне келеді. Тянь-Шань мен Жетісу Алатауында ландшафттың шалғындық-далалық және гляциальдық-нивальдық белдемдері анық байқалады. Теріскей экспозиция беткейлерінің биіктігі Алтай тауларында 2800 м, Сауыр мен Тарбағатайда 3100 м, Жетісу Алатауында 3300 м, Тянь-Шаньда 360 м. Биік таулардағы климаттық жағдай өте қатал, ландшафттары аңғарлық, қазан­шұңқырлық және беткейлік мұздықтардан, биік таулар беткейлеріндегі фирналаңдары мен аспалы қарлық мұздықтардан, көшкінді-қорымдық және мореналық типтерден тұрады.
Қазақстан тауларындағы биік ландшафттық құрылымының бірнеше типтері бар. Олар: Батыс Алтай биік таулы ландшафттық типі, Сауыр-Тарбағатай типі, Жоңғар Алатауы типі, Солтүстік Тянь-Шань типі және Батыс Тянь-Шань типі. 
Батыс Алтай биік таулары Сібірлік ландшафт тұрпатымен сипатталады. Бұл биік таулы ландшафт типі басқаларынан жауын-шашынның мол түсуімен ерекшеленеді. Ол орман белдеуінің кең таралуына әсерін тигізеді. Мұнда 800 м-ден 1700 м-ге дейінгі тау беткейлерінде Сібір қара самырсыны мен қайыңды-шыршалы орман өседі. Бұдан жоғары 2300 м, кейде 2600 м-ге дейінгі биіктікте самырсын, балқарағай орман балдеуі таралған. Одан биікте нивальды-гляциальды белдеу басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет